Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
krg_otchet.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

6.Ветеринариялық гигиена.

Мен кәсіби машықтану барысында ветеринариялық гигиена пәні бойынша ҚР АШМ «Республикалық Ветеринарлық зертхананың» Қарағанды облыстық зертханасының РМҚК филиалынан, «Шығыс», коммуналдық «Арай», «Алтын арба», «Горняк» базарларынан, «Арай KZ» мал сою пунктінен, малдәрігерлік емханаларынан, «Республикалық індетке қарсы отряды» филиалынан өттім. Әр ғимаратқа келгенде ең бірінші ветеринарлық-гигиеналық жағдайымен таныстым:

- Территориясы;

- Ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы;

- Сумен қамтамассыз етілуін;

Барлық аталған мекемелерде сумен қамтамассыз етілуі орталықтандырылған

- Жарықтылығын;

Жарықтандыру ретінде терезе, күндізгі лампалар қолданылады.

- Желдетілуін;

Желдетілуі көбінде терезе арқылы, тек "Республикалық ветеринариялық зертхана" мен ондағы " Азық – түлік қауіпсіздігі" және " Жануарлар ауруларының диагностикасы " зертхана бөлімдерінде, " Арай KZ" мал сою пункті мен " Тұлпар", " Рақат", " шұжық өнеркәсіптері мен Нәтиже" сүт фабрикасында толығымен кондиционерлер қойылған. Сонымен қоса барлық жерде арнайы тартқыштар (вытяжкалар) қолданылады.

- Жылытылуымен;

Жылытылуы тек қысқы мерзімде жүргізіледі. Және де жылу беру де орталықтандырылған..

Әр мекеменің ғимаратын, құрал-жабдықтарды дезинфекциялау жүргізу жұмыстарын меңгердім. Негізінде барлық жерде әр түрлі жуғыш заттар, хлорлы әк және әр түрлі пайыздағы кальций гипохлоридтері қолданылады.

«Арай», « Горняк», « Алтын арба» базарларында және «Шығыс» коммуналдық базарында, "республикалық ветеринариялық зертхананың" "Азық түлік қауіпсіздігі" бөлімінде гигрометрлерге су құйып, күн сайын ауыстырып, бөлмелердің ылғалдылығын өлшеп отырдым. Базар зертханаларының едендері толығымен кафельденген немесе линолиум төселген, қабырғалары ақ бояумен ақталған, табиғи және жасанды жарық көздерімен қамтамасыз етілген, терезелері жоғары орналасқан және ашып жабуға ыңғайлы етіп салынған, желдету қондырғыларымен және су құбырларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар зертханалық зерттеу жұмыстарын жасауға арналған шағын ғана бөлмелері бар. Ол жердің де едендері кафельденіп, қабырғалары ақ түспен боялған, электрлік жүйесі, жылу жүйелері қамтамасыз етілген . Ол бөлмеде арнайы реакциялар қойылатын шкафтар және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған аппараттар бар. Қарағанды қаласы Үштөбе ауылдық округіне қарасты “Мереке” шаруа қожалығында болып, қоражайдың құрылысымен, гигиеналық – санитарлық жағдайларымен таныстым. Обектіде ірі қара малға және жылқыларға арналған бөлек қоралар бар, сонымен қатар осы жануарларға арналған қыстық және жаздық қоралар бар екен. Жаздық қоралар қыстық қоралардың алдында ашық алаң ретінде орналастырылған, төбелерінің барлығы ашық, жан жақтары темірден жасалған қоршаулармен қоршалған. Жабық қораларда табиғи желтету мақсатымен 0,5х05 көлеміндей етіліп қабырғаларының жоғарғы жақтарында терезелер салынған. Жылқы қорасында әр бір жылқыға арналған әжірелер бар, олардың барлығы дерлік арнайы шағын ғана науалармен қамтамасыз етілген. Қоражайдың температурасы 18 – 20С – қа жетеді. Су көздері – құбырлармен қамтамасыз етілген, яғни биофильтр орнатылған. Канализация – биотермиялық шұңқыр бар. Ол қора жайдан 4км қашықтықта орналасқан, тереңдігі 3 – 4м дер айтты. Жануарларға арналған жазғы және қысқы жайылымдары бар екен, бірақ бұл шаруашылықта бруцеллез ауруы шығуына байланысты карантин қойылып, карантин алынғанша жайылымға шығарылмайды. Мацион – серуендету мен азықтандыруға арналған арнайы алаңдары бар, ені - 0,5км, ұзындығы - 1,0км шамасында.

Шекара және көліктегі мем.вет.қадағалау бекетінде көлік заттарын дезинфекциялау тәртібі, категорияларымен таныстым.

Қазақ ғылыми – зерттеу институтының жұмыс барысымен танысу барысында, дезинфекция жұмыстарының жүргізілу әдістерімен толықтай танысып, беккер апанының қалай салыну керектігін, ғимараттардың қалай салыну керектігін арнайы осы институттан шыққан кітапшадан, жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін көріп,біліп, өзіме көп мағлұмат жинақтадым.

Жалпы, ойымды түйіндей келгенде мен аталған пән бойынша бағдарламада көрсетілген барлық мәселелерді қамтып, әр іске ынталана араласып, мекеме мамандарына көмектесіп, өзіме көп тәжірибе жинадым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]