- •3) Қондырылған колоннадағы цементтiң сапасын бақылау үшiн қолданылатын акустикалық каротаж.
- •Акустикалық каротаж мәліметтері бойынша кеуектілікті анық тау
- •Барлау геофизикасынан ұгз-ның айырмашылығы
- •Бк (бүйірлік каротаж) негізі және ерекшеліктері
- •Гамма әдісінің (гк) негізі, шешілетін мәселелер
- •Гк диаграммалары бойынша қабаттардың шекарасы мен қалыңдығын анықтау
- •Мұнай-газ кен орындарының игерілуін бақылайтын геофизикалық әдістердің мақсаты
- •Өзіндік поляризациялық потенциалдар әдісі (пс).
- •Өп (пс) тудыратын себептер.
- •Перфорация дегенді қалай түсінесіз? Оның түрлері?
- •Радиоактивтілік жайлы түсінік. Гк әдісі?
- •Радиоактивтілік параметрлері
- •Резистивиметрия әдісі және қолданылуы.
- •Стационарлы нейтронды әдістердің ерекшеліктері
- •Стационарлы нейтрондық әдістер.
- •Табиғи радиоактивтілік дегеніміз не?
- •Тау жыныстарының радиоактивтілігі.
- •Термометрия әдісін қандай аймақтарда қолданылады және қандай мәселелерді шешеді
- •Толқындардың таралу жылдамдығына әсер ететін факторлар. Орташа уақыт теңдеуі
- •Ұгз (ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің) әдістерінің жіктелуі.
- •Ұгз кезінде қолданылатын кешенді аспаптар мен қондырғылар
- •1950 Жылдан бастап өнеркәсіпте ұңғыманы геофизиялық әдістермен зерттеуге арналған геофизикалық лабораториялар іске қосылып, көптеген өлшеу және өңдеу жұмыстары автоматтандырылды.
- •Ұңғымада жүрргізілетін перфорация жұмыстары мен міндеттері.
- •Ұңғымада табиғи электр өрісін тудыратын физико-химиялық процесстерді атаңыз.
- •Ұңғымадан алынған параметрлерді тіркеу қондырғылары
- •Ұңғыманы зерттеудің нейтрондық әдістерін атаңыз және олардың физикалық негізі
- •Ұңғыманың цементтелу сапасын бақылайтын әдістер.
Ұңғыманың цементтелу сапасын бақылайтын әдістер.
Қондырылған колоннадағы цементтiң сапасын бақылау үшiн қолданылатын акустикалық каротаж. Каротаждың бұл түрi, қондырылған колонналардан цементтiң жабысу сапасын немесе олардың сыртындағы цемент сақиналарында каналдардың даму дәрежесiн анықтау үшiн қолданылады. Бұл каротаждың мәлiметтерi арқылы, қондырылған колонналарды қоршап тұрған цемент сақинасы, колонналармен қаншалықты жақсы жабысқанын анықтауға болады. Қондырылған колонналарды цементтеу, өнiмдi қабаттарды жеке- жеке игеру мен бақылау мақсатында, изоляциялау үшiн жүргiзiледi.
Цементтiң қондырылған колоннамен жабысу дәрежесiн жақсы көрсететiн қисық, сәулелендiргiштен 0,9 м арақашықтықта орналасқан қабылдағышпен серпiндi тербелiстер энергиясының әлсiреуiн анықтауда алынады. Егер қондырылған колонна бос болса (цементтелмеген), әлсiреу тербелiсi сәулелендiргiш- қабылдағыш аралығында, салыстырмалы түрде, аз болғанда, серпiмдi толқын оның бойымен 5200 м/ сек жылдамдықпен тарайды. Бiрақ трубаның сыртында цемент болып, ол еш ақаусыз және каналсыз трубамен сенiмдi түрде жабысқанда, колоннада таралатын серпiндi тербелiстердiң жылдамдығы цементке қарағанда жоғары болғандықтан, колонна бойынша таралатын бойлық тербелiстер дәл осындай тербелiстердi цементте де тудырады. Осының нәтижесiнде, энергияның көп бөлiгi қабылдағышқа жетпей таралып кетедi де, қабылдағыш келген тербелiстiң бiрден әлсiрегенiн көрсетедi. Лабораториялық зерттеулер, қабылдағыш қабылдаған тербелiс амплитудасының және қондырылған колоннаның цемент сақинасымен байланыс дәрежесiнiң арасында сызықтық тәуелдiлiк бар екенiн көрсеттi.
АК қисығының төменгi амплитудалы бөлiктерi цемент сапасының жақсы болған зоналарына ( жарықшақсыз, каналсыз) сәйкес. Керiсiнше, үлкен ампитудалар колоннада цемент сақинасының жоқтығын көрсетедi, яғни, цемент сақинасында каналдардың болуын, перфорация кезiнде цементтiң зақымданғанын және т.с.с.
