- •3) Қондырылған колоннадағы цементтiң сапасын бақылау үшiн қолданылатын акустикалық каротаж.
- •Акустикалық каротаж мәліметтері бойынша кеуектілікті анық тау
- •Барлау геофизикасынан ұгз-ның айырмашылығы
- •Бк (бүйірлік каротаж) негізі және ерекшеліктері
- •Гамма әдісінің (гк) негізі, шешілетін мәселелер
- •Гк диаграммалары бойынша қабаттардың шекарасы мен қалыңдығын анықтау
- •Мұнай-газ кен орындарының игерілуін бақылайтын геофизикалық әдістердің мақсаты
- •Өзіндік поляризациялық потенциалдар әдісі (пс).
- •Өп (пс) тудыратын себептер.
- •Перфорация дегенді қалай түсінесіз? Оның түрлері?
- •Радиоактивтілік жайлы түсінік. Гк әдісі?
- •Радиоактивтілік параметрлері
- •Резистивиметрия әдісі және қолданылуы.
- •Стационарлы нейтронды әдістердің ерекшеліктері
- •Стационарлы нейтрондық әдістер.
- •Табиғи радиоактивтілік дегеніміз не?
- •Тау жыныстарының радиоактивтілігі.
- •Термометрия әдісін қандай аймақтарда қолданылады және қандай мәселелерді шешеді
- •Толқындардың таралу жылдамдығына әсер ететін факторлар. Орташа уақыт теңдеуі
- •Ұгз (ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің) әдістерінің жіктелуі.
- •Ұгз кезінде қолданылатын кешенді аспаптар мен қондырғылар
- •1950 Жылдан бастап өнеркәсіпте ұңғыманы геофизиялық әдістермен зерттеуге арналған геофизикалық лабораториялар іске қосылып, көптеген өлшеу және өңдеу жұмыстары автоматтандырылды.
- •Ұңғымада жүрргізілетін перфорация жұмыстары мен міндеттері.
- •Ұңғымада табиғи электр өрісін тудыратын физико-химиялық процесстерді атаңыз.
- •Ұңғымадан алынған параметрлерді тіркеу қондырғылары
- •Ұңғыманы зерттеудің нейтрондық әдістерін атаңыз және олардың физикалық негізі
- •Ұңғыманың цементтелу сапасын бақылайтын әдістер.
N11М2А зондына толық сипаттама беріңіз
N11М2А – потенциал зонд. Зонд ұзындығы L=MA=2. Бір полюсті.
А0.5М4.0N зондына толық сипаттама беріңіз
А0.5М4.0N – потенциал зонд. Зонд ұзындығы L=AM=0,5. Бір полюсті.
А2М0,5N зондна толық сипаттама беріңіз
А2М0,5N – градиент зонд, табандылық. Зонд ұзындығы
.
Бір полюсті.
Акустикалық әдіс. Әдістің физикалық негізі, шешілетін мәселелер
Акустикалық әдіс - ультрадыбыс (20кГц-2Мгц) және дыбыс (3-20кГц) диапазондарында ұңғымадағы серпімді толқындар өрістерінің параметрлерінің өзгерісіне негізделген. Мұндайда толқындық әдістер мүмкіншілігі толқындар ұзындығынан тәуелді, яғни тербелістер диапазонының жиілігіне. Акустикалық әдістерде басты толқындардың таралуы негізгі болады.
Тау жыныстардың акустикалық параметрлері олардың физико-механикалық қасиетіне, кеуектілігіне, кеуектілік кеңістігінің құрылысына және оның қанығу сипатына байланысты.
Акустикалық каротаж өзiнiң атқаратын мiндетiне қарай үшке бөлiнедi; 1) жылдамдыққа байланысты акустикалық каротаж- кеуектiлiктi анықтау үшiн; 2) басылуға байланысты акустикалық каротаж- жынысты толтырып тұрған флюидтi анықтау үшiн;
3) Қондырылған колоннадағы цементтiң сапасын бақылау үшiн қолданылатын акустикалық каротаж.
Акустикалық каротаж мәліметтері бойынша кеуектілікті анық тау
Акустикалық каротаждың жылдамдыққа байланысты тобы коллектор- жыныстардың кеуектiлiктерiн анықтауға арналған. Бастапқы мәлiметтерге қалыңдығы үлкен емес, әдетте 0.3 м, жыныс қабаттарынан өткен серпiндi толқындардың жүрiп өту уақытын өлшеу нәтижесi жатады. Жүрiп өту уақытының, жыныс литологиясының және кеуектiлiк арасында байланыс бар деп қабылданған, және ол "орташа уақыт формуласымен" өрнектеледi.
мұндағы, ΔТск , ΔТж – жыныстар қаңқасындағы бойлық толқын үшін орташа уақыт және кеуектілікті толтырып тұрған сұйықтық.
Бұл формула цементтелген жыныстар үшiн тура келедi, бiрақ әлсiз цементтелген және құрамында сазды материалдар бар жыныстар үшiн сәйкес келе бермейдi. Кеуектiлiктi анықтау барысында туындаған мұндай жағдайда, жыныста тараған сазды материалға және жыныстың тығыздығына түзетулер енгiзiлу керек.
