- •II. Бет жүйкесінің невропатиясы
- •Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары
- •II. Менингиттер
- •Менингиттердің жіктелуі (м.Б.Цукер бойынша)
- •2.1. Іріңді менингит.
- •Эпидемиялық менингококкты менингит
- •2.2. Серозды менигит.
- •Эпидемиялық паротит вирусы туғызатын менингит
- •Энтероврусты серозды менингит
- •Туберкулезді менингит
- •III. Арахноидиттер
- •IV.Энцефалиттер
- •I. Инфекциялық – аллергиялық және аллергиялық энцефалиттер
- •II. Микробтық және рикетсиоздық:
- •III. Инфекциялы – генетикалық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер:
- •4.2.Кене энцефалиті
- •Маса энцефалиті.
- •Вакциналық энцефалит.
- •Қызылша кезіндегі энцефалит.
- •Жел шешек кезіндегі энцефалит.
- •V.Полиомиелит.
- •Полиомиелиттің жіктелуі
- •VI. Лейкоэнцефалиттер.
- •VII.Таралған склероз
- •VIII.Тұмау кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •X. Токсоплазмоз кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •Симпатикалық жүйке жүйесі
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •1.Жабық бмж.
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •Ми қан тамырларының аурулары
- •Үлкен мидың артериялы айналымының схемасы (виллизиев шеңбері)
- •II.Ишемиялық инсульт
- •III.Геморрагиялық инсульттің түрлері.
- •V.Ишемиялық және геморрагиялық инсульттардың ажыратпалы диагностикасы.
- •Геморрагиялық және ишемиялық инсульттың дифференциалдық диагнозы.
- •IV.Инсульттерді емдеу принциптері.
1.Жабық бмж.
Жабық БМЖ бас сүйегі мен бас миының зақымдалуында,бірақ бас сүйегінің бүтіндігі бұзылмайды немесе ми соғылуы мен бастың жұмсақ тіндерінің жарақатында,апоневроз зақымдалуында болады.Жабық БМЖ-на бас күмбезінің сүйектерінің сынықтары,жұмсақ тіндері мен апоневроздар жатады.Жабық БМЖ кезінде бас миының әртүрлі зақымдалулары болады:Ми шайқалуы,ошақты ми соғылулары жеңіл,орташа,ауыр дәрежесінде,басішілік гематоманың қысылуы және т.б.(Л.Б.Лихтерман 1994).
Бас ми шайқалуы-БМЖ-мен зақымдалғандардың 70-80%кездеседі. Патоморфологиялық-клеткалық,субклеткалық деңгейдегі өзгерістер болады.Макроқұрылымды патология болмайды.Бас ми шайқалуы клиникасы бірнеше секундтан бірнеше минутқа созылатын есінің таңуымен көрінеді.Естің жоғалуы жарақат кезінде,дейін және кейін(кон-,ретро-,антероградты амнезия) болуы мүмкін.Жиі жүрек айну мен құсу болады.Ол кезде бастың ауруы,әлсіздік,құлақтағы шуыл,бетегі қан тамырының көрінуі,тершеңдік,басқа вегетативті көріністер және ұйқы бұзылысы.Көзін қозғалтқанда ауыруы,оқығанда қосарлануы.Өмірге маңызды жүйелердің қызметі бұзылмайды.Неврологиялық статуста-лабильді,сіңірлік,терілік рефлекстердің ассиметриясы,нистагм,сәл ғана қабықтық симптомдар алғашқы 3-7 тәулікте жойылуымен көрінеді.Бас сүйектерінің зақымдалуы болмайды.Ми –жұлын сұйықтық қысымы және оның құрамы өзгеріссіз.Науқастың жалпы жағдайы алғашқы аптасында,сирек жарақаттан кейін 2-інші аптасында жақсарады.Бас миының шайқалуы кезінде КТ-да басішілік кеңістіктегі ликвор мен ми затының жағдайлары өзгеріссіз қалады(Л.Б.Лихтерман 1994).
Бас миының соғылуы ми затының әртүрлі дәрежедегі(геморрагия, деструкция) ошақты макроқұрылымдық зақымдалулармен,сондай-ақ субарахноидальды қанқұйылулар,бас сүйек негізі мен күмбезінің сынықтарымен және нәтижесі ауыр контузиямен сипаталады.БМЖ кезінде көбінесе жергілікті ,бөліктік,жартышарлық және жайылған бас миының ісіктері мен ісінулері кездеседі.Бас миының соғылуы кезінде ликвор құрамы өзгереді(қарыншалық жүйесі,базальдық цистерн,конвекситальдық субарахноидальды саңылаулар).Бас ми соғылуының клиникасына қарай 3 дәрежесі бар(Л.Б.Лихтерман 1994).
