Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК неврология СД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401.43 Кб
Скачать

Техникалық және кәсіптік білім беру

Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы

ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»

Техническое и профессиональное образование

ГКП ПХВ «Медицинский колледж»

Управление здравоохранения г.Алматы

ЦӘК Терпиядағы МІ «Неврологиядағы МІ» пәнінен ОӘЖ

Пән: Неврологиядағы МІ

Алматы медициналық колледжі

1 дәріс. Тақырыбы: Невропатологияға кіріспе. Орталық және перифериялық жүйке жүйесінің функциональді анатомиясы және физиологиясы.

3, 4 курс

6, 8 семестр

Оқытушы:

Пәннің мақсаты: негізгі неврология туралы білім беру, білім алушыларда маңызды кәсіптік машыктарды және клиникалық ойлау негізін қалыптастыру, алған білімі мен машықтарын медбикелік диагноз қоюда және оны нақтылауда колдану.

Қысқаша мазмұны:

Орталық жүйке жүйесінің анатомиясы және физиологиясы

Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.[

Орталық жүйке жүйесі

Адам ағзасы физиологиялық белсенділік және тыныштық қалыпты жағдайда болады. Физиологиялық белсенділік жағдайда адам ағзасы түгел, немесе мүшелер жүйесі, немесе жеке мүшесі қызмет атқарып тұрады. Физиологиялық тыныштық жағдайда тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу бірақ көзін жұмып жатады. Адам ағзасының сыртқы және ішкі ортаның түрлі әсеріне жауап беру қабілеті тітіркену деп атайды. Сыртқы және ішкі ортаның әсерін тітіркендіргіш деп атап, тегі бойынша төртке бөледі: физикалық (механикалық соққы, қысым, электрлік әсерлер), химиялық (дәрі-дәрмек, улы заттар, сілті-қышқылдар, тұз-ерітінділер, тамақтың органикалық-бейорганикалық құрамдық бөліктері), физико-химиялық (ерітіндідегі иондар мен заттардың осмостық, парциалдық қысымы, концентрациясы), биологиялық (тірі ағзалардың әсері). Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркенуге қабілетті ұлпаны тітіркенгіш ұлпа деп атайды (жүйке, бұлшықет, без ұлпалары). Тітіркенгіштің тітіркендіргіштің әсеріне электрлік және биохимиялық қасиеттерін өзгертіп, қызметін күшейтіп жауап беруін қозу деп, қозудың бәсеңдеуін немесе тоқтауын тежелу деп атайды. Орталық тежелу құбыысын 1862 жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Тірі жүйенің электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Жасушаның мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық немесе әрекет потенциалы дейді. Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық және физиологиялық біртұтастығыны байланысты. Егер нервті байласа, салқындатса, фармакологиялық, наркоикалық заттармен әсер етсе олардың физиолгиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады. Нервтің өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық құрылысымен таныс болу қажет және сонда ондағы өткізгіштік процестерді фармакологиялық жолмен реттеуге болады. Мысалы, новокаин миелінсіз нерв талшықтарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол изоляцияланбаған мембранаммен әректтесе отырып аксоплазмадан анатомиясы, калий иондарының көптеп шығуын туғызады. Нәтижесінде нерв талшығының сырты гиперполяризацияланады. Мұның өзі мембраналық потенциалдың өсуі мен ұлпалар қозғыштығының төмендеуіне әкеп соғады. Тамақтану асты табу қозғалыстарына (бағдарлау, асты ұстау, шайнау, жұтыну т.б.) негізделеді. Жоғарғы жүйке әрекеті күшіне қарай күшті (күшінің қатынасына сай) және әлсіз болып бөлінеді. Күшті тип байсалды (қозғалғыштығына, ширақтылығына сай) және тынышсыз (жеңілтек) болып бөлінеді. Байсалды – қозғалғыш, ширақ тип және селқос, жігерсіз тип болып екіге бөлінеді. Ес – көрген-білгенді, естігенді, сезгенді, өтіп кеткен құбылыстарды нақтылы бір жағдайда, қасиеттерімен бірге жинақтап, тәжірибе ретінде адамның пайдалануы. Есте сақтау – адамның өмірден алған тәжірибесін өзгертпестен қайта жаңғырту. Оқушылардың жұмыс қабілеті тұрақты болмайды. Ол күні бойы, апта, жыл, өмір бойы кейде жоғары, кейде төмен болып өзгеріп отырады. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне әр түрлі факторлар әсер етеді. Ми қыртысының қозғыштығы таң ертең жақсы болып, түске дейін сақталады. Содан кейін біраз уақыт тежелу үстем болып 16-17 сағатта қозғыштық қайтадан жоғарылайды, бірақ ұзаққа созылмайды. Балалардың жұмыс қабілетінің өзгеруі динамикасы таң ертеңгі сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін екі рет жоғарылап, төмен түседі. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне физиологиялық, физикалық және психикалық факторлар әсер етеді. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қыметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сытртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі-ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі — ойлау, дүниетану, пікір тудыру дегеніміз — жүйке жасушасы. Ол — жүйке жүйесі құрамындығы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің морфоөрекеттік негізі. Нейтрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым. Нейрондар пішіні, келемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон талықтары ұзындығына қарай (1 микроннан-1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Нейтроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (гли-опдарды) айтады. Глия грек сөзі — желім дегей мағынада. Глиаксоны екі түрлі — астроциттер және өзара түйіспелер құрайды. Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша де-несінен күннің сәулесі тәрізді жан-жақта таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. Олигодендпоциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады. Бұл жүйенің аты латынның limbus — жиек деген сөзінен алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршағап құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді дененің жан-жағында орңаласқан: белдеуші қатпар (gyrus hippocampi) миндаль (бадамша) тәрізді кешен (комплекс), күмбез (fornix), гиппокамп, мамиллярлық дене. Бұл құрылымдарды 1878 ж. лимбиялық қыртыс деп атаған. Ол қызмет жағынан таламустың алдыңғы ядролары мен гипоталамус және ортаңғы мидың торлы Құрылымымен тығыз байланысты. Осы аталған құрылымдардың қызмет бірлігін, оның аса күрделілігіп көрсету үшін 1952 ж. П.