Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_klass_emtihana_dayyndy_1420570710_84509.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.2 Кб
Скачать

1824 Жылғы Жарғы бойынша Кіші жүздегі лауазымды қызметтерді тағайындаған:Орынбор губернаторы.

1801 Жылы құрылған Бөкей ордасында хандық билік сақталды: 1845 жылға дейін.

 

 

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҰЛТ- АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР

І. 1837- 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс

ІІ. 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі.

 

І. 1837- 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс

 

 ХІХ ғасырдың 20- жылдарынақарай Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірінің бір жағында билік еткен: Қоқан бектері.

 ХІХ ғасырдың 20- 30 жылдарында Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызған: Хиуа

Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себепші болған: қазақтардың атам заманыннан қоныстанған жерінен ығыстыруылуы (Патша үкіметі Жаңа Елек өзені бойында шептер сала бастады)

 Патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылық білдірп қырық мың шаңырақ жақтастарымен Көкшетау бойынан Қоқан хандығының шекарасына қарай көшіп кеткен: Қасым.

Кенесары Қасымұлының өмір сүрген жылдары: 1802-1847 жылдары

Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен: әкесі Қасым.

Кенесарының атасы. Абылай хан.

Кенесарының туған ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген: Қоқан ханы.

 Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар: 1837- 1847 жж.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс созылды: 10 жылға.

Кенесары Қасымұлының көтерілісі қамтыды: Үш жүзді.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісінің басты қозғаушы күші: қазақ шаруалары.

   Патша үкіметінің сот- жазалау мекемелерінің жинаған мәліметтеріне қарағанда,К.Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан сұлтан, би, старшындардың саны: 80

*     Көтерілісшілердің саны кейбір жағдайда жетті: 20 мыңға

 Сұлтан Кенесары басқарған   көтеріліске 80 сұлтан мен байлар қатысқан аймақтар мен аудандар: Құсмұрын, Көкшету, Ақмола, Қарқаралы, Баянауыл округтері

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты: Патша өкіметінің қазақтарды  отарлауын  тежеу.

 Кенесары  әскерінің жеке отрядын басқарған Амангелді Имановтың атасы: Иман батыр.

*     Кенесарының серігі, інісі, көтеріліске қатысушылардың бірі:

Кенесары Қасымұлы көтерілісі кезінде Ресей императоры: І Николай

*     Кенесары патша үкіметіне алғаш рет қарулы қарсылық білдірді: 1837 жылы қараша айында Петропавлдан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі қазақтарының тобына шабуыл жасады.

 1838 жылы мамыр айында Кенесары сарбаздары: Ақмола бекінісін өртеп жіберді.

Кенесары көтерілісі Кіші жүзге тарала бастады: 1838 жылы күз

1838 жылы Кенесары көтерілісіне өз жақтастарымен келіп қосылған Кіші жүздің белді биі, батыр: Жоламан Тіленшіұлы.

1841 жылы Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзге аспау себебі:Сарбаздар арасында жұқпалы ауру тарады.

23. 1841 жылы Кенесары көтерілісшілері  басып алған коқан әскерлері орналасқан бекіністер: Жаңақорған, Созақ, Ақмешіт.

Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған: Қоқан ханы.

1843 жылы І Николай патша келісімін беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберді:Старшина Лебедевті.

1844 жылы шілде айының 20- сынан 21- іне қараған түнде болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны: 44

Патша үкіметінің  старшина Лебедевті Орынборда қызметінен алып, сотқа беру себебі: Кенесарымен күрестегі дәрменсіздігі.

*     Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр еткен жағдай:1844 жылғы күрестегі нәтижелері көтерілісшілердің рухын көтерді, Кенесары туы астына жаң қазақ ауылдарының тездеп шоғырлануы.

1838 жылы желтоқсан айында Ақбұлақ округтік приказы төңірегінде Батыс Сібір генерал губернаторы Горчаковқа және І Николай патшаға арналған хаттарды тапсыруға жіберген Кенесарының бес өкілі: Тұтқынға алынып, жазаға тартылды.

1844 жылдың аяғында Кенесарымен келіссөз жүргізген  Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі, би: Баймұханбет Жаманшин.

1845 жылы Кенесарының аулына келген патша елшілері: Долгов, Герн

 Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі: 1844 ж екі жақ  бір- бірінің талаптарын мойындата алмады. (Жазалаушы отрядтардың бассыздығын жою, алым-салық жинау сияқты Кенесары талаптарының орындалмауы.)

Кенесарыны Орта жүздің аумағынан ығыстыру үшін патша үкіметі:  бекіністер тұрғыза бастады.

1945 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды: Ұлы жүзге (оңтүстікке)

*     Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге бет алуының бір себебі: Қоқан езгісіндегі қазақ руларын дербестік алуына көмек көрсетіп, өзіне тірек жасау.

Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ: Бұхара мен Қоқан

Кенесарының жағдайын қиындатқан: Бұхара мен Қоқан хандықтарының көтеріліске қарсы күресу жөніндегі келісімдері.

Кенесарыны және оның қоқан бектеріне қарсы күресін барынша қолдаған батырлар: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы, Байзақ датқа, Медеу би.