- •5B20200- ветеринарлық санитария мамандығының
- •5Курс студенті Қадыр Әлімханның Қарағанды облысы бойынша өндірістік машықтанудан өту барысындағы есебі.
- •1.Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
- •2.Құс, өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.
- •3.Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық – санитариялық бақылау.
- •5. Ветеринария менеджменті.
- •6.Ветеринариялық гигиена.
- •7. Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау.
- •8. Алғашқы ветеринариялық жәрдем.
- •9.Клиникалық және қолданбалы диагностика.
- •10.Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары.
- •11. Ветеринариялық және санитариялық паразитогия.
- •12. Жануарлар патологиясы.
- •Қорытындылар мен ұсыныстар.
- •Тіркемелер
10.Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары.
Мен тәжірибелік машықтану барысында інеттану және жануарлардың аурулары пәні бойынша ҚР АШМ «Республикалық Ветеринарлық зертхананың» Қарағанды облыстық филиалынан, Қарағанды қаласының территориалдық инспекциясынан, Қарағанды қаласындағы малдәрігерлік емханаларынан және ветеринариялық станция мен «Қазақ ғылыми - зерттеу институтының», «Республикалық індетке қарсы отряды» Қарағанды облыстық филиалынан өттім. Тәжірибелік машықтануды республикалық індетке қарсы отрядының филиалында өту барысында, олардың жұмыстарымен таныстым. Бұл мекеменің негізгі жұмысы - облыс көлемінде шыққан аса қауіпті аурулардың ошақтарын жою, олардың таралуын болдырмау, дер кезінде алдын-алу шараларын ұйымдастыру болып табылады. Қарағанды облыс көлемінде ең жиі тіркелетін аурулар бруцеллезбен туберкулез. Сонымен қатар қарасан, лейкоз, пастереллез, құтырық ауруларыда кездеседі. Осы мекеменің жұмысы туралы мәліметтер тәжірибелік машықтану барысында толтырылған күнделікте көрсетілген. Қан алу алдында жануарларды арнайы ағашқа байлап, бекітіп, жануарлардың иелерінен паспортын сұрап, оларды тіркеп отырдық. Қанды алатын жерді, яғни күре тамырдың ⅔ бөлігін спиртпен өңдеп, Вакутаймер құралының көмегімен алдым. Одан соң сыртына нөмерілеп, опиське жануар иесінің аты-жөнін, ИНН нөмерін, жануар түрі, жынысы, түсі, жасы және басқа да мәліметтерді тіркеп , иесінің қолын қойғыздым. Паспортқа қан алу, туберулиндеу, сырға салу, басқа а жасаған жұмыстарымды күнделікте көрсеттім. Қарағанды қаласында орналасқан малдәрігерлік емханаларында әртүрлі жануарларды зерттеу,тексеру, диагноз қою, ем тағайындау, дәрілерді қалай қолдану жолдары мен тәсілдерін меңгердім. "Республикалық ветеринариялық зертхана" Қарағанды облыстық филиалының "ЖАД" зертханасында облыс аумағынан келіп түскен патологиялық материалды жарып – союдан кейін, оларға зерттеу жүргізіп, зертханалық жануарларға (бруцеллез, туберкулез, пастереллезге) биосынама қоюға қатыстым. Облыстық ветеринарлық зертханада бактериология, серология, вирусология бөлімдерінде көптеген инфекциялық ауруларды (лейкоз, құтырық, құс тұмауы, энцефалопатия, қой шешегі, трихомоноз, сальмонеллез, туберкулез, сібір жарасы, кампилобактериоз, пастереллез, листериоз, хламидиоз, бруцеллез ауруларына тексерумен айналысады, көбіне зертханаға бруцеллез, туберкулез, пастереллез, қарасанға тексеруге қан сарысулары мен патологиялық материалдар келеді. Осы ауруларды балау әдістерін меңгердім және қан сарысуларын қабылдап, бруцеллезге тексеруге көмектестім. Зерттеп болғаннан кейін материалдарды крематорийге тастап, үстіне ацетон құйып, арнайы маман жағып жібереді. ИФТ мен КБР, эритроциттерді бөліп алу туралы мәліметтер күнделікте көрсетілген. Бактериология бөлімінде себінділер жасап, зерттеу жұмысына қажетті қоректік орталарды дайындау барысын уйреніп, өзім ет-пептонды агар ортасын дайындадым.
Жалпы, ойымды түйіндей келгенде мен осы аталған пән бойынша тапсырмада көрсетілген барлық тапсырмаларды қамтып қарауға тырыстым және де тәжірибеден өту барысында жүргізілген жұмыстарға ынтамен араласып, білімімді жетілдірдім.