Д.Мак-Лин (америка ғалымы) оларды бір лимбиялық жүйеге біріктіреді (22-сурет). Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызметінің бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы әсерленістерін сақтау. Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түрлі вегетативтік функциялар, ішкі ағзалардың қызметі өзгереді. Мысалы, бадам тәрізді кешенді тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар тонусы өзгереді. Ас қорыту ағзаларының қызметі ішек қимылы, сілекей бөлінуі көбейін, шайнау, жұту қимылдары пайда болады. Мұнымен қатар, қуық жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейееді. Мұндай өзгерістер лимбиялық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Мұнымен қатар қуық, жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейеді. Мұндай өзгерістер лимбиялыық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Айтылған вегентативтік әсерленіс гипоталамусты жеке тітіркендіргенде кездесетін әсерленістерге ұқсас, дегенмен тұтас лимбиялық жүйенің қатысуымен вегетативтік әрекеттердің реттелуі гипоталламустан көп жоғары дәрежеде өтеді. Лимбиялық қыртыс гипоталамуспен бірге ішкі ортаның мұқтаждығын қамтамасыз ететіп іс-әрексті мен эмоцияның калыпптасуына қатысады. Лимбиялық жүйенің кейбір жерін тітіркендіргенде жануарларда себепсіз ашу, ызалану, бой бермей шабуыл жасау немесе қорқыныш сезімдері пайда болады. Егер ол бөліктерді алып тастаса, мысалы, бұрын шабуыл жасауға әрқашан даяр маймыл жетекшісі жуас және сенгіш болып қалады. Мұнымен бірге оның ас іздеу әрекеті және жыныстық функциясы бұзылады. Мұның бәрі лимбиялық жүйе, гипоталамус секілді, вегетативтік және денелік, эндокриндік әрекеттерді үйлестіріп біріктіретінің көрсетеді. Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гап-покампын алып тастаса, жақын арада болғап барлық окиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде бұл құрылым тітіркендірілсе, бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі. Гиппокамптың құрылым ерекшеліктері ондағы қозудын кейрондар тізбектері арқылы айналып жүруіне керекті жағдай туғызады. Осы мәселе, оның есте сақтау қызметінің негізін құрады. Есте сақтау бұл гиппокамп пен жаңа қыртыстың қызметі. Гиппокамп арқыпы лимбиялық жүйе жаңа ми қыртысының самай, мандай бөлімдерімен байланысады. Қорыта келгенде лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып бүкіл вегетативтік және дене қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады. Орталық жүйке жүйесінің негізгі кьпметі — рефлекс (ferlescsus -латын сөзі –тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин. Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінін белгілі бір жерінде топ-талған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады. Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы тарайды. Сондықтан қозудың өткізу еректішеліктері түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне байланысты. Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 ме кідіріп, жүйке орталынғынан баяу өтеді. Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез қажитыны анықталды. Бұл, біріншіден, түйііспелерде медиаторлар мөлшерінің, екіншіден, нейтрон денесіндегі қуат қорының азаюынан, үшіншіден, нейрондарға оттегі жетіспеуінен (гипоксия) болады. Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны жылдамырақ өтеді. Бастапқы қозу келесі қозудың өтуін жеңілдетіп, жүйке орталығында із қалдырады, қысқасы, бастапқы қозу келесіге жол салады, сөйтіп оның өтуін жеңілдетеді. Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштін жиілігі мен күшіне тең бола бермейді. Жеке тітіркендіргішке жауап ретінде жүйке орталығында көптеген қозу толқындары пайда болады. Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатып жауап (рефлекстік әсерленіс) уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ. Қабылдағышты тітіркендіру тоқтағанымен жүйке орталығында қозу көпке дейін тоқтамайды. Бұл үрдіс тітіркендіруден кейінгі әрекет деп аталады. Дивергенция мен конвергенция. Қозудың орталық жүйке жүйесін. Қоздыру ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да түйіспе құрады, яғни бір нейрон аксонының серпінісі бірдей бірнеше нейронды қоздырады. Мұндай құбылыс дивергенция (тармақталыс) деп аталады. Бұған қарама-қарсы құбылыс — конвергенция (түйістіріліс), яғни бірнеше нейроннан кепіп түскен серпіністердің бір немесе азғана нейронда жинауы. Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондары қозған кезде басталатын. Жұлыннан Реншоу жасушасы табылды. Бұл жасуша жұлын мотонейронының айналасында орналасқан. Оны мотонейрон аксоңының бұтағы қоздыра ды. Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды. Тежеуші нейроның аксонытның ұшыпан тежелу медиаторы (гаммааминмай қышқылы не глицин) бөлініп шығады да оның әсерінен түйіспеден кейінгі тежеуші потенцил пайда болады. Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық жүйке жүйесіндсгі су бординация кұбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері әсіресе жинақы қозу, конвергеция мен окклюзияның маңызы өте зор. Бұлармен қатар орталық жүйке жүйесіндегі кездесетін бірнеше құбылыстар (принциптер) рефлекстерді үйлестіру негізін құрады: қозу мен тежелудің жайылысы (иррадиациясы), бір жерге шоғырлануы (концентрациясы), үрдістердің индукциясы мен реципроктық тежелу, доминаттық қозу, кері байланыс, соңғы жалпы жол. Жүйке орталығында пайда болған бір үрдіс екінші қарама-қарсы үрдістін тууына себепкер болады. Бұл индукция құбылысы. Жүйке жүйесінде қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мәселен, жұлынның бір сегментін жартысында бұғу орталығы қозады. Мұнымен бірге екінші жартысындағы жазу орталығы қозыт, бұгу орталығы тежеледі. Келесіде осы орталықтағы үрдістер бірін-бірі алмастырады. Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч. Шерингтон репрокцииялық (жегілген немесе қосарланыс) тежелу деп атаған. Репрокциялық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді

