Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сын. .т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ 3.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать
  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Билер соты және оның қазақ қоғамы өміріндегі орны.

  2. Жазалаудың түрлері

  3. Патша үкіметінің билер сотының өкілеттігін шектеуі

Сабақ түсіндірмес бұрын оқушылардан төмендегі терминдердің мағынасы туралы сұрап алу:

  • сот

  • алқа билер соты

  • ант

  • заң

  • үкім

Сабақ тақырыбы өте қызықты және оқиғаларға толы, ол сабақты оқытуға шығармашылқпен қарауды талап етеді. Бұл жерде оқулықтағы және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы деректер бойынша өзара сұрақ-жауап түрінде жарыс ұйымдастыруға болады.

Құжаттар:

  1. «Қазақ билері мен билер соты туралы»

  2. «И.Крафт. Қазақ билері туралы»

  3. «Ш.Уалиханов. Қазақстаң билер соты туралды»

1-топқа тапсырма:

- құжаттарды, оқулықтағы тақырыпты оқып, мына сұрақтарға жауап дайындаңдар.

- Қазақстарда кім би бола алады?

- Биде қандай қасиеттер болуы керек?

-Сотқа шақыру тәртібі қалай болады және куә ретінде кімдерді қатыстырды?

2-топқа тапсырма:

- Тақырыпты оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңдар.

-Сотта қандай мәселелер қолданылады?

- Неліктен патша үкіметі Қазақстандағы билер сотын алдымен шектеп, кейіннен мүлдем тыйым салады?

Жауаптарды тыңдағаннан кейін, қорытынды жасау.

Сабақты бекіту:

  1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының қорытындысын шығарғаннан кейін, осы жауаптар негізінде салыстырмалы толтыру:

XVIII ғ. қазақтардың дәстүрлі билер соты

Қазақстан Республикасындағы билер соты

Сотқа кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

Сот сайлау үрдісі қалай жүреді

Сот жүйесінің

құрылымы

Сотта қандай мәселелер қаралады

Сот билігінің рөлі мен маңызы

  1. Сенің ойыңша бил

  2. ер сотының басты артықшылығы неде?

  3. Билер неліктен өз беделін жоғары ұстады?

  4. Билерді ресми сайлау мен тағайындаудың қандай қаупі болды?

Үйге тапсырма:

  1. Билердің шығу тегі мен қалыптасуы жөнінде әңгіме құраңдар.

  2. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, белгілі қазақ билерінің қызметі, тапқырлығы, шешендік сөздер жөнінде әңгімелеңдер.

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстанның ХҮІІІ ғасырлардағы әлеуметтікэкономикалық және саяси дамуы атты І білім материалдарын қайталай отырып, оқушылардың І,ІІ тоқсандағы алған білімдерін пысықтау, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау

Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап

Көрнекілігі: карта, сызбалар, кесте, суреттер

Сабақтың барысы:

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау «Хабар»

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Билер соты және оның қазақ қоғамы өміріндегі орны.

  • Жазалаудың түрлері

  • Патша үкіметінің билер сотының өкілеттігін шектеуі

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы

  2. ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

  3. Жоңғар шапқыншылығы

  4. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі

  5. ХҮІІІ ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары

  6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы

  7. Қазақ қалмақ қатынастары

  8. Абылай ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығы

  9. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы

  10. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттыққозғалыс

  11. ХҮІІІ ғасырдаңы сауданың дамуы

  12. Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті

  13. Дәстүрлі билер соты.

Сабақты бекіту:

  • Бетпе-бет

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Үй тапсырмасы: Қайталау

І тоқсан қорытындылары бойынша тест жұмысы

8 сынып

1 нұсқа

1. Алғашқы құралдарды адам неден жасады?

A) Қыштан.

B) Тастан.

C) Темірден.

D) Ағаштан.

E) Қоладан.

2. Андроновтықтардың егіншілігі қалай аталды?

A) Маусымдық егіншілік.

B) Суармалы егіншілік.

C) Теселі егіншілік.