Мидың соғылуының жеңіл дәрежесінің клиникасы жарақаттан кейін есінің 15-20 минутқа жоғалуымен білінеді.Шағымдары:бас ауыруы,бас айналуы,жүрек айну т.б.Ретро-,кон-,антероградты амнезия,құсу ,кейде қайталануымен көрінеді.Өмірге қажетті ағзалар көбінесе айқын өзгерісіз болады.Сәл ғана брадикардия немесе тахикардия,кейде-артериальды гипертензия.Тыныс алу мен температурасы өзгеріссіз болады.
Неврологиялық симптоматика-негізінен жұмсақ (клоникалық нистагм,жеңіл анизокория,менингиальды симптомдар және т.б.) бас-ми жарақатынан кейін 2-3 аптадан соң пайда болады.Бас-ми жарақатының жеңіл сатысының шайқалудан ерекшелігі-бас сүйегінің сынуы мен субарахноидальды қанқұйылулар болады.КТ-ғы өзгерістер бас-ми жарақатының 1-інші сағаттарында анықталады(Л.Б.Лихтерман 1994).Ми соғылуының орташа дәрежесінде естің өшуі жарақаттан кейін 15-20минуттан бірнеше сағатқа жалғасады.Антероградты амнезия анық көпреттік құсу және психиканың бұзылыстары болады.Өмірге маңызды функциялардың бұзылыстары брадикардия,тахикардия,АҚ жоғарылауы,тыныс ритмінің бұзылуынсыз тахипноэ.Менингиальды симптомдар жиі және анық.
Тамырлық симптомдарда табылады:нистагм,менингиальды симптомдардың диссоциациясы,дене осінің бұлшықет тонусы және сіңір рефлекстері бойынша 2 жақты патологиялық белгі және т.б.Ошақты симптомдар анық байқалады,бас зақымдалуының локализациясының анықталуымен:қарашықтың және көз қимылдатқыштың бұзылуы,аяқ-қолдардың парездері,сезімталдықтың және сөйлеудің бұзылуы және т.б.
Жиі күмбез сүйегінің сынығы байқалады және бас сүйегі негізінің,сонымен қатар айқын субарахноидальды қанқұйылу.
КТ көбінесе ошақты өзгерістерді анықтайды,компактты емес орналасқан гиподенсивті зонада жоғары тығыз ұсақ қосылысы мен аз гомогенді тығыздығы жоғары ошақтар.КТ кейде төмен тығыздықты зонасын анықтайды(локальді ісік).
Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы.Клиникада травмадан кейін естің жоғалуы бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін созылуымен көрінеді.Өмірге қажетті функциялардың ауыр қауіп-қатерлік бұзылыстары байқалады;әдетте неврологиялық күмбез симптоматикасы доминирленеді,1-ші сағатта немесе тәулікте БМЖ-нан кейін жарты шарлы ошақты симптомдар анықталады.Аяқ-қолдарының парездері анықталуы мүмкін(параличке дейін),оральді рефлекстердің автоматизмі және т.б.Кейде жайылған немесе фокальді эпилептикалық ұстамалар байқалады.Ошақты симптомдар жай регрессирленеді;жиі дөрекі қалдықтар көріністері,ең басты,қимыл және психикалық сфера жағынан байқалады.БМС ауыр дәрежесі жиі бас миы негізінің,күмбездің сынуымен жалғасуы мүмкін,сонымен қатар массивті субарахноидальды қанқұйылумен.
Ескерту.Горметония анықталадытек патологиялық синдром ретінде,аяқ-қолдарының бұлшықетінің күрт тырысуымен көрінеді.
Басішілік гематомалармен басылуы әдетте бас миының қатты қабығының астындағы немесе үстіндегі травмадан кейінгі гематомалардан болады.Бас сүйек сынығының басылуы және бас миының травмадан кейінгі ісінуімен болады.Бас миының қысылуы бірден апайда болмайды,үрдістің белгілі динамикасымен көрінеді.
-травмадан кейін ұзақтығы бойынша әртүрлі естің жоғалуы болады,бас миының зақымдалуы немесе ми шайқалуы клиникасымен жалғасады;
-естің қайта оралуынан кейін"ашық аралық" әртүрлі ұзақтық болады,оның жылдамдығы және көлемі бас сүйегінің қан ағуына және локализациясына байланысты;
Ескерту. "ашық аралық" болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін.Ол фонға байланысты(ісік,бас миының соғылуы) басылуы өрши түседі.
-қатты және жедел бас ауруы,құсу,эпилепті тәрізді ұстамалар және ошақты симптоматикамен жалғасады:гематома жағында қарашықтың ұлғаюы,гемипарез немесе гемиплегия,прогрессирленген естің жоғалуы,прогрессирленген дислокация тыныс алу орталығының және қанайналымының зақымдалуын шақырады,ол науқастың қаза табуына алып келеді.
Ашық бас-ми жарақаты.
Ашық БМЖ бастың жұқа қабатының бүтіндігінің бұзылуымен жүреді,сонымен қоса апоневроз және бас сүйегі,егер бас миы зақымдалса.
