- •5B20200- ветеринарлық санитария мамандығының
- •5Курс студенті Қадыр Әлімханның Қарағанды облысы бойынша өндірістік машықтанудан өту барысындағы есебі.
- •1.Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
- •2.Құс, өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.
- •3.Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық – санитариялық бақылау.
- •5. Ветеринария менеджменті.
- •6.Ветеринариялық гигиена.
- •7. Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау.
- •8. Алғашқы ветеринариялық жәрдем.
- •9.Клиникалық және қолданбалы диагностика.
- •10.Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары.
- •11. Ветеринариялық және санитариялық паразитогия.
- •12. Жануарлар патологиясы.
- •Қорытындылар мен ұсыныстар.
- •Тіркемелер
5. Ветеринария менеджменті.
Мен ветеринарлық менеджмент пәні бойынша өндірістік тәжірибиелік машықтануды Қарағанды қаласындағы "Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясында", "Республикалық ветеринарлық зертханасында", "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімінде", "Қарағанды қаласының ветеринарлық станциясында", "Республикалық эпизоотияға қарсы отрядында" және Қарағанды қаласының "Ұлттық ветеринарлық ғылыми зерттеу институтында" өттім. Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы ММ Штаты: Мекемеде жалпы 19 адам қызмет атқарады, олар: басшысы, басшының орынбасары, биологиялық қауіпсіздік бөлімінде 10 адам, ал тамақ өнімдері мен тасымалданатын обектілер бөлімінде 7 адам. Басшысы: Мұхтаров Марат Өндірұлы. Басшының орынбасары: Мерғазин Данияр Мерғазыұлы. Тамақ өнімдері мен тасымалданатын обектілер бөлімінің басшысы: Нагуметова Жанар Багдатовна. Биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы: Абишев Амангелді Мухамеджанович. Инспекция бөлімдері : 1.Биологиялық қауіпсіздік бөлімі , 2.Тамақ өнімдері және тасымалданатын обьектілердің қауіпсіздігі. 3.Бухгалтерлік есеп және аудит бөлімі,
"Қарағанды қаласының ветеринарлық станциясы" Штаты: Кәсіпорында жалпы 21 адам қызмет атқарады. Басшысы - Ақтаев Әділғазы Доскенұлы; Орынбасары - Қожақпанова Алия Төлеутайқызы; Бас маман - Омарбай Гауһар Серікболатқызы;
"Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" Штаты: Жалпы мекемеде 10 маман жұмыс атқарады, олар: басшысы, басшының орынбасары, биологиялық қауіпсіздік бөлімінде 4 маман және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінде 4 маман. Басшысы: Бекетбаев Ержан Мысырұлы, Орынбасары: Бибігүл Серікқызы, Биологиялық қауіпсіздік секторының меңгерушісі - Құршанбеков Марғұлан Серікұлы, Азық түлік секторының меңгерушісі - Қожахметов Серік Төреқұлұлы. Бөлімдері: -Биологиялық қауіпсіздік бөлімі; -Азық түлік өнімдерінің қауіпсіздігі; -Өсімдіктерді қорғау және карантин бөлімі.
"Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" Штаты: Жалпы штатта 14 маман қызмет жасайды. Басшысы - Көпбаев Рүстем Нурмуғамбетович; Орынбасары - Темірлан Қуанышұлы; Бас маман - Әсем Умуралиевна; Жетекші маман - Дүйсенбаев Саян Еркебайұлы; Қарағанды қаласының "Ұлттық ветеринарлық ғылыми зерттеу институты" Штаты: Жалпы мекемеде 5 адам қызмет атқарады. Басшысы - Дүйсенов Сайран Мырзахнұлы; Бас ғылыми қызметкер - Базарбаев Марат; Аға ғылыми қызметкер - Оразбеков Ералы Бакенович; Ғылыми қызметкер - Ақжүнісова Индира. Сонымен қатар бір санитарка бар. Мекеме негізі 8 ауру бойынша жұмыс атқарып, мониторинг жұмыстарымен айналысады. Олар: сібір жарасы, бруцеллез, лейкоз, аусыл, шмайлинберг, блютанг, эхинококкоз және құтырық аурулары.
"Республикалық ветеринарлық зертхана" Директоры -Бәйш Оразбай Айдарханұлы; Сынамаларды қабылдау және ақпарат бөлімінің меңгерушісі - Дю Игорь Иванович; Азық - түлік қауіпсіздігі бөліміінің меңгерушісі - Шуланова Нурила Сатыбалдина; Жануар ауруларының диагностикасы бөлімінің меңгерушісі - Тойбекова Забира Тойбекқызы. Осы пән бойынша оқу орынымда алған теориялық білімімді, тәжірибелік білімімен жетілдірдім.