D) Отырықшы егіншілік.

E) Жыртпалы егіншілік.

3. Yйсіндердің негізгі шаруашылығы:

A) Аң аулау.

B) Балық шаруашылығы.

C) Егін шаруашылығы.

D) Көшпелі мал шаруашылығы.

E) Құс шаруашылығы.

4. Ежелгі және орта ғасырлардағы континентаралық қатынас жолы:

A) Ұлы Жібек жолы.

B) Варягтан Грецияға дейінгі жол.

C) Дала жолы.

D) Лазуриттік жол.

E) Нефриттік жол.

5. Горхан – бұл …

A) Меркіттердің басшысы.

B) Оғыз басшысы.

C) Керейлердің басшысы.

D) Наймандардың басшысы.

E) Қарақытайлардың басшысы.

6. ХІ ғ. әлеуметтік топтардың қоғамдық санасы мен саяси тұжырымдары көрініс тапқан еңбек:

A) Мұхаммед Хайдардың “Тарихи Рашиди”.

B) Қадырғали Жалайридің “Жәмиғат-тауарихы”.

C) Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрікі”.

D) Баласағұнның “Құтты білігі”.

E) Йассауидің “Диуани хикметі”.

7. Қайыр хан әскерімен Отырар қаласын неше ай қорғаған?

A) 5-6 ай.

B) 4 ай.

C) 10 ай.

D) 12 ай.

E) 8 ай.

8. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте қалай деп аталған?

A) «Қашқария ұлысы».

B) «Қыпшақ ұлысы».

C) «Қарахан ұлысы».

D) «Қалмақ ұлысы».

E) «Қазақ ұлысы».

9. XIV ғасырдағы Ақ Орданың астанасы:

A) Сығанақ.

B) Созақ.

C) Сауран.

D) Яссы.

E) Отырар.

10. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға бара жатып қай қалада қайтыс болды?

A) Сығанақ.

B) Отырар.

C) Сайрам.

D) Тараз.

E) Баласағұн.

11. Қазақ хандығының құрылуы қай сұлтандар есімімен байланысты?

A) Іренші мен Бұрұндық.

B) Әбілқайыр мен Махмұд.

C) Қасым мен Ақназар.

D) Абылай мен Уәли.

E) Жәнібек пен Керей.

12. 1712 ж. қазақ жасақтары қайда басып кірді?

A) Моңғолияға.

B) Қытайға.

C) Жоңғарияға.

D) Ресейге.

E) Қоқанға

13. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» басталған жыл:

А) 1724 жылы

В) 1723 жылы

С) 1725 жылы

Д) 1718 жылы

Е) 1720 жылы

14. 1726 жылы қазақ әскері жоңғарларға ойсырата соққы берген жер:

A) Ташкент маңында.

B) Аягөз өзені жағасында.

C) Бұланты өзені жағасында.

D) Талас өзені жағасында.

E) Түркістан маңында.

15. Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісімін жүргізген елшілер:

А) Қ. Көбекұлы, Бәйбек төленгіт

В) Қ. Қоштайұлы, Қ. Көбекұлы

С) С. Қойдағұлұлы, Қ. Қоштайұлы

Д) С. Қойдағұлұлы, Қ. Көбекұлы

Е) Бәйбек төленгіт, Қ. Қоштайұлы

16. 1799 ж 21 қарашада шыққан жарлық бойынша Орта жүз қазақтарының Ертістің оң жағасына қайтадан қоныс аударуына рұқсат еткен император:

A) I Павел.

B) III Петр.

C) I Александр.

D) II Александр.

E) I Николай.

17. 1847 жылы Жетісуда салынған бекініс:

A) Іле бекінісі

B) Жәміш бекінісі

C) Қапал бекінісі

D) Верный бекінісі

E) Жаркент бекінісі

18. 1711 – 1781 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ханы:

A) Абылай.

B) Әбілхайыр.

C) Арыстанбек.

D) Бейбарыс.