Невралгия (грек тілінен neuron – жүйке және algos – сырқырау, ауырсыну) – шеткі жүйкенің ұстамалы ауруы. Невралгияның пайда болуына жүйкенің қабынуы, жүйкенің шоғырланған жері мен омыртқа жотасының аурулары немесе тіндер мен органдардың жарақаттануы, инфекция түсуі (тұмау), қатты суық тию, т.б. әсер етеді. Невралгияға үш тармақты, желке және қабырға аралық жүйкелер жиі шалдығады. Үш тармақты жүйкенің Невралгиясы сәбидің алғаш тісі шыққан кезде қиындықтар туғызса, жұлған тістің орны қабынып, қатты суық тисе не инфекция түссе, сондай-ақ пульпит (тіс тінінің қабынуы) және периодонтиттің (тіс түбінің сыртқы қабығының қабынуы) асқынуынан болады. Бұл кезде беттің бұлшық еті тітіркеніп, адамның аузын ашуы, жұтынуы, жөтелуі қиындайды, ауру ұстамасы кенеттен болып, бірнеше минуттан бірер сағатқа созылуы мүмкін. Желке Невралгиясы кезінде негізінен мойын ауырады. Ал қабырға аралық жүйкенің Невралгиясы омыртқа жотасының ауруынан, әсіресе адамға қатты суық тиюден болады. Емі: Невралгияны туғызған ауруларды емдеу, поливитаминдер егу, физиотерапия, т.б. қолдану. Көп жағдайда үш тармақты жүйкенің Невралгиясына хирургиялық операция жасалады.

