- •II. Бет жүйкесінің невропатиясы
- •Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары
- •II. Менингиттер
- •Менингиттердің жіктелуі (м.Б.Цукер бойынша)
- •2.1. Іріңді менингит.
- •Эпидемиялық менингококкты менингит
- •2.2. Серозды менигит.
- •Эпидемиялық паротит вирусы туғызатын менингит
- •Энтероврусты серозды менингит
- •Туберкулезді менингит
- •III. Арахноидиттер
- •IV.Энцефалиттер
- •I. Инфекциялық – аллергиялық және аллергиялық энцефалиттер
- •II. Микробтық және рикетсиоздық:
- •III. Инфекциялы – генетикалық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер:
- •4.2.Кене энцефалиті
- •Маса энцефалиті.
- •Вакциналық энцефалит.
- •Қызылша кезіндегі энцефалит.
- •Жел шешек кезіндегі энцефалит.
- •V.Полиомиелит.
- •Полиомиелиттің жіктелуі
- •VI. Лейкоэнцефалиттер.
- •VII.Таралған склероз
- •VIII.Тұмау кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •X. Токсоплазмоз кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.
- •Симпатикалық жүйке жүйесі
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •1.Жабық бмж.
- •Әдебиеттің тізімі:
- •1. «Жүйке және психикалығы аурулар» г.В.Морозов. Окулық-7 шығару
- •Ми қан тамырларының аурулары
- •Үлкен мидың артериялы айналымының схемасы (виллизиев шеңбері)
- •II.Ишемиялық инсульт
- •III.Геморрагиялық инсульттің түрлері.
- •V.Ишемиялық және геморрагиялық инсульттардың ажыратпалы диагностикасы.
- •Геморрагиялық және ишемиялық инсульттың дифференциалдық диагнозы.
- •IV.Инсульттерді емдеу принциптері.
Маса энцефалиті.
Маса энцефалиті (В-энцефалит, жапон, жазғы-күзгі энцефалит) 1924 жылы Жпониядағы эндемиядан кейін сипаталған. Аурудың қоздырғышы мүзгіш вирус болып табылады. Ауру маса шаққаннан кейін пайда болады. Маса және кейбір жануарлар вирустың табиғи қоры болып табылады.
Патоморфологиясы. Маса энцефалиті өте ауыр энцефалиттер қатарына жатады. Патолого-анатомиялық көрінісі ауыр капилляро-токсикозбен және нейротоксикозбен сипатталады. Ми қабықшасында және затында, бауырда, өкпеде, бүйректе гиперемия, толақандылық, геморрагия айқын білінеді. Қыртыс асты түйіндерінде (стрипаллидарлы жүйеде, көру төмпешігінде), ортаңғы ми құрылымдарында, сирек жағдайда мишықта, жұлында, ми қыртысында қабыну пролиферативті және деструктивті некрозды өзгерістер айқын байқалады. Патоморфологиялық түрде панменингоэнцефаломиелиттің көрінісі жиі көрінеді.
Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең көбінесе 5 күннен 2 аптаға дейін созылады. Көп жағдайда ауру жедел басталады: дене қызуы жоғарлап, есінен танады, таралған құрыспа, құсу, менингеальды симптомдар анықталады. Тері мен кілегей қабықша қызарып, геморрагиялық бөртпенің көптеген тарлған элементтері пайда болады. Психоматорлы қозу, сандырақтау, галлюцинация немес керісінше адинамия жоғарылап, пирамидалық бұзылулар, парездер, параличтер пайда болуы мүмкін. Орта мидың зақымдалуы кө қимылдатудың бұзылуымен, децеребрациялық сіреспе симптомдарының дамуымен сипатталады. Процесс сопақша миға таралған кезде бульбарлы синдром, тыныс алу параличі және жүрек қызметінің бұзылуы байқалады.
Ауыр интоксикация мидың, әсіресе гипоталамус аймағы қантамырларының өткізгіштігінің өзгеріуі вегетативті-алмасу бұзылуларына әкеледі. Қанда нейтрофильді лейкоцитоз (1 мкл-де 20000 клеткаға дейін), ЭТЖ (СОЭ) жылдамдауы анықталадыү люмбальды пункция кезінде жұлын сұйыұтығының қысымының жоғарлауы анықталады. Цитоз аралас: 1-мкл-де 200 элементке дейін болып, белогы қалыпты жағдайда болуы мүмкін.
Аурудың ағымы қте жедел және ауыр болып келеді. Кейбір эпидемияда өлім 75% - ке дейін жеткен. Қай синдромның басымдылығына байланысты маса энцефалитінің бірнеше клиникалық түрлерін бөлген: менингеальды, тырыспалы, гемипарездік, летаргиялық, бульбарлы.
Аурудың диагнозы өзіне тән жедел ағымдылығының, айқын интоксикацияның, капилляротоксикоздың, менингеальды симптомдардың децеребрациялық сіреспе синдромдарының негізінде қойылады.
Профилактикасы мен емі. Масалардан сақтанудың жеке және коллективті шараларын қолдану, батпақтарды құрғату маңызды профилактикалық шаралардың қатарына жатады. Тұрғылықты халыққа маса энцефалитіне қарсы профилактикалық егулер жүргізіледі.
Науқастарға бұлшық ет ішіне немесе эндолюмбальды түрде 2-3 мл мөлшерде 2-3 күн бойы сарысу егіледі. Дезиноксикациялық дегидратациялық терапия жүргізіп, симптоматикалық препараттар тағайындалады (антиконвульсанттар, жүрек-қан тамырға әсер ететін препараттар, антибиотиктер т.б.). сауығып келе жатқандарға витаминдердің жоғары дозасын, күшейткіш дәрілер, биостимуляторлар, массаж, емдеу және дене шынықтыруы тағайындалады.
