Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
krg_otchet.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

2.Құс, өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.

Мен тәжірибеден өту барысында құс, өсімдік, балық, ара шаруашылығы пәні бойынша Қарағанды облыстық Республикалық ветеринариялық зертханасының «Азық- түлік қауіпсіздігі» бөлімінде және «Шығыс» коммуналдық базарында, «Арай», «Горняк», «Алтын арба» базарларындағы ветеринариялық – санитариялық сараптау зертханасында тәжірибеден өттім.

Құс өнімі – жұмыртқаны базарлардағы ветеринариялық – санитариялық зертханаларында зерттедім. Жұмыртқа өнімдерін зертханаға қағаз корабымен әкелінеді. Жұмыртқаға өнімдерін зерттемес бұрын құжаттарын тексеріп, арнайы тіркеу журналына тіркедім. Одан соң оларға сезімдік және зертханалық зерттеулер жүргіздім. Зерттеу жұмыстарын арнайы аспап – овоскоптың көмегімен жүргіздім.

Балық өнімін зертхананың паразитарлық бөлімде және базарлардағы зертхана бөлімдерінде паразитарлық ауруларға зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ең алдымен өнімнің құжатын тексеріп, арнайы журналға тіркеп жаздым да, сезімдік зерттеу мен зертханалық зерттеу жүргіздім. Сезімдік зерттеу барысында

- өнімнің сыртқы түріне,

- түсіне,

- иісіне,

-желбезегі мен қабыршық жағдайына басқада белгілеріне қарап, тексердім. Ал, зерттеу жұмыстарын балықта кездесетін балаңқұрттардың кездесуіне байланысты дене бөліктерінен сынама алып, микроскопиялау арқылы жүргіздім. Балықты көбіне описторхозға ( арқа жота бұлшық етінен), көзін- диплостомоз, желбезегін – дактилогироз, гирдактелез, бауырын – дифиллоботриоз ауруларына тексеріп, сараптау актісін толтырдым.

Жалпы ойымды түйіндей келе, мен осы аталмыш пәні бойынща өз оқу орынымда алған теориялық білімімді, одан әрі тәжірибемен толықтырдым.

3.Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық – санитариялық бақылау.

Мен тәжірибелік машықтану барысында " Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық – санитариялық бақылау пәні бойынша Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласы ветеринариялық қадағалау бекетінің бас басқармасы мен әуе жайы бекетінде болдым. Қарағанды облысындағы ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы Мухтаров Марат Ондирович. Жалпы бөлім " Тамақ өнімдерін және тасымалданатын обьектілер қауіпсіздігі" деп аталады, осы бөлімде 7 адам жұмыс жасайды. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты – біздің елге және біздің елден шығатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету, сонымен бірге ешқандай ауру көздерін таратпау. Барлық жұмыстарды ветеринариялық заң бойынша жүргізіліп отырады, негізгі жұмыстары импорт, экспортқа рұқсат беру, есептік нөмір, 1, 2, 3, 4-ші формадағы ветеринариялық сертификат беру, сонымен қатар облысқа теміржол, автокөлік және әуе жайы бекетіне келіп түсетін шет елден және Қазақстан аумағында тасымалданатын өнімді тексеріп, бақылау және қадағалау. Мен бас басқармада тасымалдау барысында және ветеринария саласында қолданатын заңдар мен техникалық регламенттер мен қаулылармен таныстым және ветеринариялық сертификаттың әр түрлі формасын толтыруды және сертификатты алу үшін өтініш жазуды үйрендім. Ветеринариялық сертификатты беру туралы өтініш толтыру барысы мен олардың формалары және ветеринариялық заңдар, қаулылар, техникалық регламенттер барысы тіркемеде көрсетілген. Өтініш экспортқа шығарар алдында 3 күн бұрын жазылады да, өтінішті жазылған күні бөлім мамандарымен бірге қарастырып, ветеринариялық сертификат бердім. Мен бас басқарманың жұмысымен танысып, оларды толтыруды үйренумен қатар, "Қарағанды әуе жайы шекаралық бақылау бекеті" мекемесінде болып, олардың жұмыс барысымен таныстым. Бұл бекетке көбіне Америка, Исландия, Бразилия, Норвегия, Канада, Болгория, Беларусь, Ресей Федерациясы мен Қазақстан аумағындағы өнімдер келіп түседі. Келіп түсетін өнімдер мен оларды қабылдау мен шет елге шығару туралы барлық мағлұматтар күнделікте көрсетілген. Оның барысы күнделікте баяндалған. Ал теміржол арқылы келіп түсетін өнімдерді тексерілу барысының қалай жүргізілетінің Абакашов Ниязбек мырза түсіндіріп берді. Теміржол арқылы келетін жүк жайында станцияға бір күн бұрын хабарлады. Өнім келіп түскен күні Шекара бекетінің ветеринарлық дәрігері, фитосанитария және кеден қызметінің өкілдері, жүктің және темір жолдың өкілі бірі вагонды ашуға қатысады. Тексеру барысында ең алдымен, келіп түскен өнімнің ветеринариялық сертификатын тексереді. Құжатты тексеріп болған соң, көлікті ашып, олардың жағдайын қарайды. Тексеру барысында тасымалдау ережелері, ондағы өнімдердің орналасуы, автокөліктің температурасының өнімге сәйкес келуі, жалпы өнімнің сертификатқа сәйкестілігін тексереді. Вагонды ашқаннан кейін кезекші инспектор қарау актісін (акт досмотра), сынамаларды алу актісін сәйкесінше толтыра бастады. Лабораторияға жіберу үшін сынаманы әр түрлі үш жерден алды. Жоғарыда аталған өкілдер қоймаға жүкті толығымен түсіргенше куәлік етеді. Есікті зерттеу нәтижелері белгілі болғанша (1 күн немесе 24 сағат) сүргі соғып қояды (опечатывается). Одан кейін көліктегі өнімді арнайы температурадағы қоймаға қойып, вагонды "Анар" станциясына дезинфекциядан өткізуге жібереді.