Орталық жүйке жүйесінің аурулары адамзатқа ежелден белгілі және олар жүйке денсаулығына қатер төндіреді. Шизофрения, биполярлық аурулар мен қояншық ауруы (эпилепсия) кеңінен мәлім және көбінесе невролог дәрігердің немесе психиатрдың іс тәжірибесінде жиірек кездеседі.

Қояншық (эпилепсия) — (грек. epіlambano – шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық – жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі. Эпилепсияны белгілеріне қарай ұзақ уақыт идиопат. (генуинді) және симптомат. деп бөлген. Эпилепсия туралы алғашқы деректер Гиппократ еңбектерінде “қасиетті ауру” деген атпен, әр түрлі себептермен туындайтын бас миының ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиник. көріністері мен емін толық сипаттап жазған. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан (менингит, арахноидит, арахноэнцефалит), т.б. жағдайлардан болады. Сондай-ақ әке-шешесі маскүнем болса, олардың балаларының да Эпилепсияға шалдығуы мүмкін. Кейде бұл ауру тұқым қуалайды. Эпилепсия 10 – 15 жастағы балаларда байқалады. Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып, айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан көбігі ағады, басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын білмейді. Кейде ауру жеңіл ұстап, селкілдемей-ақ есінен танып құлайды, ұстама тез басылады. Эпилепсияның қайталап ұстауы көбіне ешбір себепсіз болады. Кейде қорыққанда, бір нәрсеге ашуланғанда, шаршағанда жиілеуі мүмкін. Эпилепсияның ұзақ уақыт ұстайтын түрі де болады. Мұндай кезде науқас адам селкілдеп құламайды. Бірақ псих. әрекеті өзгеріп, мінез-құлқы бұзылады. Науқас тұнжырап, айналасында болып жатқан жағдайға көңіл бөлмей, өзіне қойылған сұраққа жауап бермейді. Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі, әр жерден бірдеңе іздеп әуреге түседі. Қасындағы адамға ретсіз тиісіп, ұрысады, үйден шығып кетуі де мүмкін. Кейде өзін-өзі жұлып, бетін тырнайды, қолына түскен затты сындырады, айқайлап, жылап, қатты күйзеледі. Ұстама біткеннен кейін осы істегендерінің біреуін де есіне ала алмайды. Эпилепсия асқынған сайын жиі ұстап, науқас адамның мінезі, жүріс-тұрысы, ой-өрісі өзгеріп, ойын дұрыстап жеткізе алмайтын болады. Ұмытшақ болып, сәл нәрсеге ренжіп қалады. Өзін ренжіткен адамға өшігіп, ол адамды ешқашан ұмытпайды. Емі аурудың түрі, себебі және ағымына қарай тағайындалады. Аурудың белгісі білінісімен емдеуді ерте бастаған тиімді болады. Ең алдымен Эпилепсияға не себеп болғанын анықтап алады. Ауру ұстаған кезде оны тарқататын препараттармен қатар, науқасқа организмін әлдендіріп, иммунитетін көтеретін дәрі-дәрмек беріледі. Ауру адамға дұрыс тамақтану, мезгілімен ұйықтау, диета сақтау, отбасындағы және еңбек ұжымдағы жағымды жайлардың маңызы зор

Пән: Неврологиядағы МІ

Алматы медициналық колледжі

2 дәріс. Тақырыбы: Негізгі неврологиялық синдромдардың клиникалық көріністері. Неврологиялық науқастарды тексеру әдістері. Неврологиядағы диагностика жүргізудің қазіргі заманға сай тәсілдері.

3,4 курс, 6,8 семестр

Оқытушы:

Пәннің мақсаты: негізгі неврология туралы білім беру, білім алушыларда маңызды кәсіптік машыктарды және клиникалық ойлау негізін қалыптастыру, алған білімі мен машықтарын медбикелік диагноз қоюда және оны нақтылауда колдану.

