- •5B20200- ветеринарлық санитария мамандығының
- •5Курс студенті Қадыр Әлімханның Қарағанды облысы бойынша өндірістік машықтанудан өту барысындағы есебі.
- •1.Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
- •2.Құс, өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.
- •3.Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық – санитариялық бақылау.
- •5. Ветеринария менеджменті.
- •6.Ветеринариялық гигиена.
- •7. Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау.
- •8. Алғашқы ветеринариялық жәрдем.
- •9.Клиникалық және қолданбалы диагностика.
- •10.Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары.
- •11. Ветеринариялық және санитариялық паразитогия.
- •12. Жануарлар патологиясы.
- •Қорытындылар мен ұсыныстар.
- •Тіркемелер
8. Алғашқы ветеринариялық жәрдем.
16.08.16 – 19.08.16 Алғашқы ветеринарлық көмек пәні бойынша оқу – тәжірибелік машықтану «Витавет» ветеринарлық клиникасында жүргізілді. «Витавет» ветеринарлық клиникасы Қарағанды қаласы, Гапеева көшесі 1а мекен-жайы бойынша орналасқан. Машықтанудың бірінші күні бізді «Витавет» ветеринарлық клиникасының қызметкерлерімен таныстырды. Негізінен бұл клиникада иттер мен мысықтарды қабылдайды, кейде қояндарды да қабылдайды. Жұмыстарының негізгі бағыты туралы және ұстанымдарымен таныстырды. Дәрігерлер мен ассистенттермен бірге біз жануарларға клиникалық қарау жүргіздік, және де дәрігерлердің жұмыс барысын бақыладық, оларға: УЗИ, ЭКГ, косметикалық және оперативтік хирургия, физиотерапия.
Бұдан басқа, клиникаға кірер алдында зоодүкена орналасқан. Зоодүкенде жануарларға арналған кең ассортиментте тауарлар бар. Содан соң бізді жаңа науқас жануарларды электронды тіркеу жұмысымен таныстырды. «Витавет» –жануарларға кең ауқымды қызмет көрсететін қаламыздың алдыңғы қатарындағы ветеринарлық клиникасы болып табылады. Ветеринарлық дәрігерлер үнемі әр түрлі семинарларға қатысып, Ресей, Франция, АҚШ сияқты елдердегі алдыңғы қатардағы дәрігерлерден білім алған. Кинология және фелинология секциялары бар.
«Витавет» 2015 жылдың қараша айынан бастап жұмыс атқаруда.
Оқу-тәжірибелік машықтануының басқа кейінгі күндері, біз жануарларға тіркеуден кейінгі жалпы қарау мен анамнез жинауды үйрендік. Жалпы қарауға: габитусты анықтау, жануардың қоңдылығы, кілегейлі қабақтарды қарау, температурасын өлшеу жатады.
Етқоректі жануарларда кілегейлі қабықтары азық-қызғылт, бірақ қозу үстінде олардың түсі қызылт бола бастайды. Ауыз қуысының кілегейлі қабығы ашық-қызғылт, жиі қанық түске ие болады.
Кілегейлі қабығының анализі кезінде ауыз қуысының ерні, беті,тілі, қызыл иегі, таңдайы қараудан өтеді.
Иттердің және мысықтардың температурасын біз электронды термометрмен өлшедік. Қолданар алдында оны сәл сілкіп, маймен немемс вазелин ұшына жағып, сұқ саусақпен резервуарын ұстап қолданады. Температура өлшеу үшін ең қолайлы жер – тік ішек, ол жерге термометрді айналдыра енгізуге болады. Өлшеу уақыты – 8 – 10 мин.
Әр жануардан кейін үстелдерді дезинфекцияладық. Және жұмыс уақыты біткенде бөлмелердің барлығын толығымен дезинфекциялау жұмыстары атқарылды. Жануарлардың тіркеу журналымен таныстырды, осы клиниканың қолданатын препараттармен таныстырды.
Сонымен қатар, бұл ветеринарлық клиникасы әр түрлі жануарларға емдік қызметтер көрсетеді, лабораториялық диагностика, рентген, ультрадыбыс зерттеулері және физиотерапия жүргізеді.
Бұдан басқа, обаға қарсы, гепатитке, етқоректілердің парвовирусті энтеритке, дерматомикозға, құтырыққа және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жұмыстарын жасайды. Хирургиялық операциялар – зақымданған жерлерін емдеу, остеосинтез әдісімен әр түрлі сынықтарды емдеу, асқазан –ішек трактынан бөгде заттардан тазарту, оперативті пиометрит, жұмыртқалардың поликистозын, сүт бездерінің аденомасынан және де стерилизация, піштіру сияқты жұмыстарды атқарады. Сонымен қатар, косметикалық қызметтер – құлақ қалқанын, құлақты купирлеу,артық саусақтарды жою сияқты қызметтер жасалады. Тағы да мына жағдайларда көмек көрсетіледі: шаштарын қию, әр түрлі тұқымдағы жануарларды триммингілеу, мысықтардың тырнақтарын алу, тағы сол сияқты қызметтер. Және үйге шақыру қызметі бар. Бұл клиникада амуниция, витаминді-минералды азық қоспалары, тері паразаттеріне қарсы препараттар, биттерге және кенелерге қарсы препараттар, иттреді өсіру туралы әдебиеттер сатып алуға болады.
Малдың түрі, аты, ерекшелік белгілері, тұқымы |
Аурудың атауы, клиникалық белгілері |
Емі |
1жас 1 айлық лақап аты Абби деген ақ түсті мысық |
мысықтың кіші дәретке отыра алмайтыны және тамақ іше алмайтынын айтты.Мал дәрігері оргонолептикалық зерттеу жүргізіп және аускультация жүргізіп «іш кебу» диагнозын қойды. |
Содан попаверинің 0,2мм егпе жасады 5 минуттан кейін прозерин дәрісінен 0,04 мм салды.Әрі қарай таблетка түрінде витамин витам дәрісін берді,20 минуттан кейін хилакфортенің 2 тамшысын аузына тамызды және мысықтың ішінің кебуін кетіру үшін массаж жасады.
|
Митя деген 7 айлық мысық. |
Созылмалы панкриатит. |
Пропофол – 1мл Ксипозин – 0,30мл |
Мося атты 1 жастағы мысық |
Сүт безінің ісігі |
Максидин 2 тамшы күніне 3 реттен көзбен мұрынға 7 күн. |
Барбос деген ит |
Жалпы күйі нашар, кілегей қабаттары бозарған, тәбеті жоқ, көздің кілегей коньюктивасы қызыл, лимфа бездері кішкене үлкейген, жөтеледі, буаз, арық. |
Күніне 3-4 рет күріш ботқасын беру. Фанифосты тері астына 5мл-ден 1 апта бойы, күніне 5-6 рет. |
Барсик деген 1 жас 5 айлық ит |
Аяғында тістеудің нәтижесінде ашық механикалық жара пайда болған. |
Алдымен хирургиялық өңдеу жасаймыз, жара маңын бөгде заттардан тазалап, антибиотик ерітінділерімен (мыс:пенициллин мен стрептомицин 1:1 қатынасында) терең инфильтрация жасаймыз. Өңделген орынды бинтпен танып тастаймыз. |
Қорытынды.
16.08.16 – 19.08.16 күндер аралығындағы «Витавет» ветеринарлық клиникасында өткен машықтану кезінде мен ветеринарлық дәрігерлер қызметімен таныстым. Емдік қызметтердің тәртібімен таныстым. Инфузорлы ерітінді қоюды үйрендім, емдеу әдістерін үйрендім ( жануарларды клиникалық қарау, температурасын өлшеу, габитусты анықтау, қоңдылығын анықтау), және де мамандардың қызметтерін бақылап, барынша көмек беруге тырыстым (байламдарды салу,жіптерін алу, вакцинация, дәрілерді беру - per os, теріастына, тамырішілік, бұлшық етке және т.с.с). Ультрадыбысты диагностикалауға қатыстым.
Өзімнің теориялық білімімді ветеринарлық дәрігерлерден алған тәжірибелердің арқасында машықтану қабілетімді арттырдым. Оқу-тәжірибелік машықтану өткен күндер әр түрлі операцияларға, оқыс оқиғаларға, ауруларға толы болды.
