Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
krg_otchet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

9.Клиникалық және қолданбалы диагностика.

Клиникалық және қолданбалы диагностика пәні бойынша оқу – тәжірибелік машықтану «Витавет» ветеринарлық клиникасында жүргізілді. «Витавет» ветеринарлық клиникасы Қарағанды қаласы, Гапеева көшесі 1а мекен-жайы бойынша орналасқан. Машықтанудың бірінші күні бізді «Витавет» ветеринарлық клиникасының қызметкерлерімен таныстырды. Негізінен бұл клиникада иттер мен мысықтарды қабылдайды, кейде қояндарды да қабылдайды. Жұмыстарының негізгі бағыты туралы және ұстанымдарымен таныстырды. Дәрігерлер мен ассистенттермен бірге біз жануарларға клиникалық қарау жүргіздік, және де дәрігерлердің жұмыс барысын бақыладық, оларға: УЗИ, ЭКГ, косметикалық және оперативтік хирургия, физиотерапия.

Оқу-тәжірибелік машықтануының басқа кейінгі күндері, біз жануарларға тіркеуден кейінгі жалпы қарау мен анамнез жинауды үйрендік. Жалпы қарауға: габитусты анықтау, жануардың қоңдылығы, кілегейлі қабақтарды қарау, температурасын өлшеу жатады.

Габитусты анықтау дегені жануардың сыртқы көрінісін зерттеу барысында қарау: денесінің орналасуы, қоңдылығы, дене бітімі, конституциясы, темпераменті.

Дені сау жануарлардың өз қалыптағы тұрысы табиғи жатыңқы немесе табиғи орнында тұруы мүмкін. Кейбір ауруларда олардың тұрысы мәжбүр жатыңқы немесе мәжбүр тұруы да кездеседі. Мәжбүр жатыңқы түрі қоршаған ортаның өзгерісіне үйрене алмауы болуы мүмкін. Сонымен қатар мәжбүр жатыңқы түрі қызбаның кейбір түріне тән. Мысықтар немесе иттер қызба кезде бұрышта жатып, басын көтермей жатады.

Иттер мен мысықтардың қоңдылығын пальпация жолымен анықтады. Қысқа жүнді жануарларда қоңдылығын денесінің сыртқы бітіміне қарай анықтайды, ал ұзын жүнділерде – пальпация арқылы. Жануардың қоңдылығы жақсы болса домаланған пішінді болып келеді, ал қанағатсыз болған кезде – сүйектері шығыңқы келеді. Жақсы қоңдылық кезінде бұлшық еттері жақсы дамыған, ішкі майлары бар, әсіресе майлары құйрығында және тізе қатпарларында жақсы байқалады.

Теріні зерттегенде қарау және пальпация әдісін қолданды, жүнінің сыртқы көрінісіне қарайды, терінің ылғалдығына, иісіне, температурасына және серпімділігіне қарайды.

Пальпация арқылы терінің температурасын, оның ылғалдылығын және серпімділігін анықтады. Терінің температурасын анықтау үшін мұрнын және құйрығының ұшын пальпациялады және көкірек қуысының екі бүйірінің температурасымен салыстырды. Терінің ылғалдылығын алақанымен дененің әр бір бөлігін сипау арқылы анықтады. Эпидермистің қабыршақтануы және майлы бөлінділердің болмауы терінің құрғақтығын білдіреді. Егер тері ылғал болса онда алықын дымқылданып тұрады. Терінің серпімділігін анықтау үшін арқасындағы қыртыстарына көңіл бөлді. Яғни, теріні қолына алып созып, орнына келгенін бақылады.Дені сау жануарларда қыртыстар лезде орнына келіп түсті.

Иттер мен мысықтардың конъюктивасын зерттеді, ауыз және мұрын қуысының кілегейлі қабығын қарадық. Және оның түсіне, бүтіндігіне, қалдықтардың бар-жоқтығына, қан тамырларына байытылғанына және бөлінділеріне көңіл аудардық.

Етқоректі жануарларда кілегейлі қабықтары азық-қызғылт, бірақ қозу үстінде олардың түсі қызылт бола бастайды. Ауыз қуысының кілегейлі қабығы ашық-қызғылт, жиі қанық түске ие болады.

Кілегейлі қабығының анализі кезінде ауыз қуысының ерні, беті,тілі, қызыл иегі, таңдайы қараудан өтеді.

Иттердің және мысықтардың температурасын біз электронды термометрмен өлшедік. Қолданар алдында оны сәл сілкіп, маймен немемс вазелин ұшына жағып, сұқ саусақпен резервуарын ұстап қолданады. Температура өлшеу үшін ең қолайлы жер – тік ішек, ол жерге термометрді айналдыра енгізуге болады. Өлшеу уақыты – 8 – 10 мин.

Иттердің қалыптағы температурасы 37,5-39,0 °С аралығында болады, ал мысықтарды 38-39,5 °С. Күшіктерде, марғауындарда, мысықтарда ересегіне қарағанда жоғары болып келеді. Минимальды көрсеткіші түннің екінші жартысында, ал максималды көрсеткіші кешкі уақыттарда тіркеледі.

Әр жануардан кейін үстелдерді дезинфекцияладық. Және жұмыс уақыты біткенде бөлмелердің барлығын толығымен дезинфекциялау жұмыстары атқарылды. Жануарлардың тіркеу журналымен таныстырды, осы клиниканың қолданатын препараттармен таныстырды.

Сонымен қатар, бұл ветеринарлық клиникасы әр түрлі жануарларға емдік қызметтер көрсетеді, лабораториялық диагностика, рентген, ультрадыбыс зерттеулері және физиотерапия жүргізеді.

«Витавет» ветеринарлық клиникасында өткен машықтану кезінде мен ветеринарлық дәрігерлер қызметімен таныстым. Емдік қызметтердің тәртібімен таныстым. Инфузорлы ерітінді қоюды үйрендім, емдеу әдістерін үйрендім ( жануарларды клиникалық қарау, температурасын өлшеу, габитусты анықтау, қоңдылығын анықтау), және де мамандардың қызметтерін бақылап, барынша көмек беруге тырыстым (байламдарды салу,жіптерін алу, вакцинация, дәрілерді беру - per os, теріастына, тамырішілік, бұлшық етке және т.с.с). Ультрадыбысты диагностикалауға қатыстым.

Өзімнің теориялық білімімді ветеринарлық дәрігерлерден алған тәжірибелердің арқасында машықтану қабілетімді арттырдым. Оқу-тәжірибелік машықтану өткен күндер әр түрлі операцияларға, оқыс оқиғаларға, ауруларға толы болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]