- •03_02_ Травматология және ортопедия _қаз
- •03_02_Травматология және ортопедия
- •03_06_Онкология мен маммалогия
- •03_01_Офтальмология_каз
- •03_04_Офтальмология
- •03_05_Оториноларингология_каз
- •03_05_Оториноларингология
- •03_03_Балалар хирургиясы
- •03_01_01_Хирургиялық аурулар_ каз
- •03_01_03_Хирургиялық аурулар_қаз
- •03_02_Травматология және ортопедия каз
- •03_03_Балалар хирургиясы каз
- •03_04_ Офтальмология _қаз
- •03_05_ Оториноларингология_қаз
- •03_06_Маммологиямен онкология
- •03_07_ Анестезиология және реанимация_ каз
- •03_08_ Клиникалық анатомия және оперативті хирургия қаз
- •03_08_ Визуалды диагностика қаз
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •4 Вариант
- •5 Вариант
- •6 Вариант
- •Өкпе абсцессімен ашық фазасында тән симптомы (бронхқа оналған түрінде) а) жағымсыз иісті көлемді қақырықты жөтел
03_01_03_Хирургиялық аурулар_қаз
$$$001 Постхолецистэктомиялық синдромның қандай себебі алғашқы операцияның ақауына байланысты болуы мүмкін:
А) Түбінен холецистэктомия
В) Мини-енумен холецистэктомия
С) Қуық түтігін кетгутпен байлау
Д) Қуық түтігін капронмен тігу
Е) Жалпы өт түтігінде резидуалды тас
{Дұрыс жауап}= Е
$$$002 Төменде берілгендердің қайсысы париетальдық ішперденің қабыну процессіне қатыстылығын дәлелдейді:
A) Бұлшықеттердің кернеуінің пайда болуы
B) Дене қызуының көтерілуі
C) Жергілікті ауырсыну
D) Аурудың ұзақ мерзімі
E) Қанда лейкоциттердің үдеуі
{Дұрыс жауап}= А
$$$003 79-жастағы әйелде операция кезінде ащы ішектің барлық бөлігінің және тоқ ішектің оң жақ жартысы бойымен ишемиялық некроз табылды. Ішектің осы өзгерістеріне ең ықтимал себебі қандай:
A) Төменгі шажырқай көк тамырларының тромбоэмболиясы
B) Төменгі шажырқай артерияларының тромбоэмболиясы
C) Жоғарғы шажырқай артериялары I сегментіндегі тромбоэмболиясы
D) Жоғарғы шажырқай артериялары II сегментіндегі тромбоэмболиясы
E) Жоғарғы шажырқай артериялары III сегментіндегі тромбоэмболиясы
{Дұрыс жауап}= С
$$$004 43 жастағы ер кісі ауырған сәттен бастап бір тәуліктен соң кофе тәріздес құсуға, әлсіздікке, басының айналуына шағымданып қабылдау бөлімшесіне хирургке жеткізілді. Қан кету фактісін дәлелдеу үшін төменде берілгендердің қайсысы бірінші болып келеді:
A) Қан анализін анықтау
B) Коагулограмманы зерттеу
C) Асқазанға зонд орнату
D) Альговер шоктық индексін анықтау
E) Тік ішек саусақты тексеру
{Дұрыс жауап}= Е
$$$005 Дәрігер жіті аппендицитке күдікпен науқасты қарағанда, ішті пальпациялау кезінде іштің алдынғы қабырғасынан қол саусақтарың тез уақытта алғанда ауырсынудың үдегенін байқады. Осы науқаста дәрігер қандай симптомды анықтады:
А) Щеткин – Блюмберг
В) Ровзинг
С) Ситковский
D) Раздольский
Е) Воскресенский
{Дұрыс жауап}= А
$$$006 Бауыр циррозымен науқасының анамнезінде екі рет асқазан-ішектен қан кету байқалған. Төменде берілгендердің қайсысы осы науқастағы қан кетудің мүмкін себептері болады:
A) Асқазанның созылмалы ойықжарасы
B) Жедел эрозиялық гастрит
C) Ойықжаралы рефлюкс-эзофагит
D) Асқазанның шырышты қабатының сызаты
Е) Өңеш көк қан тамырларының варикозы
{Дұрыс жауап}= Е
$$$007 35 жастағы науқас К., аппендэктомия жасалғаннан кейін үш сағаттан соң кенеттен әлсіздік, бас айналу, терлегіштік, тері жамылғысының бозарғаны пайда болды. Нақты жағдайда қандай асқыну көбіне болуы мүмкін:
А) Құрт тәрізді өсіндінің шажырқайынан қан кету
В) Пилефлебит
С) Бауыр асты абсцессі
D) Төменгі бөлікті пневмония
Е) Өкпе артериясы тромбоэмболиясы
{Дұрыс жауап}= А
$$$008 78 жастағы науқас А., лапаротомия кезінде сасық иіспен сұйықтық, 70 см ұзындығында жасыл түсті жұқарған қабырғамен мықын ішегінің ілмегі анықталды. Операция барысындағы табылғанның ең ықтимал себебі қандай:
А) Ішек флегмонасы
В) Терминальді илиит
С) Ішектің ишемиялық инфарктісі
D) Ішектің геморрагиялық инфарктісі
E) Спецификалық емес ойықжаралық колит
{Дұрыс жауап}= С
$$$009 Науқаста струмэктомия операциясынан кейін құрысулар, Хвостек және Труссо симптомдары пайда болды. Науқаста қандай ең ықтимал асқыну дамыды:
A) Гипотиреоз
B) Гипопаратиреоз
C) Тиреотоксикалық криз
D) Көмей нервтері жарақаты
E) Тиреотоксикоздың қалдық көріністері
{Дұрыс жауап}= В
$$$010 Бауыр эхинококкозымен науқаста кенеттен ішінде ауырсыну, перитонеалды көріністер, дене қызуының көтерілуі және теріде бөрту пайда болды. Науқаста қандай көбіне мүмкін асқыну дамыды:
A) Жедел холецистит
B) Жедел гепатит
C) Жылауықтың іріңдеуі
D) Бауыр абсцессі
E) Жылауықтың жарылуы
{Дұрыс жауап}= E
$$$011 74 жастағы науқас Ш., ішектік бітеліс бойынша операция барысында төменденген тоқішек бөлігінде 12,0х6,0 см көлемде жылжымалы, тығыз ісік табылды. Қандай операция көлемі осы жағдайға қолайлы:
А) Гартман операциясы
В) Микулич операциясы
С) Субтоталды колэктомия
D) Сигма тәрізді ішекті резекциялау
E) Сол жақты гемиколэктомия
{Дұрыс жауап}= Е
$$$012 29 жастағы науқас С., операция кезінде хирург тығыз аппендикулярлы инфильтрат тапқан. Осы жағдайда хирургтің ары қарай әрекеті қандай:
A) Түтік қалдырып, операциялық жараны тігу
B) Соқырішекті бөліп алып, стома салу
C) Құрт тәрізді өсіндіні тауып, алып тастау
D) Ілмелі илеостома салу
E) Инфильтратты айырып және түтіктендіру
{Дұрыс жауап}= A
$$$013 Ұлтабардың ойықжарасы аурумен, қан кетумен, пилородуоденалды стенозбен, ойықжара пенетрациясымен (субкомпенсация сатысы) асқынған 47 жастағы науқаста төменде берілгендердің қайсысы операцияның тиімді варианты болып табылады:
A) Артқы гастроеюноанастомоз
B) Гастродуоденоанастомоз
C) Діңгекті ваготомия
D) Асқазан резекциясы
E) Гастрэктомия
{Дұрыс жауап}= D
$$$014 Науқас 26 жаста, аппендикулярлы инфильтрат клиникасымен хирургиялық бөлімшеге түсті. Соңғы тәулікте ауырсыну күшейген, 390С дейін дене қызуының көтерілуін және қалтырауды байқаған. Сіздің ары қарай әрекетіңіз қандай:
А) Шұғыл операция жасау
В) Құрамдастырылған антибиотикотерапия тағайындау
C) Дезинтоксикациялық терапия жүргізу
D) Ішке суық және динамикалық бақылау
E) Физио ем тағайындау
{Дұрыс жауап}= А
$$$015 42 жастағы науқаста диагностикалық лапароскопия кезінде ұлтабардың баданасының алдыңғы қабырғасында 0,2 см перфорациялық тесік және іштің оң жақ бөлігі бойымен сірлі-геморрагиялық сұйықтық табылды. Осы жағдайда Сіздің ары қарай әрекетіңіз қандай:
A) Лапаротомия және асқазанның 2/3 бөлігін резекциялау
B) Ойықжараны лапароскопиялық тігу
C) Лапаротомия және ойықжараны тігу
D) Лапаротомия және пилоропластика
E) Желіммен лапароскопиялық аппликация
{Дұрыс жауап}= В