Қысқаша мазмұны:

Пән: Неврологиядағы МІ

Алматы медициналық колледжі

3 дәріс. Тақырыбы: Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары. Невриттер, невралгиялар, остеохнодроздар. Науқастарды тексеру, емдеу принциптері мен күтім жасау ерекшеліктері.

Жүйке жүйесінің жұқпалы ауруы.

3,4 курс, 6,8 семестр

Оқытушы:

Пәннің мақсаты: негізгі неврология туралы білім беру, білім алушыларда маңызды кәсіптік машыктарды және клиникалық ойлау негізін қалыптастыру, алған білімі мен машықтарын медбикелік диагноз қоюда және оны нақтылауда колдану.

Қысқаша мазмұны:

ШЕТКЕРІ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ

Шеткері жүйке жүйесі зақымдалғанда патологиялық процесске оның әр түрлі бөлімдері: жүйке сабақтары, өрімдер, түбіршіктер және т.б. қатысады. Зақымдалудың орналасуында байланысты мононевриттер, полиневриттер, плекситтер, гангионевриттер, радикуоневриттер, полирадикулоневриттер деп аталады.

Шеткері жүйке жүйесі ауруларының этиологиялық факторларына: жұқпалы аурулар, жарақаттар, омыртқа остеохондрозы, метоболизмнің бұзылулары жатады.

Бұл аурудың потогенезі токсиндік, зат алмасу және аутоиммундық бұлылуларға байланысты. Жүйке қабықтарына, ортаңғы цилиндіріне немесе оларды құрайтыни түбіршектерге, қан тамырларына зақым келеді. Радикулиттердің дамуында остеофиттер, омыртқа аралаық дисктер жарығының компрессиясына ерекше мән беріледі.

Патоморфологиясында түрлі өзгерістер жүйке сабақтарының домбығуы, миелин қабығының ыдырауы ең ауыр жағдайда жүйке талшықтарының деструкциясы болады.

  1. Шеткері жүйке жүйесі ауруларының жіктемесі (Бүкілодақтық шеткері жүйке жүйесі ауруларының проблемалық комиссиясы 1982-1984жж.):,03

I. Вертоброгенді бұзылыстар

1. Мойын деңгейі

1.1. Рефлекторлық синдромдар

1.2. Түбіршектік синдромдар

1.3. Түбіршектік-тамырлық(радикуломиелиялық) синдромдар

2. Кеуде деңгейінде

2.1. Рефлекторлық синдромдар

2.2. Түбіршікті синдромдар

3. Бел –құйымшақ синдромдары

3.1. Рефлекторлық синдромдар

3.2. Түбіршікті синдромдар

3.3. Түбіршіктік-тамырлық синдромдар

II. Нерв түбіршектері,түйіндерінің, өрімдерінің зақымдануы

  1. Менингорадикулиттер, радикулиттер

  2. Радикулоганглиониттер, ганглиониттер, трунциттер

  3. Плекситтер

  4. Өрісдер (мойын, иық, бел – құйымшақ бөлімдерінің) жарақаттары.

III Көптеген түбіршектер мен нервтердің зақымдануы.

1. Инфекциялық - аллергиялық полирадикулоневриттер (Гийен – Барре және т.б).

2. Инфекциялық полиневриттер

3. Полиневропатиялар (токсикалық, аллергиялық, дисметриялық, дисциркуляторлық, метаболикалық, тұқым қуалаушылық)

IV. Жеке жұлын жүйке жолдарының зақымдануы.

1. Жарақаттық

2. Компрессиялық - ишемиялық

3. Қабынуға байланысты

V. Бас ми жүйкелерінің зақымдануы.

1. Үштік жүйке және басқа жүйкелердің невралгиясы

2. Невриттер, бет жүйкесінің невропатиясы

3. Басқа ми жүйкелерінің невриті

4. Прозопалгиялар

5. Стомалгия, глоссалгия.