E) Жолбарыс

19. Әбілхайыр хан басқарған Кіші жүз хандығы Ресей патшалығының қол астына қарау жөнінде ант қабылдаған жыл:

A) 1801 ж.

B) 1700 ж.

C) 1731 ж.

D) 1831 ж.

E) 1800 ж.

20. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды?

A) 10 жылға.

B) 8 жылға.

C) 4 жылға.

D) 14 жылға.

E) 1 жылға.

21. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейлінше әсер еткен дарынды ақын-жырау.

A) Тәтіқара.

B) Үмбетей.

C) Доспамбет жырау.

D) Асанқайғы.

E) Бұқар жырау.

22. Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін қай қазақ жауынгеріне көгілдір ленталы медаль берілді?

A) Қарынбай Зындағұлұлы.

B) Әмен Байбатырұлы.

C) Сүлеймен батыр.

D) Ықсан Әубәкірұлы.

E) Нарынбай Жанжігітұлы.

23. 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға қарсы соққы беру мәселесін талқылаған жер:

А) Қарақұм

В) Ұлытау

С) Ордабасы

Д) Сарыарқа

Е) Түркістан

24. 1822ж. «Сібір қырғыздары Жарғысының» авторы:

А) Перовский

В) Игельстром

С) Эссен

Д) Батеньков

Е) Сперанский

25 . Қазақстан Республикасы туының авторы:

A) Х. Наурызбаев.

B) Ш. Ниязбеков.

C) Ж. Мәмбетов.

D) Ш. Уалиханов.

E) Қ. Әлімбаев.

8 сынып

2 нұсқа

1. Ботай тұрағынан табылған деректерге қарағанда Қазақстанның далалық аудандарында жылқыны қолға үйрету ісі:

A) Кейінгі палеолитте басталды.

B) Ерте темір дәуірінде басталған.

C) Қола дәуірінде басталды.

D) Мезолитте басталды.

E) Неолитте басталған

2. I Дарий әскерін шөл далаға апарып қырған сақ малшысы:

A) Спаргапис.

B) Бахтиар.

C) Рустем.

D) Шарыш.

E) Ширақ.

3. Сақтардың шаруашылығында малдың қай түрі аз өсірілді?

A) Ірі қара.

B) Ешкі.

C) Қой.

D) Түйе.

E) Жылқы.

4. Орда Ежен хандығын үйсін руынан шыққан қандай би арқылы басқарған?

A) Майқы би.

B) Төле би.

C) Айтық би.

D) Қазыбек би.

E) Әйтеке би.

5. “Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті

А) 542 ж.

В) 545 ж.

С) 546 ж.

D) 547 ж.

Е) 548 ж.

6. Бумын елді қай кезеңде басқарды.

А) Монғол

В) Түрік

С) Қазақ

D) Батыс түрік

Е) Қарлұқ

7. Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған

А) Сұлу

В) Құтшар

С) Күлишор

D) Жыпыр

Е) Үшілік

8. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері:

А) «Күлтегін», «Тоныкөк»

В) «Ақиқат сыйы»

С) «Даналық кітабы»

D) «Жүсіп-Зылиқа»

Е) «Құт негізі-білік»

9. «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы:

A) Мұхтархан Хайдарабат.

B) Мұхтар Шаханов.

C) Мұхтар Құлмұхаммед.

D) Мұхаммед Хайдар Дулати.

E) Мұхаммед – Ханафия.

10. Монғол империясының негізін қалаған

А) Батый хан.

В) Жошы хан.

С) Шыңғыс хан.

D) Торы хан.

Е) Берке.

11. 1219 жылы Шағатай мен Үгедей қоршауға алған қала:

А) Иасы

В) Испиджаб

С) Сығанақ

D) Отырар

Е) Баласағұн

12. Алтын Орданың билеушісі, барлық қарулы күштерінің бас қолбасшысы:

A) Би.

B) Жырау.

C) Хан.

D) Хақан.

E) Батыр.

13. XV ғ. 20 ж. Әбілқайыр хандығы қандай жерлерді алып жатты?

A) Батыста Еділден, шығыста Жоңғар тауларына дейінгі.