БМЖ:
1/өтпейтін(сүйектердің зақымдалуы,бірақ мидың қатты қабатының бүтіндігі бұзылмаса).
2/өтетін(сүйектердің зақымдалуы,ми мен мидың қатты қабатының зақымдалуы).
Аралас,біріктірілген БМЖ (сочетанная).
Аралас БМЖ деп-механикалық энергия бас сүйегінің және басішілік құрылымының зақымдалуы кезінде,сол уақытта бас сүйегінен тыс зақымдалуларды да шақыруы.
Аралас БМЖ жіктелуі 2 принцип бойынша жүреді:
1/бас миынан тыс зақымдалуының локализациясы(бет сүйегі,кеуде клеткасы және оның ағзалары,құрсақ қусы ағзалары мен құрсақ қуысынан тыс кеңістік,омыртқа мен жұлын,аяқ-қолдары мен жамбас,көптеген бас сүйегіне тыс зақымдалулар.
2/бас миының және бас миынан тыс зақымдалулар,оның ауырлық дәрежесіне байланысты.
Аралас БМЖ-да организм функциясын басқаратын,сонымен қатар орындайтын жүйелер зақымдалады.Эректильді фаза көбінесе уақыты бойынша ұзарады,сол себепті стационарда жоғарылатады.Аралас БМЖ-тық шок классикалық травмалық шоктан қарағанда естің бұзылуымен,брадикардия,сыртқы тыныс алудың бұзылуы, гипертермия, сонымен қатар ошақты неврологиялық симптомдармен менингиальды белгілер көрінеді.
Бас жарақаты кезіндегі шұғыл көмек.
Бастың соғылуында оқиға болған жерде қан тоқтатқыш таңып қойып, науқастың диагнозын дәлелдеу үшін және кейінгі емін анықтау үшін травматологиялық стационарға жеткізеді. Жабық, ашық және аралас бас-милық жарақатта оқиға болған жердегі көмек жарақаттың ауырлығына байланысты және симптоматикалық сипатқа ие.Ашық және енген жарақатта госпиталь алды этапында ми жарасын гемостатикалық губка канамицинмен жабады және бетіне асептикалық таңу қояды.Науқасты жедел түрде травматологиялық стационарға жеткіземіз(диагнозын нақтылау үшін).Жәбірленушінің есі анық кезде зеңбілге арқасынан жастықсыз жатқызып тасымалдайды.Есі жоқ болғанда тұрақты қалыпта құсу кезіндегі аспирацияның алдын алу үшін басын бір жағына қарай жатқызады.БМЖ-ғы реанимация шараларын госпиталь алды кезеңінде бастайды.Олар жарақат кезінде өмірге маңызды функциялардың бұзылуын қалпына келтіру,ауыр гемодинамикалық бұзылыстарда қан жоғалту,тыныс жолдарының обтурациясы нәтижесінде ми гипоксиясы мен ишемияның алдын алуға бағыттайды.Адекватты газ алмасуын қамтамасыз ету үшін тыныс жолдарын босатады,ауа жібергіш енгізеді,трахея интубациясын немесе трахеостомия жасайды,оттегі болған жағдайда ӨЖЖ жасайды.Психомоторлық және қозғалғыштықтың қозуында седативті заттар қолданылады.
Ескерту.Жәбірленуші ауыр БМЖ-да есінің ауыр бұзылысы жағдайында ошақтық және жалпы милық симптоматика өсуінде өмірге маңызды функциялардың бұзылуында интенсивті терапия және реанимация бөлімшесіне госпитализация жасайды.
7.Сабақтың мазмұны.
Студенттің өзіндік жұмысы:жедел жәрдемге шығу және шұғыл медициналық жәрдемде дәрігер ретінде-дублер:сұрақ,науқасты қарау(пальпация,перкуссия,аускультация) алдын ала диагнозды қою,жедел көмек көрсету,қажетті жағдайда науқасты госпитализациялау.
Мұғаліммен жұмыс:топ студенттерімен теорияны талқылау,студенттің көрсеткен жедел және шұғыл медициналық көмегін клиникалық талқылау.Өткен және қорытынды білім дәрежесін бақылау.Сабақ тақырыбы бойынша тесттер және ситуациялық есептер жүргізу арқылы анықталады.
Инсульт-бас ми функциясының тез дамитын фокальды және глобальды бұзылысымен жүретін, тамырлық генезді бұзылыстарға байланысты 24 сағатқа созылатын немесе өлімге әкелетін бұзылыс
Кома. -Есі жоқ
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
Анықтамасы?
Этиологиясы?
Патогенезі?
Жіктелуі?
Клиникасы?
Диагностикасы?
Емі?
Алдын алу шаралары?
Тарататын материал: тесттер, ситуациялық есептер.
Манипуляция алгоритмдері:
Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар.
ЧЕК-парағы:
Үй тапсырмасы:
Қолданатын әдибиет:
