Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК неврология СД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401.43 Кб
Скачать

VI. Лейкоэнцефалиттер.

Лейкоэнцефалит кезінде нерв клеткаларында дистрофиялық өзгерістер болғанымен негізінен бас миының ақ заты зақымдалады. Процестің көбінесе орналасатын жері – үлкен жарты шардың субкортикальды бөлімі. Сондықтан клиникалық көрінісінде лейкоэнцефалитке тән психиканың бұзылуы басым болуы мүмкін.

Клиникасы. Ауру көбінесе инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін басталады. Жоғарғы жүйке қызметінің өзгерістері ерте белгілері болып табылады: науқастар сылбыр, эйфория болады. Ақыл – ойы, есі төмендейді, кей – кезде апраксия, агнозия, жазу және санауы бұзылады. Ақыл – есі біртіндеп төмендеп, интелектуальдық кемістіктер байқалады. Ал кей жағдайда штзофрения симптоматикасы – негативизім, тұйықтық, әлеуметтік қатынастардың жойылуы көрініс береді. Эпилепсиялық ұстама да өзіне тән симптомдардың бірі болып табылады. Эпилепсиядан лейкоэнцефалит кезіндегі ұстаманың айырмашылығы ұстама сирек болса да – адамның жеке басы тез бұзылады.

Лейкоэнцефалит кезіндегі қозғалыстың бұзылуы әр түрлі болады. Науқастарда спастикалық салдану және парез, гиперкинездер, псевдобульбарлық және бульбарлы бұзылыстар болады.

Лейкоэнцефалиттердің жеке клиникалық түрлері болады. Ван – Богар лейкоэнцефалиті - үдемелі кем ақылдылық болады, эпилепсия тәрізді ұстамамен, экстрапирамидтік синдромдармен, псевдобульбарлық бұзылулармен сипатталады. Шильдердің периаксальды лейкоэнцефалитінде көбінесе салдану мен парез, ал экстрапирамидтік бұзылыстар сирек, көру нервінің димиелинизациясының нәтижесінде көруі бұзылады (ретро – бульбарлы неврит).

Лейкоэнцефалиттерді лейкодистрофиямен, бас миының ісіктерімен салыстырмалы диагноз жүргізіледі.

Лейкодистрофияда отбасымен ауырады және ауыру мектеп жасына дейін басталады. Биохимиялық тексеруде нейролипид алмасуы өзгерістері байқалады. Бірақта салыстырмалы диагностикасы өте қиын.

Бас миының ісіктеріне бас сүйегі ішінің гипертензиялық симптомдары тән: бас ауруы, бас айналу, құсу, краниограммада бас ішінің гипертензиясы, ісіктерде ошақты белгілер, ал лейкоэнцефалитте таралған болады.

Лейкоэнцефалиттерді емдеу үшін қабынуға қарсы, десенсибилизациялық заттар, тамыр тарылтқыш препараттар, витаминдер, аминоқышқылдар қолданылады. Инфекциялық аурудың алдын алудың маңызы зор, өйткені ол аурудың ағымын өршітеді.

Жедел таралған (шашыранды) энцефаломиелит- жүйке жүйесінің инфекциялық-аллергиялық ауруы, негізінен бас миымен жұлынның ақ затының ауруы. Жүйке жүйесінің демиелиндік ауруына жатады. Аурудың патогенезінде аллергиялық механизмнің рөлі бар.

Патоморфологиясы. Бас жүйкелерінің зақымдалуы жиі болады, кейде негізгі симптомы болып табылады. Негізінен бас ми жүйкелерінің бульбарлы тобы (9, 10, 12) бет жүйкесі зақымдалады. Балаларда көбінесе көру жүйкесі зақымдалады.

Қозғалысының бұзылуы пара және тетраплегия түрінде көрінеді. Парезбен салдану көбінесе аяқта дамиды. Сезімталдық бұзылуы парестезия жиі кездеседі. Жедел кезенінде жүйке бағаналарын сипағанда ауырады, Ласег, Вассерманның, Мацкеевичтің тартылу симптомы, айқын клиникалық кезендерінде менингеальды симптомдар байқалады (Кернинг, Брудзинский).

Көбінесе зәр мен нәжісі жүрмей қалады. Кей кезде трофикалық бұзылулар болып жауыр пайда болады. Жұлын сұйықтығында 1 мкл-дан 20 дан 100 клеткаға дейін лимфоциттік сипаттағы цитоз байқалады. Цитозбен бір мезгілде аздап белоктың жоғарлауы пайда болады. Жедел фазасында ЭТЖ(СОЭ) 30-40мм/сағ дейін жоғарлайды, лейкоцитоз, эозинофилия байқалады.

Жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерінің зақымдалуына байланысты (бас миы, шеткі жүйкелер) әр түрлі симптокомплекстер дамиды. Балаларда көбінесе эннцефалополирадикулоневрит синдромы және тарлаған миелит синдромы байқалады. Эннцефалополирадикулоневрит кезінде бас миы жайылмалы зақымдалады. Оптикоэнцефаломиелитке көру жүйесінің бас миының және жұлынның зақымдалуы тән. Көру жүйкесінің зақымдалуы, аурудың жедел кезінде кейбір науқастарда соқырлыққа алып келеді.

Полиэнцефаломиелит кезінде патологиялық процесс бас ми жүйкелерінің ядроларында қамтиды. Бульбарлық салдану дамиды. Таралған миелит кезінде төменгі спастикалық – парапарезбен тетрапарез байқалады.

Ағымы. Жедел тарлаған энцефаломиелиттің ағымы жағымды. 15-20 пайыз жағдайда парез. Көруінің нашарлауы сақталады. Жедел тарлаған энцефаломиелитті қызылша, жел шешек, тұмау кезіндегі энцефалитпен, таралған склерозбен салыстырмалы диагноз жүргізу керек.

Емдеуі. Дегидратациялық, десенсибилизациялық препараттар, гамма – глобулин, аз мөлшерде қан мен плазма құю, глюкоза гексамитилин – тетрамин тағайындауға болады. Қалпына келу кезеңінде В тобының витаминдерін антихолинэстеразды препараттарды қолданады.