Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос барлык кала.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.1 Mб
Скачать

03_04_ Офтальмология _­қаз

56 жасар науқаста лоқсу, құсу, көзіндегі ауруға шағымданады. Объективті: көз алмасының іркілген инъекциясы, қасаң қабықтың ісінуі, саяз алдыңғы ұңғыл, кең қарашық, көру функцияларының күрт түсуі, көздің ішкі қысымы 45 мм. сн. бғ. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады:

A) Жедел конъюнктивит

B) Жедел иридоциклит

C) Глаукоманың жедел ұстамасы

D) Жедел кератит

E) Глаукомоциклитті криз

{Дұрыс жауап}= С

Н науқастағы тыныс алу органдарының жедел ауруларынан кейін, оң жақ таңауынан іріңнің бөлініп шығуы және оң жақ жағында ауырғаны білінді. ЛОР-маманында емделді. Рецидивті процесс. 0,5 жылдан соң көзжасының ағуы, жарықтан қорқуы, көздің ауруы және көз қызарғандығы пайда болды. Объективті: перикорнеалды инъекция, преципитаттардың, нұрлы қабықтың түсі өзгерген, суреті айқынсыз, гипопион, қарашығы тарылған, жабысқан, бірқалыпты цилиарлы ауырсынуы. Қандай диагноз болып табылуы мүмкін:

А) Жедел иридоциклит

В) Глаукоманың жедел ұстамасы

С) Кератит

D) Жедел коньюнктивит

Е) Склерит

{Дұрыс жауап} = А

Аталған шаралардың қайсысы көз алмасының өтпелі жарақатында аса тиімді болып табылады:

А) Кортикостероидтерді белгілеу, монокулярлы таңғышты салу, сіреспеге

қарсы сары суды енгізу

В) Антибактериалды май дәрі жағу, таңғышты салу, сіреспеге

қарсы сары суды енгізу

С) Көрініп тұрған бөгде денені алып тастау, антибактериалды препараттарды

тамызу, бинокулярлы таңғышты салу, сіреспеге қарсы сары суды енгізу

D) түсіп қалған қабықтарды іріктеу, антибактериалды препараттарды тамызу,

сіреспеге қарсы сары суды енгізу

Е) Аналгетиктер белгілеу, антибактериалды препараттарды тамызу,

монокулярлы таңғышты салу, сіреспеге қарсы сары суды енгізу

{Дұрыс жауап}= С

Глаукоманың жедел ұстамасы кезіндегі алғашқы көмек:

A) Нейропротекторлар, пептидті биорегуляторлар, энзимотерапия

B) Мидриатиктер, әкететіндер, зәр айдағыштар

C) Гормондар, әкететіндер, зәр айдағыштар

D) Антибактериалды, антиоксиданттар,антигипоксанттар

E) Миотиктер, әкететіндер, зәр айдағыштар

{Дұрыс жауап } = Е

03_05_ Оториноларингология_­қаз

4 жасар балада мұрынмен тыныс алуы қиын, ауызбен демалады. Қарағанда: теріде бозару, бет пішіні жоғары керілген, аузы ашық, ауыз-мұрын қосылысы жазылған, қатты таңдайы жоғары, дауысы мыңқылдаған. Эпифарингоскопия кезінде: желбезектің 2/3 бөлігін лимфоидты тін жабады. Қандай диагноз:

A) Таңдай бадамшасының ұлғаюы

B) Есту түтігі маңайындағы бадамшалар

C) Жұтқыншақ арты іріңдігі

D) Аденоидтар

E) Паратонзиллярлы іріңдік

{Дұрыс жауап}= D

ҚР ДСМ 2013 ж. клиникалық хаттамаға сәйкес ларингит кезінде қандай қосымша диагностикалық шаралар қолданылады:

A) Ларингоскопия, эндофиброларингоскопия,

B) Көкірек, көмей, трахеяның компьютерлі томографиясы, өкпе мен мойын-

омыртқа бөлігінің рентгенографиясы, эндофиброларингоскопия,

эзофагоскопия

C) Өкпе мен мойын-омыртқа бөлігінің рентгенографиясы

D) Өңеш пен өкпенің компьютерлі томографиясы

E) Көкірек, өңештің компьютерлі томографиясы

{Дұрыс жауап}= B

Бокспен шұғылданатын спортсмен мұрнынан соққы алды. Келесі күні алдыңғы риноскопия кезінде мұрын орталығының екі жағынан ісіну, томпаю байқалды. Мұрынмен тыныс алу екі жағынан қиындады. Диагноз:

A) Мұрын орталығының іріңдігі

B) Мұрын орталығының гематомасы

C) Жедел жарақаттық ринит

D) Мұрын шиқаны

E) Жедел жарақаттық гайморит

{Дұрыс жауап}= В

Науқаста мұрын кіреберісінде инфильтрат түзілген. 2 күннен кейін науқаста дене қызуының көтерілуі, қалтырау пайда болған, екі жағынан қабақтардың ісінуі, хемоз экзофтальм және птоз байқалған. Қабақтарына маңдайда мұрын түбінде кеңейген веналық қан тамырлары байқалады. Мұрын шиқанының қандай асқынуын айтамыз:

A) Қабақтың іріңдігі

B) Кавернозды синус тромбоз

C) Орбита флегмонасы

D) Көз тіндерінің реактивті ісінуі

E) Ретробульбарлы іріңдік

{Дұрыс жауап}= В