Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК неврология СД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401.43 Кб
Скачать

Ми қан тамырларының аурулары

Ми қан айналымының бұзылуы жиі кездесетін аурулар тобына жатады. Ол өлімнің және ауыр мүгедектіктің себептері болып табылады. Барлық дірігерлер үшін ми қан тамырлары ауруларын білудің, көмек көрсету шараларын жетік меңгерудің маңызы зор.

5 сурет

Үлкен мидың артериялы айналымының схемасы (виллизиев шеңбері)

  1. Ішкі ұйқы

  2. Ортаңғы ми

  3. Алдыңғы ми

  4. Алдыңғы байланыс

  5. Артқы ми

  6. Артқы байланыс\базиллярлы

  7. Омыртқа

  8. Алдыңғы жұлын ми

  9. Жоғарғы мишық

  10. Алдыңғы төменгі мишық

  11. Артқы төменгі мишық

  12. Артқы жұлын ми

  13. Бұғана асты

  14. Жалпы ұйқы

  15. Аорта

Этиологиясы. Ми қан айналымының бұзылуына себепші аурулар:

  1. Атеросклероз

  2. Гипертониялық ауру

  3. Атеросклерозбан гипертониялық аурудың бірге кездесуі

  4. Артериялық гипертензиялар (феохромоцитома, бүйрек аурулары)

  5. Аневризмалар және ми қан тамырларының басқа аномалиялары

  6. Жүрек аурулары (ревматизм, аритмия т.б.)

  7. Мойын остеохондрозы

  8. Қан аурулары (эритермия, лейкоздар т.б.)

  9. Васкулиттер (инфекциялы – аллергиялы, мерезді, ревматикалық)

  10. Жүйелі тамыр аурулары (тромбоангит, түйінді периартерит)

  11. Интоксикациялар (экзогенді және эндогенді)

  12. Магистральды тамырлардың мойында зақымдалуы

  13. Ісіктер

I. Ми қан айналымының өткінші бұзылуы.

Бұл ми қан айналымының бұзылуының өте жиі түрі.

Ми қан айналымының өткінші бұзылуының клиникалық жалпы милық және ошақты симптомдар байқалады. Жалпы милық симптомдардан бас ауруы, көз алмасының ауруы, көзді қимылдатқанда ауры, бас айналуы, жүрегі айнып, құсу, құлақ шулау байқалады. Аурудың ес-түсі бұзылуы мүмкін. Қысқа уақытта есінен тануы, эпилептикалық абсанс тірңздң эквиваленттер болуы мүмкін. Кейде жалпы және фокальды эпилептикалық ұстамалар кездеседі. Жалпы милық симптомдар гипертониялық криздерде жиі байқалады. Өте ауыр гипертониялық криздерде жалпы милық симптомдарға қоса менингеальды симптомдар (менингизм) байқалуы мүмкін. Люмбальды пункция жасағанда жұлын ми – сұйықтығының қысымы жоғары, көз түбінде ісік, кішкене қан құйылуы мүмкін.

Гипотониялық церебральдық криздерде жалпы милық симптомдар азырақ байқалады, қан қысымы төмендеп, жүрек қағуы нашарлайды.

Ошақтық симптомдардың көбінесе үлкен жарты шарлар зақымдалғанда байқалатын симптомдар кездеседі, көбінесе сезімталдық сферасының зақымдалу белгілері – қол – аяқтың ұюы, беттің, тілдің бір жақ жартысының, еріннің ұюы байқалады.

Сезімталдықтың бұзылуыме бірге қозғалыс сферасында зақымдалу симптомдары байқалады. – параличтер мен парездер, көбінесе кішкене аймақтарда (қолдың басы, бір қол, бір аяқ монопарездер). Кейбір науқастарда беттің бір жартысының, тілдің жартысының парездері (VII және XII жұптар) байқалуы мүмкін.

Объетивті тексергенде сіңір жіне тері рефлекстері өзгереді, патологиялық рефлекстерден Бабинский рефлексі жиі кездеседі.

Өткінші сөйлеу қабілетінің бұзылуы, тілдің күрмелуі (жартылай моторлық афазия, сенсорлық афазия), апраксиялық бұзылулар, көру алқабының тарылуы, дене схемасының бұзылуы (аутопагнозия, анозогнозия) байқалуы мүмкін.

Ми сабағы зақымдалғанда (вертебро – базилярлық бассейн) бас айналуы, жүргенде теңселуі, координациясының бұзылуы байқалады, көз алдында заттардың қосарланып көрінуі (диплопия), нистагм, бетте сезімталдықтың бұзылуы, тілдің, саусақтардың ұюы, екі жақта бірдей патологиялық пирамидалық белгілер байқалады. Альтернациялық синдромдар сирек кездеседі, бірақ бірақ олар кездескен жағдайда, олар ми сабағының зақымдалуының патогномды синдромдары болып табылады. Ми сабағының зақымдалу симптомдарымен қатар әр түрлі фотопсиялар, өткінші скотомалар, оптико – вестибулярлық бұзылулар, қысқа уақыттық есте сақтау, ойлау қабілеттерінің бұзылуы, мишықтың зақымдалу симптомдары байқалуы мүмкін.

Осы криздерден кейін микросимптомдар біраз уақытқа дейін қалуы мүмкін, ал айқын симптомдар 24 сағат ішінде қалпына келеді.

Ми қан айналымының өткінші бұзылуының патогенетикалық механизмдері.