$$$016 44 жастағы ер кісі асқазан-ішектік қан кету белгілерімен, геморрагиялық шоктың 1 дәрежесі белгілерімен қабылдау бөлімшесіне хирургке жеткізілді. Төменде берілген емдердің қайсысы осы жағдайда бірінші кезекте қолданылады:
A) Коллоидты және кристаллоидты ерітіндіні қайта құю
В) Эритромассаны құю
С) Тұтас донорлық қанды құю
D) Тек қана кристаллоидты ерітіндіні еңгізу
E) Жаңадан мұздатылған плазманы тездетіп құюдан бастау
{Дұрыс жауап}= А
$$$017 72 жастағы науқас Г., 12 күн бойы холецистэктомиядан кейін Пиковский-Холстедт сыртқы дренаж бойымен тәулігіне 1000 мл-ге дейін өт бөлінеді. Осы жағдайда Сіздің ары қарай әрекетіңіз қандай
А) Тәулікке дренажды қысу
В) Дренажбен үйге шығару
С) Фистулохолангиография орындау
D) Қайтадан операцияға алу
E) РХПГ орындау
{Дұрыс жауап}= С
$$$018 50 жастағы науқаста сигма тәрізді ішек обыры бойынша отада бауырдың сол жақ жартысында бірлі-жарым метастаздық түйін табылды. Ішек ісігі оңай алынады. Науқасқа операцияның қандай көлемі көрсетілген:
A) Илеотрансверзоанастомозды құрастыру
B) Сол жақты гемиколэктомия
C) Қосауыз сигмостоманы шығару, гемигепатэктомия
D) Сигма тәрізді ішекке резекция және бауырдың сыңа тәрізді резекциясы
E) Ішектің ректосигмоидты бөлігіне резекция
{Дұрыс жауап}= D
Тақырыпша «Торакалды хирургия» («Хирургия» бағыты бойынша «Хирургиялық аурулар» пәні)
$$$001 Науқас Ф. ер кісі, 17 жаста хирургиялық бөлімшеге оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл көрініс спорт жаттығуларынан кейін пайда болған. Объективті: ортопное, тері жамылғысының цианозы байқалады. Перкуссия кезінде оң жақ кеуде торында қорап тәрізді дыбыс, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТЖ 28 рет минутына. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал:
A) Буллезді эмфизема
B) Бронхоэктазды ауру
C) Кеуде аралық эмфиземасы
D) Оң жақтан кеуде торының соғылуы
E) Оң жақтан спонтанды пенвмоторакс
{Дұрыс жауап}= E
Науқас ер адам Д., 35 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа жарақаттан кейін кеуде торларының сол жартысы ауруына, ауаның жетіспеушілігіне, әлсіздікке шағымданып жеткізілді. Тексеріс кезінде 3 қабырғааралық кеуде шеті 1,0 см тегіс бөлік жарақаттанған, цианоз, мойын веналары ісінген,ентігу. Жіп тәрізді пульс, АҚ – 80/40 мм.рт.ст. Аускультация кезінде кеуденің төменгі бөліктерінде сол жақ тынысы біршама әлсіреген, жүрек тондары тұйық. Дәрігер жүрек тампонадасына күдіктеніп, науқас ота жасау бөлімшесіне жеткізілді. Осы жағдайда науқасқа қандай бiрiншi кезектегi манипуляция көрсетілген:
A) Торакотомия
B) Перикард пункциясы
C) Плевралдық қуыс пункциясы
D) Қан компоненттерiнiң құйылуы
E) Орталық көк тамырдың катетер енгiзуi
{Дұрыс жауап}= B
Ер адам 37 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа пышақталған жарақатынан 1 сағаттан кейін ауыр жағдайда жеткізілді. Анамнезінен ес-түсін жоғалтқан. Қарап тексергенде: жара кеуде торында сол жақтан бұғана ортаңғы сызық бойымен 3-қабырғааралықта, өлшемдері 1,5х1,0 см. Науқас мазасыз, тері жамылғылары боз. Тынысы сол жақтан әлсіреген, жүрек тондары тұйық, АҚ 80/40, пульс минутына 110 соғу. Осы жағдайда сіздің әрі қарай жасайтын іс-әрекетіңіз қандай:
A) Шұғыл торакоскопия
B) Шокқа қарсы ем бастау
C) Шұғыл сол жақтық торакотомия
D) Міндетті түрде ЭКГ өткізу
E) Кеуде торының рентгенографиясын жасау
{Дұрыс жауап}= C
