- •5B20200- ветеринарлық санитария мамандығының
- •5Курс студенті Қадыр Әлімханның Қарағанды облысы бойынша өндірістік машықтанудан өту барысындағы есебі.
- •1.Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
- •2.Құс, өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.
- •3.Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық – санитариялық бақылау.
- •5. Ветеринария менеджменті.
- •6.Ветеринариялық гигиена.
- •7. Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау.
- •8. Алғашқы ветеринариялық жәрдем.
- •9.Клиникалық және қолданбалы диагностика.
- •10.Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары.
- •11. Ветеринариялық және санитариялық паразитогия.
- •12. Жануарлар патологиясы.
- •Қорытындылар мен ұсыныстар.
- •Тіркемелер
7. Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау.
Мен кәсіби машықтану барысында фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау пәндері бойынша ҚР АШМ Республикалық ветеринариялық зертханасының Қарағанды облыстық филиалының " Азық- түлік қауіпсіздігі зертхана" бөлімінің химия- токсикология бөлімінде, Қарағанды қаласында орналасқан ветеринариялық емханаларынан және дәріханасынан өттім. Дәрілік заттарға қолдану барысымен таныстым және Витавет ветеринариялық емханасында тәжірибелік машықтанудан өту барысында емханаға келіп түскен жануарларға емдік және профилактикалық мақсатта қолдандым. Дәрілік препараттардың ерекшелігіне қарай әртүрлі енгізу жолдарын тәжірибе жүзінде көріп, әрқайсысын өзім енгізуге тырыстым. Дәрілік заттардың бір-бірімен үйлеспеушілігін, олардың сақталу ережелеріне назар аудардым.
Мысалы малдәрігерлік емханада дәрілерді сатып алу:
Дәрілерді сатып алуда
1) сапа сертификатының бар-жоқтығын тексереді;
2) МемСТ, ОСТ талаптарына сәйкестігін тексереді.
Дәрілік препараттарды бөлек бөлмеде, сақтау ережелерінің ерекшеліктерін ескере отырып сақтайды. Дәрілерді қолдану мерзімінен асырмауға тырысады. Сонымен қатар емханада дәрілердің жаңа түрлерінің шығуына байланысты ескі дәрілердің орынын жаңа дәрілермен ауыстырып отырады. Препараттарды енгізуіне қарай бұлшық ет ішіне, тері ішіне ектім, терінің сыртынан жақтым және құлаққа тамызу әдістерімен таныстым.
Сонымен қатар, базар зерханалары мен осы аталмыш зертхана бөлімдеріне келіп түсетін жануар, құс, сүт, балық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау жұмыстарын жүргізу мақсатында қолдану үшін химиялық реактивтерді дайындауды үйрендім. Стерилдеу, зертханаға және базар зертханаларына химиялық реактивтерді дайындау туралы мәліметтер күнделікте келтірілген. Республикалық ветеринариялық зертхананың «Азық - түлік қауіпсіздігі зертханасы» химия-токсикологиялық бөлімінде реактивтерді, химиялық құрал- жабдықтарды сақтауға арналған жеке бөлмелер бар. Онда барлық реактивтер темір шкафтарға салынған. Оларды күн сәулесі түспейтін, бөлме температурасы мен ылғалдылы реактивтерге сәйкес келетін бөлмелерде, ал кейбір реактивтерді тоңазытқыштарда сыртында осы реактивтер туралы мәліметтер жазылып, сақталады. Осы зертхананың «жануарлар ауруларының диагностика зертханасы» бөлімінде Қарағанды қаласы бойынша келіп түсетін патматериалдарды тексеріп, туберкулез, бруцеллез, пастереллези ауруларының зертханалық жануарларға ( ақ тышқан, теңіз шошқалары) әсерін анықтау мақсатында биосынама қойылып отырылады.
Ет комбинатында малды сояр алдында оның вакцинациялану мерзіміне, тиісті мерзімнің өтуіне көңіл аударады. Базарларда, шұжық - сүт өндіретін өнеркәсіп орындарындағы ветеринариялық – санитариялық сараптау зертханаларынға келіп түскен өнімдерді зерттеу барысында арнайы реакцияларды жүргізу мақсатында химиялық реактивтерді қолданады. Ветеринариялық станцияларда ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстарында қан алу, туберкулиндеу кезінде залалсыздану үшін спирт ерітіндісін қолдандым. Ал ет-сүт өнеркәсіпорындарында әр түрлі объектілерді (еден, қол, құрал - жабдықтар, понель, инвентарь т.с.с) залалсыздандыруға ерітінділер дайындау үлгісімен таныстым.
Сонымен қатар, Қарағанды қаласындағы Витавет ветеринариялық дәріханасында болып, осы мекеменің құрылымы, штаты, дәрілік препараттарды сатып алу, сақтау, сату ережелерімен, қызмет көрсету тәртібімен таныстым.Негізгі құжаттары – тіркеу журналы, ветеринарлық сертификаттар, техника қауіпсіздігі журналы. Құрылымы жағынан дәріхананың өзі екі бөлмеден - сату залы, препараттарды сақтауға арналған бөлмеден тұрады және жеке дербес ғимаратта препараттарды сақтауға арналған қосымша қойма бар. Жалпы үш тоңазытқыш бар. Оның біреуі препараттарды сақтауға арналған сату залына қосалқы бөлмеде орналасса, қалған екеуі қоймада. Тоңазытқыштарда антибиотиктер мен арнайы күтімді қажет ететін дәрілер сақталады. Температура режимі сақталатын препарат ерекшелігіне қарай қойылады Сату бөлімінде алты үлкен витриналық сөрелер бар, олар келесі тәртіп бойынша толтырылып қойылған:
1. Антибиотиктер
2. Антгельминтиктер
3. Витаминдер
4. Жараларды өңдеуге арналған май дәрілер, спрейлер, гельдер мен кремдер
5. Ветеринарлық инструменттер мен лабораторлық ыдыстар. Ветеринарлық инструменттер мен лабораторлық ыдыстардың сұранысы үлкен болмағанымен, қызмет көрсетуді толықтыру және тұтынушыға ыңғайлы болу үшін қойылған. Инструменттерден хирургиялық жинақ, инъекторлар, ІҚМ, ҰҚМ арналған қынап айнасы, тұяқты кесуге арналған қысқыштар, мүйізді күйдіруге арналған аппарат т.б. Лабораторлық ыдыстардан пробиркалар, өлшегіш стақандар, май өлшегіш, петри чашкалары т.с.с. Сонымен қоса, алғашқы жәрдем көрсетуге арналған барлық жабдықтармен жабдықталған малдәрігерлік сөмке, төменгі температураны қажет ететін препараттарды тасымалдауға арналған термочемодан, тотықұс торлары, иттің мұрындықтары мен шырмаулары сатылады. Сату залында сонымен қоса тұтынушыларға арналған ақпарат бұрышы да қарастырылған. Дәрі - дәрмектер шет елдерден, көбінесе Ресей мен Қытайдан, Омск елдерінен әкелінеді. Препараттарды сатып алуда сертификат және лицензиясына қарайды. Тапсырысты сұранысқа байланысты береді, мүмкіндігінше дәрілік заттар ассортиментін жаңа препараттармен толықтырып отыруға тырысады. Препараттарды өздері дайындамайды, тек қана дайын түрінде сатумен айналысады. Жалпы тәжірибклік машықтану барысында осы аталмыш пән бойынша өзіме көп тәжірибе жинап, білімімді толықтырдым.
