Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геофизика 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.79 Кб
Скачать

Ұгз (ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің) әдістерінің жіктелуі.

ҰГЗ (ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің) әдістерінің жіктелуі 2 түрі бар.

Ұңғыманың геологиялық қимасын зерттеу — аталған бағыттар арасындағы маңыздысы болып саналады. Бұл бағытта геофизикалық әдістердің барлық турі яғни электрлік, магниттік, paдиоaктивтік, термиялық, акустикалық, механикалық геохимиялық және баска да әдістері пайдаланылады. Аталған әдістердің ic жузінде пайдаланылуы әр түрлі табиғи және жасанды физикалық өрістерді зерттеуге негізделген.

Ұңғыманың техникалық жағдайын зерттеу. Бұл зерттеулер ұңғыма оқпанының(бойынын) қисаюын, ұңғыманың нақты диаметрі мен қимасының кескінін (профилін), су жұтқыш қабаттарды табу және ұңғыма түбін (тереңдігін) анықтау, қаптама құбырының (обсадная труба) сыртындағы судың айналымы мен ұңғыма қабырғасының цементтелу деңгейін анықтау, ұңғыма апатынан кейін қалған металдық заттарды табу және көптеген басқа мәселелерді шешу үшін жүргізеді.

Ұңғыманы геофизикалық әдістермен зерттеу (ҰГЗ) - ұңғыма айналасындағы және ұңғыма аралығындағы кеңістіктегі тау жыныстарын зерттеу үшін арналған. Негізінде ҰГЗ-ге төмендегі операциялар кіреді:

1) ұңғыманың геологиялық қимасын зерттеу;

2) ұңғыманың техни­калық жағдайын бақылау;

3) мұнай мен газ кен орындарын игеру барысына бақылау жасау;

4) шегенделген құбыр қабырғаларын тесу және ұңғымаларды торпедалау.

Ұңғыманы геофизикалық зерттеу әдістерін жиі қолдану, кен орындарын барлау мен игеруді тиімдірек етуге мүмкіндік береді. Олар тасбаған (керн) алуды азайтып, сонымен бірге бұрғылау жұмыстарының уақыты мен бағасын төмендетеді.

Геофизикалық әдістердің барлық түрі яғни электрлік, магниттік, paдиоaктивтік, термиялық, акустикалық, механикалық геохимиялық және басқа да әдістері ұңғыманың геологиялық қимасын анықтауда пайдаланылады. Аталған әдістердің ic жүзінде пайдаланылуы әртүрлі табиғи және жасанды физикалық өрістерді зерттеуге негізделген.

Ұгз кезінде қолданылатын кешенді аспаптар мен қондырғылар

ҰҒЗ әдісінің өciп дамуымен катар, жер бетінде (ұңғыма ернеуінде) тipкeyшi геофизикалық аспаптар мен құралдар, ұңғыма бойымен аспаптарды жоғары-төмен көтеріп-түсіретін қондырғылар да шығарыла бастады. Алғашқыда, потенциометр атты қарапайым аспап көмегімен ұңғыма бойымен аралығы 0,5-1 м сайын өлшеулер жүргізілетін болса, 1932 жылдан бастап жартылай автоматты түрде (кейіннен толық автоматты) жыныстардың көрінерлік кедергісі мен меншікті поляризациялық потенциалдарын диаграммаға жазатын арнаулы тipкeyшi аппараттар құрастырылды.

ҰГЗ зерттеулерінің саны көбеюімен қатар, бұл салада техника және әдістемелік жұмыстар да қарқынды түрде жүргізіле бастады. 1931 жылдан бастап ұңғыманың қисаю бұрышы мен азимутын өлшейтін арнайы инклинометр атты аспап жасалып, іске қосылды. Ұңғыманы термометриялық әдіспен зерттеу 1931-1932 жылдары өнеркәсіп саласында электр термометр пайда болды. 1935 жылы С. Я. Литвинов пен Г. Н. Строцкий ұңғыма оқпаны диаeтpінің өзrepicін өлшейтін жаңа кавернометрия атты әдісті ұсынды.

Акустикалық әдістердің ұңғыманы зерттеуде кеңінен қолданылуы XX ғасырдың 50-жылдары басталды.