  1. Ангиоспазм

  2. Ми қан айналымының ауторегуляциясының бұзылуы

  3. Ангиопарез

  4. Микротромбоздар

  5. Микрогеморрагиялар

  6. Микроэмболиялар

  7. Ми қан тамырларының жетіспеушілігі

Ми мен жұлын тамырларының зақымдалу бойынша жіктелуі

  1. Ми қан айналымының бұзылуына әкелетін аурулар мен патологиялық өзгерістер.

    1. Атеросклероз

    2. Эссенциальды гипертензия

    3. Атеросклерозбен артериальды гипертензия

    4. Симптоматикалық гипертензия

    5. Вазоматорлық дистония (ангиоспазм т.б.)

    6. Артериальды гиподинамия (гипотензия)

    7. Жүрек қан тамыр аурулары (ревматизм, инфаркт ағымының бұзылуы)

    8. Инфекциялық және аллергиялық васкулиттер (мерез, ревматизм, коллагеноздар)

    9. Ми тамырларының токсиндермен зақымдалуы (экзо және эндотоксиндер)

1.10.Ми тамырларының жарақаттануы

1.11.Тамырлардың қысылуы (омыртқа ауруларынан, ісіктермен)

1.12. Жүрек – қан тамыр жүйесінің аномалиялары.

1.13.Қан аурулары (эритермия, лейкоздар т.б.)

1.14.Эндокриндік аурулар

1.15.Басқа аурулар мен патологиялық өзгерістер

2. Ми қан айналымының бұзылу түрлері

2.1. Ми қан айналымының бұзылуының бастапқы белгілері

2.2. Ми қан айналымының жедел бұзылуы

2.2.1. Ми қан айналымының өткінші бұзылуы

А) транзиторлық ишемия;

Б) гипертониялық криздер;

2.2.2. Ми қабықтары астына қан құйылу

А) субарахноидальды;

Б) эпи- және субдуральды қан құйылулар;

2.2.3. Ми қан құйылу

А) паренхиматозды;

Б) паренхиматозды – суборахноидальды;

В) қарыншаларға қан құйылу;

2.2.4. Ми инфарктісі (эмболиясыз)

А) бастың негізгі артерияларының зақымдалуы;

Б) ми артерияларының зақымдалуы;

В) басқа себептер

2.2.5. Ми инфарктісі (эмболиясы)

А) кардиогенді;

Б) басқа себептер;

2.2.6. Жедел гипертониялық энцефалопатия

2.2.7. Жедел ажыратылмаған бұзылулар

2.3. ми қан айналымының баяу, үдемелі бұзылуы

2.3.1. Дисциркуляторлы энцефалопатия

2.3.2. Дисциркуляторлы миелопатия

2.4. Белгісіз бұзылулар

2.5. Инсульттан кейін қалғаг көріністер

3. Зақымдалу ошағының орналасуы

1.1. Ми жарты шарлары:

А) ми қыртысы;

Б) мидың ақ заты;

В) ішкі капсула;

Г) қыртыс асты ядролары;

Д) көру бұдыры;

1.2. Ми сабағы

А) орта ми;

Б) вароли көпірі;

В) сопақша ми;

Г) мишық;

1.3. Мидың қарыншалары

1.4. Бірнеше ошақтар

1.5. Жұлын:

А) мойын бөлігі;

Б) кеуде;

В) бел – сегізкөз бөліктері;

1.6. Орны анықталмаған

2. Тамырлардың өзгеру ерекшелігі

2.1. Бітеліп қалуы

2.2. Таралуы

2.3. Иілу, бүгілу

2.4. Аневризмалар:

А) туа пайда болған, қалта тәрізді;

Б) жарақаттан кейін;

В) артерия – веналық;

Г) каротидті – кавернозды жарылуы;

2.5. Тамырлардың немесе аневризмалардың жарылуы

2.6. Тамыр қабырғасының өткізгіштігінің бұзылуы(артум)

2.7. Басқа бұзылулар

3. Зақымдалған тамырлар

3.1. Кең таралған

3.2. Аорта

3.3. Ұйқы артериясы (жалпы, сыртқы, ішкі)

3.4. Бұғана асты артериясы

3.5. Омыртқа артериясы

3.6. Негізгі артерия

3.7. Мидың алдыңғы артериясы

3.8. Мидың ортаңғы артериясы

3.9. Мидың артқы артериясы

3.10. Негізгі артерияның тарамдары

3.11. Мишықтың артқы төменгі артериясы. Ұйқы артериясының ми қабықтарына баратын тарамдары.

3.12. Ми веналары мен синустары

3.13. Мойындырық венасы

3.14. Жұлын тамырлары

3.15. Басқа тамырлар

3.16. Белгісіз бұзылулар

4. Клиникалық синдромдар

4.1. Субъективті симптомдар

4.2. Органикалық симптоматика (жойылу симптомдарсыз)

4.3. Қозғалыс сферасының бұзылулары (парездер, параличтер, экстрапирамидалық бұзылулар, координацияның бұзылуы, гиперкинездер)

4.4. Сезімталдықтың бұзылуы (ауырсыну, гипестезия)

4.5. сезу мүшелерінің қызметінің бұзылуы

4.6. Жоғары ми қызметінің бұзылуы

4.7. Ұстамалар, қояншық тірңздң ұстама

4.8. Интеллектісінің, есте сақтау қабілетінің, эмоция сферасының өзерулері

4.9. Психопатологиялық симптоматика

5. Экспертизасы

5.1. Еңбекке жарамды

5.2. Уақытша жарамсыз

5.3. Еңбекке жарамдылығы төмендеген

5.4. Еңбекке жарамсыз

5.5. Басқа кісілердің көменгінсіз өзін өзі атқара алмайды

5.6. Үнемі сырттан бақылауды талап етеді