Көліктерді ветеринарлық-санитарлық өңдеу: Жүктің ветеринарлық-санитарлық бағасы және жүк мінездемесі бойынша үш категорияның бірі бойынша өңдеуге жібереді.

I-ші категорияға: 1) ветеринарлық – санитарлық тұрғыдан аурудан ада шаруашылықтардан әкелінген сау жануарлар. 2) сау жануарлардан алынған жануартекті өнім мен шикізат. 3) ұшалар, ет, ет өнімдерін, дән тасымалдаған көліктер. II-ші категориялы өңдеуге: 1) Тасымалдауда өлген жануарлар немесе ауруға күмән тудырған жануарларды (құс) тасымалдаған көлік. 2) аурудан сау емес шаруашылықтан алынған жануартекті өнім мен шикізат. 3) балық және балық өнімдерін тасымалдаған. 4) экспорттаушы елде ыстықпен жуылған импортталушы жүнді. 5) экспорттаушы жануарларды , ет және ет өнімдерін тасымалдаған көліктер. III-ші категориялы өңдеуге :1) ХЭБ тізіміндегі аса қауіпті ауруға күмән туған немесе осы аурудың салдарынан өлген жануарлары бар; 2) Сібір жарасына тексерілмеген былғары шикізаты бар; 3) аурудан сау емес мемлекеттерден әкелінген импорттық шикізаттар; 4) камералық өңдеу және ыстықпен жуу; 5) ветеринарлық-санитарлық шығу тегі анықталмаған мал шаруашылық жүктерді; 6) Қ.Р территориясында кездеспейтін аурулардан сау емес мемлекеттерден жануартекті шикізат пен жартылай фабрикаттарды; 7) жинақталған және далалық сүйектерді тасымалдаған көлік түрлері жатады. Онда транспортты барлық қоқыстан тазартып, одан соң суық сумен жуады. Алдымен еденді, жабдықтарды, кейін қабырғасын, төбесін сыпырғыш, щетка көмегімен жуады, содан кейін екінші рет соңында қабырғаларды сорғалаған судың лайлануы біткенше өңдейді. 2-ші және 3-ші категориялы өңдеу жүргізу үшін « Анар» станциясына жіберіп, онда арнайы химиялық өңдеуден өткізеді. Республика ішінде жүк тасымалданғанда вагонды ашу кезінде кеден қызметінің өкілі қатыспайды және зертханаға сынама жіберілмейді. Бірақ категориясына сай дезинфекцияға жіберу міндетті. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бекеті арқылы экспортталатын жүк өтсе, шекаралық ветеринариялық бекеттің ветеринарлық инспекторы өткізу пунктінде бақылаудағы жүктерде ветеринарлық куәліктің, оны әкетуге уәкілетті орган рұқсатының транзитті мемлекеттердің орталық мемлекеттік ветеринариялық органдарының транзиттік рұқсатының болуын, жүктің атауына, салмағына, буып-түйілуіне берілген құжаттардың санына сәйкестігін тасымалдау шарттарының сақталуын тексереді. Ветеринарлық куәліктің орнына ветеринарлық сертификат беріледі.

Ал ереже талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда бақылауда болатын жүктерді республика шегінен тыс әкетуге тыйым салынады, жүктер иесіне қайтарылады.

Жалпы, ойымды түйіндей келгенде мен аталған пән бойынша бағдарламада көрсетілген барлық мәселелерді қамтып, оқу орынында теориялық білімімді тәжірибе жүзінде толықтырдым және тәжірибелік машықтану барысында көріп, үйренгендерімді толық баяндауға тырыстым.

4.Ет- сүт өнеркәсібі нысандарының гигиенасы және санитариясы.

