- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
- •«Гигиена-2» кафедрасы
- •Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу
- •Пәні: «Коммуналды гигиенасы»
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау сұрақтар:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Iі топтың сұрақтары:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: сұрақтар
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •2. Химиялық заттардың мөлшері, мг/л
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау сұрақтары:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау сұрақтары:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: сұрақтар
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •6. Әдебиет:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •6. Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Жағдайлық есептер:
- •3. Оқытудың мақсаты:
- •6. Әдебиет:
- •3. Оқытудың мақсаты:
- •6. Әдебиет:
- •Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері
- •Качинский бойынша топырақтың механикалық құрымының жіктелуі
- •Енді мекеннің топырағының санитарлық жағдайын топырақ ауасының химиялық құрамы бойынша бағалау
- •Іі. Жағдайлық есептер:
- •3.Оқытудың мақсаты:
- •6 Негізгі және қосымша әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •6. Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •6. Әдебиет:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •6. Әдебиет:
- •Жағдайлық есептер
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет:
- •7. Бақылау: сұрақтар
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет:
- •7. Бақылау: сұрақтар
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет:
- •7. Бақылау: сұрақтар
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
- ауыз суды зарарсыздандыру технологиясын санитарлық бақылау әдістерін;
- ауыз суды зарарсыздандырудың тиімділігін бағалауды;
- ауыз суды зарарсыздандыру үдерісін;
- ауыз суды зарарсыздандыру түрлерін;
- ауыз суды зарарсыздандырудың реагентті әдістерін;
- ауыз суды зарарсыздандырудың реагентсіз әдістерін;
- ауыз суды зарарсыздандыру әдістерінің салыстырмалы сипаттамаларын;
- су құбырын дезинфекциялаудың әдісін, оның маңызын.
Студент істей алуы тиіс:
-ауыз суды зарарсыздандыру технологиясына санитарлық бақылау әдісін қолдана алуды;
- ауыз суды зарарсыздандырудың тиімділігін бағалауды;
- ауыз суды зарарсыздандыру үдерісін сипаттай алуды;
- судағы қалдық хлордың мөлшерін анықтай алуды.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Ауыз суды зарарсыздандыру технологиясын санитарлық қадағалаудың гигиеналық маңызы.
2. Ауыз суды зарарсыздандыру технологиясын санитарлық қадағалаудың әдістемесі.
3. Ауыз суды зарарсыздандыру әдістері. Реагентті әдістер.
4. Ауыз суды зарарсыздандырудың реагентсіз әдістері, олардың маңызы.
5. Ауыз суды зарарсыздандырудың тиімділігін бағалау.
6. Озондау және ультракүлгін сәулелендіру әдістерінің ерекшеліктері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: TBL, тестілеу
6. Әдебиет:
Қазақ тілінде:
негізгі:
1.Коммуналды гигиенасы. Окулық. Профессор М.С. Шабдарбаеваның редакциясында, Қарағанды, 1998.
2. Шабдарбаева М.С., Омаров С.К. Коммуналды гигиенасы пәні бойынша жағдайлық есептер жинағы, Қараганды, 2005.
қосымша:
1. Коммуналды гигиенасында санитарлық-гигиеналық зерттеу әдістері, Қарағанды, 1994.
Орыс тілінде
негізгі:
1. Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. - М, 2008 - 4.1.-304 с.; Ч. 2. - 336 с.
2. Мазаев В.Т., Ильницкий А. П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. - М.- 2008.- 250 с.
қосымша:
1. Общая гигиена/под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.-736с.
2. Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели/А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. - Астана.Б.- 2006. - 166с.
3. Гимадеев М.М., Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена: учебник: в 2 ч. - М. 2006. -Ч.1.-304с.;Ч.2.-336с.
4. Рустембекова С. А. Микроэлементы и факторы экологического риска. - М: Логос. 2006.- 110 с.
7. Бақылау сұрақтары:
1. Суды ультрадыбыспен зарарсыздандыру әдісін сипаттаңыз.
2. Суды иодпен зарарсыздандыру әдісінің артықшылығын атаңыз.
3. Суды гамма – сәулемен зарарсыздандырудың маңызын айтып беріңіз.
4. Химиялық дезинфектардың бактерицидтік әсер ету механизмінің моделін құрастырыңыз.
5. Суды ауыр металл иондарымен зарарсыздандырудың қандай ерекшелігі бар?.
6. Судағы қалдық хлор мөлшерін анықтау қалай жүргізіледі?
7. Преаммонизациялау мен хлорлау әдісі дегеніміз не?
Тест тапсырмалары:
1. Суды зарарсыздандырудың мақсаты, бұл ...
a) микроазғаларды толық жою.
b) микроағзалардың спора түзуші түрін жою.
c) микроаңзалардың өсуін тоқтату.
d) судың физикалық сапасын жақсарту,
e) қалқыма заттардың тұнуы.
