Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК неврология СД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401.43 Кб
Скачать

Туберкулезді менингит

Туберкулез менингиті жалпы туберкулез ауруынан кейін дамиды. Туберкулез микобактериясы торасы кеңістігі және торлы(хориоидты) өрім арқылы гематогенді жолмен нерв жүйесіне кіреді.

Қабыну процесі – экссудативті – пролиферативті. Мидың қабықшалары ми аяқшаларының, вароли көпірінің аймағында, үлкен жарты шарлардың базальді бөліктерінде қарқынды түрде зақымдалады. Ми қарыншалары кеңейген, құрамында белогы бар сарғыш ликвормен толған. III қарыншаның айналасында перивентрикулит көрінісі анықталады. Созылмалы қабыну процесі – бөртпелермен аяқталады, ал бөртпелер ликвор айналымын бұзады. Қантамыр өрімінің зақымдалуы, қарыншалардың эпиндимінің қабынуы (хориодиттар, эпендиматиттер) ликвор айналымының бұзылуына, ликвордың гиперпродукциясына, сильвий түтігінің бөгелуіне әкеледі.

Клиникасы. Продромальды кезеінің ұзақтығы 2 апта. Науқаста жалпы әлсіздік, шаршағыштық, болбырлық пайда болады. Сонымен қатар басының ауруы, жүрек айнуы, тітіркеніш келуі, шуға жарыққа шыдамауы анықталады. Вегетативті дисфункция симптомдары айқындалады, яғни тұрақты дрмографизм, Труссо дақтары, гипергидроз, тахикардия, ішек – қарын дискенизиялары байқалады.

Менингеальды симптомдар кейіннен айқындала түседі. Процестің мидың аймағында орналасуы нәтижесінде бас-ми жүйкелерінің зақымдалуы, көз қимылдатқыш және мимикалық бұлшық еттердің (птоз, амимия) парезі дамиды. Кей кездерде көру қабілетінің сезімталдықтың бұзылулары, гемипарездер, гиперкинездер, қозғалыс координациясының бұзылуы, түбіршектік синдромдардың дамуы мүмкін. Көз түбінде көру жүйкесінің үрпішесінің іркілуі, атрофиясы анықталады.

Жұлын – ми сұйықтығы мөлдір, сары түсті, қысымы жоғары, аралас цитоз (лимфоцитарлы - нейтрофильді) 1 мкл-де 100-500 клетка. Белок жоғары (1-3г/л), хлоридтер мен қант мөлшері төмендейді. 24 сағаттан соң ликворда нәзік фибриндер пайда болады, кейде Кох таяқшалары анықталады.

Клиникалық синдромына байланысты бірнеше түрлері бар. Мидың-негізгі қабықтарының зақымдалуы – базальды деп, ортаңғы және аралық ми түзілістерінің зақымдалуы-мезидиэнцефальды, ми негізінің және ортаңғы ми артерияларының бассейндерінде ауыр түріндегі қантамыр бұзылуларының болуы – менинговаскулярлы деп аталады.

Ағымына байланысты туберкулез менингиті жедел, жеделдеу, созылмалы және рецидивті болып бөлінеді.

Емдеу. Арнайы туберкулезге қарсы препараттар қолданылады (стрептомицин, фтивазид, ПАСК). Фтивазид, метазидті 1 кг дене салмағына тәулігіне 50 мг, изониозидті 20-30мг/кг/тәулік, стрептомицин 30-50 мг/кг тәулік тағайындайды. Дозасы көп мөлшерде берілсе, есту жүйкелері зақымдалып, саңырау болып қалуы мүмкін. ПАСК 1 кг дене салмағына тәулігіне 0,2 г-нан беріледі. Ұзақ емделмей, берілген емнің нәтижесі болмаса, этионамид (0,01-0,02г/кг тәулік), циклосериал (0,02 г/кг/тәулік) , каномицин (0,01г/кг) тағайындалады. Арнайы терапия, дегидратациялық, дезинтоксикациялық, антигистаминді, витаминді препараттармен, жүрек дәрілерімен бірге тағайындайды. Рецидивтердің алдын алу үшін жылына екі рет фтивазидпен ем жүргізіледі.