- •3) Қондырылған колоннадағы цементтiң сапасын бақылау үшiн қолданылатын акустикалық каротаж.
- •Акустикалық каротаж мәліметтері бойынша кеуектілікті анық тау
- •Барлау геофизикасынан ұгз-ның айырмашылығы
- •Бк (бүйірлік каротаж) негізі және ерекшеліктері
- •Гамма әдісінің (гк) негізі, шешілетін мәселелер
- •Гк диаграммалары бойынша қабаттардың шекарасы мен қалыңдығын анықтау
- •Мұнай-газ кен орындарының игерілуін бақылайтын геофизикалық әдістердің мақсаты
- •Өзіндік поляризациялық потенциалдар әдісі (пс).
- •Өп (пс) тудыратын себептер.
- •Перфорация дегенді қалай түсінесіз? Оның түрлері?
- •Радиоактивтілік жайлы түсінік. Гк әдісі?
- •Радиоактивтілік параметрлері
- •Резистивиметрия әдісі және қолданылуы.
- •Стационарлы нейтронды әдістердің ерекшеліктері
- •Стационарлы нейтрондық әдістер.
- •Табиғи радиоактивтілік дегеніміз не?
- •Тау жыныстарының радиоактивтілігі.
- •Термометрия әдісін қандай аймақтарда қолданылады және қандай мәселелерді шешеді
- •Толқындардың таралу жылдамдығына әсер ететін факторлар. Орташа уақыт теңдеуі
- •Ұгз (ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің) әдістерінің жіктелуі.
- •Ұгз кезінде қолданылатын кешенді аспаптар мен қондырғылар
- •1950 Жылдан бастап өнеркәсіпте ұңғыманы геофизиялық әдістермен зерттеуге арналған геофизикалық лабораториялар іске қосылып, көптеген өлшеу және өңдеу жұмыстары автоматтандырылды.
- •Ұңғымада жүрргізілетін перфорация жұмыстары мен міндеттері.
- •Ұңғымада табиғи электр өрісін тудыратын физико-химиялық процесстерді атаңыз.
- •Ұңғымадан алынған параметрлерді тіркеу қондырғылары
- •Ұңғыманы зерттеудің нейтрондық әдістерін атаңыз және олардың физикалық негізі
- •Ұңғыманың цементтелу сапасын бақылайтын әдістер.
Өп (пс) тудыратын себептер.
Мұнай-газ ұңғымаларында потенциалдар негізінде сазды шекаралармен, көбінесе саз-құм шекараларымен байланысты. Мұнай ұңғымаларында каротаж жүргізу кезіндегі басты әсер электрохимиялық потенциалдар (диффузиялық, мембраналық), ал рудалы аймақтарда рудалық минерализация потенциалдар көмегімен туындайды. Сазды шөгінділер натрий Nа+ катиондары үшін жақсы өткізгіш, бірақ хлор Сl- аниондары үшін нашар өткізгіш болып табылады. Артынша мембраналық потенциалдар Nа+ иондары минерализацияланған қабат суын құмтасты қабаттардан көршілес сазды қабаттарға, содан кейін әлсіз минерализацияланған жуу сұйықтығына диффундирлейді. Минерализацияланған қабат суы мен өту аймағындағы сүзгіленген тұщы жуу сұйықтығының арасындағы шекарада қосымша диффузиялық потенциал туындайды: катиондарға Nа+ қарағанда аниондардың Сl- қозғалуы жылдам болғандықтан, өту аймағында артық Сl- ағыны туындайды. Әдетте сүзгілену потенциалы (Еф) электрохимиялықтан әлде қайда кіші, сондықтан мұнай ұңғымаларында каротаж жүргізу кезінде ӨП барлық аномалиялары Ед әсерінен болады деп есептеуге болады.
Перфорация дегенді қалай түсінесіз? Оның түрлері?
Ұңғымаға қабаттан флюидтердің түсуін қамтамасыз ету үшін және мұнайлы немесе газды қабаттарды ашу үшін шегенделген колоннаны перфорациялау (тес) керек. Оқты перфораторлардың жұмыс жасау принципі шегенделген колоннаны, цемент тасын тесіп және қабатқа 30-40см дейін кіретін болат оқтармен зарядталған. Оқты перфораторлар жұмыс істеуі біруақытты және селективті болып бөлінеді. Біруақытта жұмыс істейтін перфораторлардың оқтары біруақытта атылады, ал селективтіде бірінен соң бірі, бір- бірлеп атылады. Ұңғымалардағы перфорация жұмыстарының ең көп тарағаны куммулятивті перфорация. Оның конструкциясы мынандай бөліктерден тұрады: жарылыс затынан (гексоген) детонатор, темір воронкадан, қоршаушы корпустан. Кумулятивті заряд- оқсыз кіші өлшемді қуыстарды атқылауда өте үлкен нәтиже береді. Зарядтарды герметизациялау бойынша куммулятивті перфораторлар екі топқа бөлінеді: 1) корпусты; 2) корпуссыз.
1) Корпусты куммулятивті перфораторлары қолданыс уақытына қарай, көп ретті және бір реттіболып бөлінеді. Корпусты куммулятивті перфораторда заряд детонацияланбайтын жарылыс патроны герметизацияланған болатты корпустың ішінде орналасады. Көп ретті куммулятивті перфоратор 10-50рет атуға дейін шыдайды. Ал, бір реттік, мысалы: ПКО және ПКОС типтілері бір рет қолданылады. Атылған кезде корпусы толығымен сынып бітеді.
2)Корпуссыз куммулятивті перфоратордың ленталық айта кететін болсақ, оның жұқа темір лентаның ішінде герметизацияланған зарядтар орналасады. Детонациялайтын бау алюминді, ал жарылыс патроны және шойын жүгі, шыны ішіне бекітілген. Бұл перфораторлар жарылыс кезінде толығымен қиратылады, бірақ корпуссыз перфораторлардың тесу қабілеті, корпусты перфораторларға қарағанда өте жоғары болады.
Радиоактивтілік жайлы түсінік. Гк әдісі?
Радиоактивтілік дегеніміз – химиялық элементттің атом ядросында болып жатқан табиғи немесе жасанды ионизациялық сәулелену (ионизирующее излучение) өрісінің сипаттамаларын өлшеуге негізделген геофизикалық әдітердің бipi.
Ашылған ұңғыманың табиғи радиоактивтілігін – спектральді (ГК-С) және интегралды (ГК) әдістер анықтайды. Ол үшін ұңғыма ішіне түсірілетін аспаптағы - сәулеленуінің индикаторы (Гейгер-Мюллер немесе сцинтилляциялық санауыштар) пайдаланылады.
Ұңғыма
бойымен тау жыныстары қабаттарының
-сәулелену қарқындылығын өлшеу
барысында жазылған қисық сызықты гамма
каротаждық қисық сызықтар деп атайды.
Өлшенген параметр жыныстардың
радиоактивтілігімен ғана емес ұңғыманың
жағдайымен де (ұңғыма диаметрі, сұйықтың
тығыздығы және т.б.) тікелей байланысты.
Гамма каротаж нәтижесінде гамма-сәулелену
(I
)
қарқындылығы үздіксіз қисықтар немесе
диаграмма арқылы алынады. Көрсеткіштері
импульс минутпен (имп/мин) немесе
микрорентген сағатпен (мкр/с) өлшенеді.
ГК келесі мәселелерді шешу үшін қолданылады: саздылық дәрежелері бойынша шөгінді қабаттарды корреляциялау мен бөлуде; пайдалы қазба кенорындарын іздеуде (уран, марганец, қорғасын, бокситтер, фосфориттер).
