Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
krg_otchet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

Қазақстан Ресспубликасы

Білім және Ғылым министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті

5B20200- ветеринарлық санитария мамандығының

5Курс студенті Қадыр Әлімханның Қарағанды облысы бойынша өндірістік машықтанудан өту барысындағы есебі.

Астана қаласы 2016ж

Жоспар.

  1. Кіріспе

  1. Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.

  1. Құс, өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау.

  1. Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық- санитариялық бақылау

  1. Ет- сүт өнеркәсібі нысандарының гигиенасы мен санитариясы

  1. Ветеринария менеджменті.

  1. Ветеринариялық гигиена.

  1. Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау.

  1. Алғашқы ветеринариялық жәрдем.

  1. Клиникалық және қолданбалы диагностика.

  1. 10.Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары.

  1. Ветеринариялық және санитариялық паразитология.

  1. Жануарлар патологиясы.

  1. Ет – сүт өнімдерінің ветсан сараптауы, санитариясы, гигиенасы және технологиясы.

Қорытынды мен ұсыныстар.

Тіркемелер

Кіріспе.

Мен өндірістік машықтануды Қарағанды облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің территориялық инстпекциясы мен Республикалық ветеринариялық зертханасында өттім. Қарағанды қаласы бойынша «Шығыс» коммуналдық базары, «Алтын арба», "Арай", "Горняк" базарларында , Республикалық ветеиринариялық зертхананың "Азық - түлік қауіпсіздігі" және "Жануарлардың ауруларының диагностикасы" бөлімдерінде бір жарым ай, Қарағанды қаласының территориялық инспекциясында, Республикалық эпизоотиялық қарсы отрядта, «Қазақ ғылыми-зерттеу инcтитутының» Қарағанды филиалында, ветеринариялық станция, мал сою пунктерінде және басқада орындарда машықтанудан өтіп, өзіме көп мағлұматтар алып, тәжірибе жинадым. Ең алғашқы күні Қарағанды облыстық территориялық инспекциясының мемлекеттік мекемесінде болып, Мұхтаров Марат Өндірұлы басшылығымен өндірістік машықтанудан өту жоспарын бекітіп, жоғарыда көрсетілген мекемелердің басшыларына қадағалауды тапсырды. Ал Мемлекеттік шекара және көліктегі ветеринариялық – санитариялық бақылау бойынша тәжірибемді Қарағанды қаласындағы бас басқармасы бөлімінде өттім. Машықтану өту барысында әр мекеменің гигиеналық- санитариялық жағдайы, құрылымы, штаты, жұмыс барысымен, құжаттарымен танысып, оларды толтыру барысын үйрендім.

Клиникаларда машықтанудан өту барысында кездескен ауруларды балау, емдеу, алдын алу шараларын, облыста орналасқан мекемелердің эпизоотиялық жағдайын қарап, қан алу, жұқпалы аурулар пайда болғанда және базарларда табылған паразитарлық аурулар, құрттар табылған жағдайда залалсыздандыру жұмыстарымен, құжаттарды толтыру барысымен танысып, оларды толтыруды уйреніп, өзіме көп тәжірибе жинадым. Өз оқу орынымда алған теориялық білімімді өндірістік машықтану барысында тәжірибемен жетілдірдім.

1.Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.

Мен осы пән бойынша Қарағанды облысындағы « Арай », « Алтын

Арба », « Горняк » базарларымен, « Шығыс » коммуналдық базарларының ветеринариялық – санитариялық зертханаларында болдым. Базарларда тәжірибелік машықтанудан өту барысында таңертен зертханаға келіп түскен мал ұшаларын қабылдап, оларға тексеріс жүргізуге қатыстым. Ең бірінші зертханаға келіп түскен өнімдердің құжаттарын (ветеринариялық анықтама) тексеріп, оларды арнайы сынамаларды тіркеу журналына тіркеп, бірінші сезімдік зерттеу жүргіздім. Онда өнімнің басынан, яғни ұрылуының болмауы, ауыз қуысының жағдайы, оның сыртқы жағдайы, ішкі мүшелерінің жағдайына , олардың тығыздығына , ешқандай қанталау, ісінулерінің болмауына қолмен басып, қысып ұстап көріп зерттеу жұмысын жүргізуге қатыстым. Ал ұшаны қанталаулардың бар – жоғына қарап, ұшаның тығыздығына, саулығына, ешқандай қанталау, көгеру, ісіну, яғни патологиялық – анатомиялық белгілерінің бар – жоғына тексердім. Басты: жылқы – маңқаға, ірі қара мал – цистицеркозға, шошқа – финнозға және жұтқыншақты сібір жарасының ангинозды түріне , жақ асты, құлақ маңы лимфа бездерін тексердім. Ал ішкі мүшелерді: өкпені – диктиокаулезге, бауырды – экинококкозға, көк бауыр мен жүректі бұлшық етте кездесетін балаңқұрттарға тексеріп, ішкі жағдайын қарадым. Ал ұшаны жауырын алды, тізе асты лимфа түйіндерін кесіп, текердім. Одан кейін ұшадан 200 гр көлемде сынама алып, етті ұсақтап турап, колбаға салып, сорпаның иісі мен мөлдірлігіне тексердім. Нәтижесінде сорпаның иісі өзіне тән, мөлдір болды. Ал зертханалық жағдайда пероксидаза мен күкірт - қышқылды мыс реакциясы және шошқа етін трихеннелезге зерттедім. Одан соң ұшаға мөр қойып, сатуға жібердім.

Мен осы пән бойынша оқу орынында меңгерген теориялық білімімді, тәжірибелік машықтану барысында жүргізіліп, үйренген білімімен толықтырдым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]