Барлау геофизикасынан ұгз-ның айырмашылығы
Барлау геофизикасы - пайдалы қазба кен орындарын іздестіру және оларды игеруді бақылау мақсатында жер қыртысындағы геофизикалық өрістердің кеңістік пен уақыт барысында өзгеруін зерттейтін геофизика саласы. Табиғи өрістерді (геомагниттік, гравитациялық, электрмагниттік, ядролық физикалық ерістерді, серпінді тербелістер- ді) және жасанды өрістерді (электрогенера-торлар, қопарылыстар және қопарылыссыз кездердің кемегімен иондаушы сәуле та- рату кездері кемегімен алынған) өрістерді өлшеуге негізделген. Бұлардың өзгеруі жер қыртысы құрамының және құрылысының әртектілігімен, жер қыртысы қасиеттері мен онда өтіп жатқан процестерді өзгергіштігімен анықталады.
Ұңғымаларды геофизикалық әдістермен зерттеу ұңғыманың геологиялық қимасын зерттеу үшін, пайдалы қазбаларды анықтау үшін, оның өндірістік құнын бағалау үшін, ұңғыманың техникалық жағдайын анықтау үшін және мұнай мен газ кен орындарының игерілу процессін бақылау үшін қолданылады.
Геофизикалық жабдықтардың көмегімен ұңғымада өнімді қабаттарды ашуға, қабат флюидінен үлгі алуға, аварияға ұшыраған бұрғылау аспабын алуға байланысты күрделі жұмыстар жүргізіледі. Айтылған мәселелерді шешу үшін кәсіптік геофизикада тау жыныстарының электрлік, магниттік, ядролық серпінділік және т.б. қасиеттеріне негізделген геофизикалық әдістер маңызды орын алады.
Бк (бүйірлік каротаж) негізі және ерекшеліктері
Бүйірлік каротаж (БК) деп экрандалған электродтары бар зондтармен тоқты фокустау (бip жерде жинау) арқылы жүргізілетін кедергі каротажын айтады, яғни кедергі әдісімен каротаж жүргізу барысында зондтардағы электр өpici бақылауда болады (басқарылады).
Бүйірлік каротаж зондтарының санына байланысты көп электродты (жеті-, тоғызэлектродты) және үшэлектродты болып бөлінеді.
Бүйірлік каротаж диаграммасы көрінерлік кедергі әдісіндегі потенциал зонд пен градиент зонд диаграммаларына қарағанда, кедергісі жоғары жұқа қабатты айқын бөліп, оның кедергісін нақты есептеуге мүмкіндік береді.
БК-ды қолдану аймағы
Бүйiрлiк каротаж өте минерализацияланған бұрғылау ерiтiндiсi мен кедергiсi жоғары тау жыныстарының қимасында қолданылады. Мұндай жағдайда, әдеттегi зондтың нәтижелерiне ұңғыма көп әсер етедi. Ал нәтижесi ұңғыма әсерiне тәуелдiлiгi аз бүйiрлiк каротажда ыңғайлы қисықтар алынады, және олар арқылы қабаттардың дәл салыстырмалы кедергiсi туралы, сонымен бiрге, қалыңдығы аз қабаттар туралы мәлiмет алуға мүмкiндiк бередi.
Бүйiрлiк каротаж, одан басқа, кедергiнiң жай әдiстерiне қарағанда қималарды жақсы бөлiп, қабаттардың шекарасын дәл белгiлейдi.
Бүйірлік каротаж әдістерімен шешілетін мәселелер
Бүйiрлiк каротаж өте минерализацияланған бұрғылау ерiтiндiсi мен кедергiсi жоғары тау жыныстарының қимасында электр өpiciн бақылау үшін қолданылады. Бұл әдіс қабаттардың дәл салыстырмалы кедергiсi туралы, сонымен бiрге, қалыңдығы аз қабаттар туралы мәлiмет алуға мүмкiндiк бередi.Бүйiрлiк каротаж, одан басқа, кедергiнiң жай әдiстерiне қарағанда қималарды жақсы бөлiп, қабаттардың шекарасын дәл белгiлейдi.
Бүйірлік электрлік зондылау әдісі (БКЗ)
Қабаттың нақты (истинное) меншікті кедергісі, негізінен, бүйірлік каротаждық зондылау (БКЗ) әдісімен анықталады. Бұл әдісті қолдану барысында ерітінді фильтратының ұңғыма қабырғасына сіңу белдемі де анықталады.
БКЗ-нің мәліметтерін интерпретациялау барысында тұрғызылған зондылау қисық сызықтары теориялық қисық сызықтары салыстырылып, олардың арасындағы сәйкес келетіндерінің параметрлері (меншікті кедергі, фильтраттың сіңу белдемі) алынады.
БКЗ әдісін пайдаланудың қолайсыз жағдайлары: қиманың әртектілігі (кедергілері әр түрлі қабатшалардың алмасуы), аса жоғары немесе төмен кедергілі тау жыныстары, ұңғыма жуатын ерітіндінің кедергісінің аз болуы (тұзды ерітінділер). Бұл жағдайларда каротаждың басқа түpлepi пайдаланылады.
