Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
krg_otchet.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

11. Ветеринариялық және санитариялық паразитогия.

Мен тәжірибелік машықтанудан өту барысында ветеринариялық - санитариялық паразитология пәні бойынша Қарағанды қаласының «Шығыс» коммуналдық базарынан, «Горняк», «Алтын арба», «Арай» базарларынан, Қарағанды қаласындағы малдәрігерлік емханаларынан және Қарағанды облыстық зертханасынан өттім.

«Шығыс» коммуналдық базары және «Горняк», «Алтын арба», «Арай» базарларының ветеринариялық – санитариялық зертханаларының деректері бойынша бойынша 2016 жылғы тіркеу журналдарына сүйене отыра (мамандардың айтуы бойынша алдыңғы жылдарда да) трихинеллез, ірі қара цистицеркозы, доңыз цистицеркозы, балықтың описторхоз оқиғалары кездеспегенін анықтадым және базар зертханаларына келіп түсетін жануарлардың ішкі мүшелерінен қазіргі кезде бауыр мен өкпе мүшелерінде экинококкоз көп кездесетінің мүшелерді тексеру барысында көрдім. Базар зертханаларымен қатар, Абишеа А.О. мал сою пунктінде сою барысында бауыр мен өкпе мүшелерінен экинококкоз ошақтары кездескен жоқ. Жоғарыда аталған аурулар антропозоонозды, яғни адам денсаулығына да қауіпті болуына байланысты, оларды сойыс малдардың ұшасын зертханаларда зерттеу барысында лимфа түйіндерін қарау, мүшелерді тексеру тәсілдерін үйреніп, өзімда базарларда ұшаларды қабылдап, олардың лимфа түйіндері мен ішкі мүшелерін тексердім. Тексеру барысында экиникоккоздың бірен- саран орындары кездесті, оларды пышақ көмегімен алып тастап отырып, сатуға жібердім. Ал, аталған органдарда экиноккоз орындары 3-тен артық болғанда 10%-ды хлорлы әк ерітіндісімен автоклавтап, утилдеуге жіберуге акт толтырдым. Сонымен бірге зертханада трихенеллезге зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырдым. Ал, облыстық ветеринариялық зертханасының ихтиопаразитология бөліміне келіп түскен балықтарды описторхоз, анизакидоз, дипилидиоз және басқа да паразитарлық ауруларға тексердім. Ал, базарларда тек описторхозға тексеру жүргіздім. Балықтың паразитоздарын анықтауда келесі зерттеулерді үйреніп, өзімда зерттеу жұмыстарын жасадым:

- Сезімдік зерттеулер;

- Балаңқұрттарының кездесуіне байланысты дене бөліктерінен сынама алып, микроскопиялауды; Зертханаларда зерттеу барысында инвазия көздері кездеспеді. Зерттеу жұмыстарын әдебиет көзеріне сүйене отырып жүргіздім, зерттеу жұмыстарымды аяқтаған соң, барлық мәліметтерді жаза отырып, акт толтырыдым. Емханалар бойынша тәжірибеден өту барысында отодектоз, гельминтоздар, пироплазмоз, демодекоз оқиғалары кездесті, оларға ветеринариялық дәрігер дәрі тағайындап, жануарлар иелеріне санитарлық жағдайды сақтау керектігін ескертті.

Жалпы, ойымды түйіндей келе, мен тәжірибелік машықтану барысында ветеринариялық және санитарлық паразитология пәні бойынша өткен теориялық білімдерімді тәжірибе жүзінде жүзеге асырып, өзіме тәжірибе түрінде тәжірибе мен өзіме қажет деген көп мағлұматтарды алып, үйрендім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]