Мен өндірістік тәжірибиелік машықтануды өту барысында “Ет-сүт нысандарының гигиенасы және санитариясы” пәні бойынша Ужгородская – 42 мекен жайында орналасқан Сафранов И.А. деген азаматтың жеке меншік “құс шаруашылығында” және Үштөбе ауылдық округіне қарасты Божбанов Жетпіс деген азаматтың “Мереке” шаруа қожалығында болдым. Сонымен қатар Қарағанды қаласының “Алтын – арба”, “Арай”, “Шығыс”, “Горняк” сияқты коммуналдық базарларында да өндірістік тәжірибиелік машықтанудан өттім. Мен өткен 4 базардың зертханаларының құрылысы бірдей. Бөлмелері: -Кіреберіс бөлме (киім ауыстыратын бөлме), -Құжаттарды қабылдап, тексеріп, толтыру бөлмесі, -Ет және ет өнімдері және балықтарды зерттеу бөлмесі, -сүт және сүт өнімдерін зерттеу бөлмесі. Базар зертханаларының едендері толығымен кафельденген немесе линолиум төселген, қабырғалары ақ бояумен ақталған, табиғи және жасанды жарық көздерімен қамтамасыз етілген, терезелері жоғары орналасқан және ашып жабуға ыңғайлы етіп салынған, желдету қондырғыларымен және су құбырларымен қамтамасыз етілген. Келген ұшаларды қабылдау бөлмесінде арнайы темірден жасалған үстелдер орналастырылған, олар зерттеу жұмыстарын жасауға және зерттеу жұмыстары аяқталған соң оны жуып тазалауға және дезинфекция жұмыстарын жасауға өте ыңғайлы болып келеді. Сонымен қатар ұшалардың салмақтарын өлшеуне арналған таразылар және ұшаларды бөлшектеуге арналған қондырғылар орналасқан. Жұмыс аяқталған соң міндетті түрде тазаланып отырылады. Сонымен қатар зертханалық зерттеу жұмыстарын жасауға арналған шағын ғана бөлмелері бар. Ол жердің де едендері кафельденіп, қабырғалары ақ түспен боялған, электрлік жүйесі, жылу жүйелері қамтамасыз етілген . Ол бөлмеде арнайы реакциялар қойылатын шкафтар және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған аппараттар бар.

Базар зертханаларының ең басты мақсат – тұтынушыларға арнап таза, әрі сапалы тағам өнімдерін ұсынып, халықтың денсаулығын әр түрлі адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау болып табылады. Базарлардағы күнделікті сатылымға шығарылып отырған ет өнімдердің әрбіріне 3 күнге ветеринариялық анықтама беріліп отырады. Базарлардың зертханаларында жұмыс атқаратын ветеринарлық сарапшылар мен мамандар және ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін зерттеуге, сатуға қатысты барлық тұлғалар жылына 2 рет медициналық тексеруден өтуге міндетті болып табылады. Базар зертханаларына өзге адамдар арнаулы киімдерді кигеннен ( халат, бас киім, бахилла) кейін ғана зертхананың ішкі бөліміне кіре алады. Базар зертханаларындағы ветеринариялық дәрігер зертханаға өнім келіп түскен бастап, оларды сатылуға жібергенге дейін олардың сапасын, дұрыс жүргізілуін, санитариялық – гигеналық жағдайдың сақталуын бақылап отырады.

Қол мен құрал-саймандарды (пышақтар) жуып, 0,2% хлорлы әк ерітіндісімен дезинфекциялау керек.

Сонымен қатар айына бір тер толықтай тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатымен базарларды бір күнге жауып тастайды. Ол әр айдың алғашқы немесе соңғы дүйсенбі күні жүргізіледі.

Қарағанды қаласы Үштөбе ауылдық округіне қарасты “Мереке” шаруа қожалығында болып, қоражайдың құрылысымен, гигиеналық – санитарлық жағдайларымен таныстым. Обектіде ірі қара малға және жылқыларға арналған бөлек қоралар бар, сонымен қатар осы жануарларға арналған қыстық және жаздық қоралар бар екен. Жаздық қоралар қыстық қоралардың алдында ашық алаң ретінде орналастырылған, төбелерінің барлығы ашық, жан жақтары темірден жасалған қоршаулармен қоршалған. Жабық қораларда табиғи желтету мақсатымен 0,5х05 көлеміндей етіліп қабырғаларының жоғарғы жақтарында терезелер салынған. Жылқы қорасында әр бір жылқыға арналған әжірелер бар, олардың барлығы дерлік арнайы шағын ғана науалармен қамтамасыз етілген. Қоражайдың температурасы 18 – 20С – қа жетеді. Су көздері – құбырлармен қамтамасыз етілген, яғни биофильтр орнатылған. Канализация – биотермиялық шұңқыр бар. Ол қора жайдан 4км қашықтықта орналасқан, тереңдігі 3 – 4м дер айтты. Жануарларға арналған жазғы және қысқы жайылымдары бар екен, бірақ бұл шаруашылықта бруцеллез ауруы шығуына байланысты карантин қойылып, карантин алынғанша жайылымға шығарылмайды. Мацион – серуендету мен азықтандыруға арналған арнайы алаңдары бар, ені - 0,5км, ұзындығы - 1,0км шамасында.

Осы пән бойынша мен жоғарыда көрсетілген мекемелерде өндірістік тәжірибиелік машықтанудан өтіп, атқарылатын жұмыстармен, принциптерімен танысып, өту барысында тәжірибие жинадым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]