2. Суды өңдеуден соң қалдық хлордың қалыпты мөлшері ... мг/л болады.
a) 0,3-0,5
b) 0,1-0,2
c) 0,6-1,0
d) 1,0-10
e) 1,2-1,5
3. Қазақстанның су құбырлар стансасында суды зарарсыздандырудың ... әдісі кең түрде қолданылады.
a) УКС
b) хлорлау
c) озондау
d) гамма сәулелендіру
e) перпангалау
4. Суды тазартудың механикалық әдісіне ... жатады.
a) тұндыру
b) сүзгілеу
c) коагуляция
d) қайнату
e) микроағзаларды жою
5. Суды зарасыздандырудың физикалық әдісіне ... жатады.
a) тұндыру
b) сүзу
c) қайнату
d) коагуляциялау
e) зарарсыздандыру
6. Суды сүзгіден өткізу үшін ... қолданылады.
a) қағаз
b) құрылыс материалы
c) мақта және құрылыс материалы
d) ірі тас
e) ұсақ құм
7. Коагулянт ретінде ... қолданылады.
a) алюминий сульфат
b) крахмал
c) биокарбонат натрий
d) хлорлы газ
e) хлорамин
8. Суды зарарсыздандыруда ... әдістер қолданылады.
a) реагентті, реактивті
b) физиологиялық химиялық
c) физиологиялық статистикалық
d) химиялық , физикалық
e) реактивсіз, бактериологиялық
9. Суды зарарсыздандырудың физикалық әдісіне ... жатады.
a) хлорлау
b) УКС қолдану
c) озондау
d) ауыр металдар тұзын қолдану
e) сүзгіден өткізу
10. Суды тазартудың арнайы әдісіне ... жатады.
a) дезодарация
b) қайнату
c) сүзгіден өткізу
d) коагуляция
e) хлорлау
11. Дезодарация – бұл жағымсыз ... аластату.
a) тұздардан
b) зиянды газдардан
c) иістен
d) заттардан
e) микроағзалардан
12. Суды жұмсарту – бұл ... тұздардан тазарту.
a) кальций, калий
b) калий, натрий
c) фтор, йод
d) карбонаты
e) кальций, магний
13. Дегазация – суды иісті ... тазарту.
a) қышқылдардан
b) заттардан
c) тұздардан
d) газдардан
e) өсімдіктерден
14. Суды зарарсыздандыру мақсатында озонның бактерицидтік әсерінің болуы үшін қажетті жанасу уақыты ... минутты құрайды.
a) 10
b) 15
c) 30
d) 40
e) 20
15. Ауыз суды консервациялау ... эпидемиологиялық қауіпсіздік қасиетін сақтауға мүмкіндік береді.
a) қажет уақыт мерзіміне
b) бір тәулік бойы
c) бір жыл бойы
d) бір сағат ішінде
e) үнемі
16. УКС-нің зарарсыздандыру әсерінің тиімділігі ... байланысты.
a) микроағзалардың биологиялық ерекшелігіне және өңделетін судың мөлшеріне
b) микроағзалардың биологиялық ерекшелігіне және химиялық әсер етуіне
c) өңделетін судағы микроағзалардың биологиялық ерекшелігі мен санына
d) бактерицидтік энергия мөлшеріне
e) микроағзалардың түрлеріне
17. Суды УКС зарарсыздандырудың тиімділігі ... байланысты.
a) суды дайындауға
b) бастапқы бактериалдық ластануға
c) ішек жұқпасының қоздырғыштарына
d) зарарсыздандырудың нәтижесіне
e) микроағзалардың түрлеріне
18. Зияндылықтың токсикологиялық белгісі бойынша бекітілген судағы күмістік мөлшері ... мг/л құрайды.
a) 0,05
b) 0,01
c) 0,09
d) 0,5
e) 0,1
19. Хлордың артық мөлшерімен хлорлау ... деп аталады.
a) тиімді хлорлау
b) залалсыздандыру
c) зарарсыздандыру
d) хлордың диоксидімен хлорлау
e) суперхлорлау
20. Су құбыры стансасында суды зарарсыздандыруда кең түрде қолданылатын реагент ... болып табылады.
a) газ тәрізді хлор
b) пактоцид
c) күкірт қышқылды алюминий
d) хлорамин
e) хлорлы әктің бастапқы ерітіндісі
№6.
1. Тақырыбы: Елді мекендерді сумен қамтамасыздандыру жобаларын санитарлық сараптау әдістемесі. Берілген құжаттардың толықтығына баға беру.
2. Мақсаты: студенттерді елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жобаларын санитарлық сараптау әдістемесімен таныстыру, ұсынылған құжаттардың толықтығына баға беруді үйрету.