Процестің этирологиясы мен локализациясынан басқа көрсетілетіндер: 1) барысы (жедел, жеделдеу, созылмалы), созылмалы түрінде прогредиенттілігі, тұрақты (созылмалы), жиі рецидивтеуші, сирек, регредиентті ; 2) сатысы (ылғи рецидивті, барысты кезінде); 3) функциясының бұзылу дәрежесі және сипаты: ауырсыну синдромының айқындылығы (әлсіз айқындылығы, аз айқындылықты, айқын, өте айқын) локализациясы және қимыл бұзылыстарының дәрежесі, сезу бұзылыстарының айқындылығы, вегетативті – тамырлық немесе трофикалық бұзылыстар айқындылығы, пароксизмдер мен ұстамалардың жиілігі және ауырлығы.

II. Бет жүйкесінің невропатиясы

Бет жүйкесінің невропатиясы жұқпалы факторолар (тұмау, жедел, респираторлы аурулар, отиттер, паротиттер т.б.), тамырлы ишемиялар, жарақаттар, компрессиялар әсерінен дамиды.

Бет жүйкесінің қабыну белгілері мимикалық бұлшық еттердің қызметінің бұзылуымен көрінеді. Зақымдалған жағында маңдай және мұрын –ерін қатпарлары тегістелген, ауыз бұрышы түсіңкі, ұрты аздап томпайған, кейде тыныш күйде де ауыздың сау жаққа қарай қисаюы байқалады. Әсіресе бұл құбылыстар күлгенде, жылағанда, ұртын үрлегенде, ысқырғанда жақсы айқындалады.

Сонымен қатар созылмалы беттің жоғарғы бөлігіндегі мимикалық бұлшықеттер зақымдалғанда: көз саңылауы толық жабылмайды (лагофтальм), көзін жұмғанда көз алмасының жоғарғы немесе сыртқа қарай ауытқуы (Бел симптомы), маңдайының жиырылмауы, қабағының түйілмеуі байқалады. Кей кезде зақымдалға жағында жеңіл мидриаз, конъюнктивальды және түбірлі (мүйізгек қабықтан) рефлекстердің төмендеуі анықталады.

Аталған симптомдар айқын болғандықтан диагноз қою қиын болмайды. Бірақ зақымдану деңгейін анықтау үшін қосымша симптомдарды да ескерген жөн. Ми сабағындағы ядросының тұсында зақымдалса Мийяр-Гюблердің альтернациялық синдромы, мишық көпір бұрышында зақымдалса инкординация және V, VI, VII жүйкелердің зақысмдалу симптомдары, көздің құрғауы, дәм сезуінің бұзылуы (тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде) байқалады. Самай сүйегінің пирамидасы ішінде жас ағызу дабыл жарғағын кершукі жүйкелерінің, дәм сезу талшығының таралу деңгейіне байланысты көз құрғауы немесе көзден жас ағу, гиперакузия, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезбеу симптомдары байқалады. Егер патологиялық процесс жүйкенің тізе түйіні тұсында орналасса Хант синдромы байқалады, яғни мимикалық бұлшық еттердің парезі, құлақ қалқаны аймағында және тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде герпес бөртпесі пайда болып, қатты ауырысыну сезімі білінеді, зақымданған жағында есту қабілеті төмендеп, вегетативтік бұзылулур байқалады.

  1. сурет

1. Көпір

2. Үштік жүйкенің түйіні

3. Жастың безі

4. Үлкен тасты жүйке

5. Барабанды өрімге апаратын байланыстырушы сабақ

6. Үзеңгі жүйкесі

7. Барабанды ішек

8. Мимикалық және теріасты бұлшық еттеріне баратын тармақтары

9. Бізтіласты және екі құрсақты тармақтар

10. Құлақ самай жүйкесі

11.Ішкі есту өткелі

12. Жалғыз жолдың ядросы

13. Жоғарғы сілекей бөлу ядросы

14. Бет жүйкесінің ядросы

15. Тізе түйіні

Шынайы жекеленген невриттің басқа аурулармен ұштаспауы үшін (көлемді процестер, базальды арахноидит, самай сүйегінің зақымдалуы және т.б) бет жүйкесі зақымдалғанда әрбір науқас міндетті түрде неврологиялық тексеруден өтуі тиіс.

Көру және есту жүйкесінің невриттері кезінде көру және есту қабілеттерінің төмендеуі, вестибулярлық бұзылулар байқалады. Егер осы аталғанг зақымдалулар жекеленген болып, басқа невроологиялық аурулармен жалғаспаса, науқас окулистпен оториноларингологтарда қаралуы керек.