B) Еділден Жайыққа дейінгі.

C) Батыста Жайықтан, шығыста Балқашқа дейінгі.

D) Батыста Еділден, шығыста Алакөлге дейінгі.

E) Амудариядан Сырдарияға дейінгі.

14. Қазақ хандығының құрылған уақыты:

A) Х ғ. 2 жартысы.

B) XVIII ғ.1 жартысы.

C) XV ғ.2 жартысы.

D) ХII ғ. 1 жартысы.

E) XIII ғ. 2 жартысы.

15. Қасым хан тұсында Қазақ хандығындағы адамдар саны шамамен:

A) 500 000

B) 800 000

C) 1 000 000

D) 3 000 000

E) 2 000 000

16. XVII ғ. аяғы мен XVIII ғ. басында Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда қай хан үлкен рөл атқарды?

А) Қасым хан

В) Хақназар хан

С) Тәуке хан

D) Қайып хан

Е) Абілқайыр хан

17. Жоңғардың қалын қолы қазақ жеріне басын кіріп, халықты қан қақсатты:

А) 1710-1715 жж.

В) 1715-1717 жж.

С) 1711-1717 жж.

D) 1715-1720 жж.

Е) 1718-1720жж.

18. Аңырақай шайқасы болды:

A) 1719-1720 жж.

B) 1723-1725 жж.

C) 1726-1727 жж.

D) 1729-1730 жж.

E) 1740-1741 жж.

19.Кіші жүзді Ресей құрамына қосу туралы грамотаға орыстың қай патшасы қол қойды?

А) I. Петр

В) Анна Иоановна

С) Елизавета

D) Екатерина

Е) І Алексей

20. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігін кім басқарып келді?

А) Т.Чебуков

В) В.Степанов

С) В.Татишев

D) А.Тевкелев

Е) Игельстром

21.Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына не түрткі болды?

А) Саяси мәселелер

В) Діни мәселелер

С) Жер мәселесі

D) Хандық биліктің жойылуы

Е) Бекіністердің салынуы

22.1783-1797 жж. Кіші жүз қазақтарының көтерілісін кім басқарды?

А) Кенесары Касымұлы

В) Сырым Датұлы

С) Е.Пугачев

D) И. Тайманұлы. М. Өтемісұлы

Е) Жанқожа батыр

23.1783-1797 жж. көтерілістің басты мақсаты не болды?

A) Хандық билікті жою

В) Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру С) С) Тәуелсіздікке жету

D) Саяси құқықтарға ие болу

Е) барон Игельстром реформалары

24. Сібір қазақтарының Жарғысы қабылданған жыл:

А) 1824ж.

В) 1822 ж.

С) 1820 ж.

D) 1821ж.

Е) 1823 жд

25. Қазақстан Республикасы халқының саны шамамен:

A) 20 млн.

B) 10 млн.

C) 50 млн.

D) 15 млн.

E) 30 млн.

.

Жауаптары:

І нұсқа

1-В

2-С

3-Д

4-А

5-С

6-С

7-А

8-В

9-А

10-А

11-Е

12-Д

13-В

14-С

15-С

16-С

17-А

18-А

19-С

20-Д

21-Е

22-А

23-А

24-Е

25-В

ІІ нұсқа

1-Е

2-Е

3-А

4-А

5-А

6-В

7-Е

8-А

9-Д

10-С

11-Д

12-С

13-Е

14-С

15-Е

16-С

17-С

18-В

19-В

20-Д

21-С

22-В

23-В

24-В

25-Д

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 15. Бөкей хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Бөкей ордасындағы 1836-1837 ж. көтеріліс алдындағы саяси және шаруашылық дамуға баға беру, ордада жүргізілген өзгерістерге Жәңгір ханның тікелей әсерін ашу;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, басты оқиғаны көре білуге, жеке тұлғаға баға беруге, оның істерін.е талдау жасауға баулу;

  • Өз халқына деген мақтаныш сезімін ояту, адамгершілік тәрбие.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: