- •5B20200- ветеринарлық санитария мамандығының
- •5Курс студенті Қадыр Әлімханның Қарағанды облысы бойынша өндірістік машықтанудан өту барысындағы есебі.
- •1.Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
- •2.Құс, өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.
- •3.Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық – санитариялық бақылау.
- •5. Ветеринария менеджменті.
- •6.Ветеринариялық гигиена.
- •7. Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау.
- •8. Алғашқы ветеринариялық жәрдем.
- •9.Клиникалық және қолданбалы диагностика.
- •10.Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары.
- •11. Ветеринариялық және санитариялық паразитогия.
- •12. Жануарлар патологиясы.
- •Қорытындылар мен ұсыныстар.
- •Тіркемелер
12. Жануарлар патологиясы.
Мен тәжірилік машықтану барысында жануарлар патологиясы пәні бойынша Қарағанды қаласында орналасқан малдәрігерілік емханаларынында, Қарағанды облыстық зертханасында бактериология бөлімінде
Жануарлар патологиясы жасушалардың, ұлпалардың, жүйелердің және тұтастай организмнің қызметіндегі физиологиялық ауытқудың жалпы заңдылықтарын, аурудың пайда болуын, дамуын қарастыра отырып, оларды жануарларда клиникалық байкау жүргізу, сау жануарларда патологиялық процесстерді модельдеу арқылы және алынған көрсеткіштерін физиологиялық, биохимиялық, морфологиялық (зерттеулерді жүргізу) тәсілдерді қолданып, жалпы зерттеулер жүргізіледі.
Патологиялық үрдістердің даму заңдылықтарын білмей, әртүрлі мүшелердегі клиникалық белгілерді түсіну өте қиын.
Жануарлар патологиясы жаңа эксперименталдық тәсiлдердi қолдану барысында, жалпы организмінде болатын өзгерiстердi және жүйелер қызметтерiнiң бұзылуын қарастырады. Патофизиологиялық үрдiстердiң даму заңдылықтарына көп көңiл бөлiп отырып, олар арқылы пайда болған зақымданулар мен бұзылыстар орын толтырылады және қалпына келедi. Патофизиологиялық эксперименттер арқылы қойылған тәжiрибе қойылған шарт бойынша, мал организмiндегi өзгерiстердi анықтайды.
Жасанды патологиялық үрдiстердi пайдалану барысында жануарларда аурудың пайда болуын, дамуының өтуiн және жазылу барысын, ауру малдың органдары мен жүйелерiндегi жалпы заңдылықтарын анықтауға болады. Бұл арқылы этиологиялық фактордың рөлiн, аурудың белгiлерiн, патогенезiн, өтуiн, емiн және алдын алуын бiлу мүмкiншiлiгi туады.
Қарағанды қаласындағы ветеринарлық станциясында тәжірибиелік машықтанудан өт барысында Қарағанды қаласынан 25 км қашықтықта орналасқан мал қорымында болып, мал өлекселерін утильдеу, өлексені көмуге арналған Беккерь шұңқырымен, криматориймен таныстым. Бұл мал қорымының басшысы Серікбай Ахметов, жер көлемі 6,5 га. Ол жерде 2 Беккари шұңқыры, криматорий және ДУК көлігі бар. Криматорий өлікті жоюға (жандыруға) арналған пеш.Бұл қондырғығы 1000 кг жануар өлекселері сыйады, 700-800С-қа днйін қыздыру арқылы жұмыс істейді. Зертханада жарып сойылған өлекселер крематорийге апарылып, үстінен ацетон құйылады да жағылып жіберіледі. Ал Беккари шұңқырының тереңдігі - 8м, ені – 3х3м, ал қақпағы 1,4 м құрайды. Шұңқырдың түбі бетондалған, қабырғалары кірпішпен қапталған. Сонымен қатар жер бедерінен биік, жоталы жерде орнатылған. Өлексені салған соң үстіне дезинфекциялық заттар құйып, жауып тастайды. Бұл Крематорий суреті мен Беккерь шұңқыры туралы мәліметтер мен суреттер тіркемедеғі көрсетілген.
Мал қорымында біз есікке қысылып қалып, салдануға ұшырап, өліп қалған 1 айлық мысық пен артқы аяға параличке ұшыраған итті шор әдісімен сою барысында, оны сойғаннан кейінгі басы мен ішкі мүшелерінде өзгерістрдің бар немесе жоқтығына назар аудардым.
Біз жарып – сойған жануарлардың мүшелерін залалсыздандырып, оларды крематорийда жағып жіберді және утилдеу туралы акт толтырылды. Одан соң барлық мәліметтер сараптау актісіне жазылды. Ал базарлардың зертханаларында зерттеу барысында жануарлар органдарының патологиялық өзгерістерге ұшырамауын бақыладық. Мясной – 45 ет павилонында зерттеу жүргізу барысында жауырын алды лимфа түйіні ісініп, аздап қан жиналған ірі қара мал ұшасын кездестірдік. Жануар ұшасының ішкі бөлігінде қанталаулар кездесті. Бас инспекторга хабар беріп, жою актісін толтырдық. Базарлардың зертханаларына келіп түскен ішкі мүшелері мен ұшаларын тексеру барысында тек бауыр мен өкпелерден эхинококкоз ошақтарын көп кездестірдік, ол мүшелер патологиялық өзгерістерге ұшыраған.
Жалпы, ойымды түйіндей келсем, мен тәжірибелік машықтану барысында жануарлар патологиясы пәні бойынша оқу орынында өткен теориялық білімдерімді тәжірибе жүзінде жүзеге асырып, одан әрі жетілдірдім. Қарағанды облысы бойынша тәжірибелік машықтаудан өту барысында берілген тапсырмаларды толық орындап, олар туралы мәліметтерді жинауға тырыстым.