Емі: бетті қайта орнына келтіру терапиясында медикаментозды, физикалық. Емдерді және емдік массаж бен дене шынықтыру, санаторлы-курорттық ем, хирургиялық емдеу шаралары қолданылады.

Медикаментоздв емдеу жедел сатысында инфекциялық генез болса міндетті түрде қабынуға қарсы және антибактериальді емадеу. Фаллопий каналындағы ісінуге қарсы дегидратациялық ем лазикс (фуросемид) тағайындалады. Бұл терапияның ұзақтығы үш, төрт күннен аспау керек. Беті невропатиясының дамуында жүйкедегі ишемиялық бұзылыстарды ескере отырып микроцикруляцияны жақсартатын препараттарды тағайындау қажет. Бұл үшін әсері жақсы қан тамырларыны кеңейтетін никотин қышгқылын тамыр ішіне 1% ерітіндісін асатын дозамен, ксантинол никотинат (компламин, ксавин) таблетка түрінде 0,15 және ампулада 2 мл 15% ерітінді, 1-2мл бұлшықетке күнделікті 10 күнге белгілейді. Аурудың басталғанына 2 апта болғанда биостимуляторлар(алоэ, шыны тәріздес дене) және орнына келтіру емін белгілеу.

Соңғы жылдары бет жүйкесінің невропатиясында глюкокортикойдтар жиі қолданылады (преднизалон 1мг/кг), орнына келу кезеңінде үшінші аптада прозерин, галантанин тағайындалады.

Физикалық емдеу тәсілдері: нерв өткізгіштігін сақтау үшін және зақымдалған бұлшықет трофикасын жақсарту үшін физикалық емдеу тәсілінің маңызы зор. Аурудың алғашқы күндері кездерінде соллюкс лампасымен шамалы жылуды компресс түрінде, 3-4 күннен соң УВЧ тағайындауға болады. Ультракүлгін сәулелендіру, 2 аптадан соң бетке жартылай маска түрінде гальванизация қолданылады. Кең түрде дәрмектермен (дибазол, прозерин, йодитд калий ерітіндісі, В1 витаминдерімен) электрофорез қолданылады.

Ауыр жағдайларда бет жүйкесінің электростимуляциясының антихолноэстаразды препараттармен қатар қолдануға болады.

Емдік дене шынықтыру бет жүйкесінің нефропатиясында комплексте қолданатын ең маңызды бөлімі, сонымен қатар массаж. Массаждың қан айналымы және лимфа айналасын қалпына келтіруде маңызы зор, бұлшықет қозғыштығын қалпына келтіру және жүйке бұлшықет аппаратының еркін импульстарының орнына келуін қамтамасыз етеді.

Массажды күн аралатып аурудың 1-2 аптасында 5-12 мин бойына жасау қажет. Алдымен сау бөлікке сонан соң «жаға зонасына», ең соңынан зақымдалған бөлікке жасау қажет.

Емдік мимикаклық гимнастиканың тиімділігі жоғары болып саналады, сондықтан күніне 3-4 рет жасалынады. Міндетті түрде әдістемешінің бақылауымен 1 рет, ал өз бетімен палатада айна алдына күніне 3-4 қайталауы қажет, ұзақтығы 10-20 мин.

Санаторлы - курорттық ем. Санаторлық жағдайды аурудың басталуынан 16 ай өткенде температурасы 38-40Со-дегі балшық аппликацияларымен жасауға болады, қою ұзақтығы 15-20минуттан, курсы 20 процедурадан тұрады. Емдік балшық орнына парафиндік немесе озокеритті аппликацияларды қолдануға болады. Емдік шараларға қосымша бальнеотерапия немес сульфидті ванналар тағайындауға болады.

Консерывативті терапияның әсері болмағанда (ережедегідей, аурудың басталуынан 6 ай өткен соң) жүйке функцияларын қалпына келтіру үшін нейрохирургиялық ем ұсынылады.

Пән: Неврологиядағы МІ

Алматы медициналық колледжі

4дәріс. Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері. Ми ісіктері. Клиникасы, тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері. Мидың ісік тәріздес аурулары

3,4 курс, 6,8 семестр

Оқытушы:

Пәннің мақсаты: негізгі неврология туралы білім беру, білім алушыларда маңызды кәсіптік машыктарды және клиникалық ойлау негізін қалыптастыру, алған білімі мен машықтарын медбикелік диагноз қоюда және оны нақтылауда колдану.

Қысқаша мазмұны: