Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ПЗ КГ КДС КАЗ (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.23 Кб
Скачать

2. Химиялық заттардың мөлшері, мг/л

Темір – 0,2

Мышьяк – 0,005

Нитраттар – 45

Кадмий – 0,1

Сульфаттар – 200

Фторидтер – 1,0

Хлоридтер – 50

Цинк – 5,0

Органолептикалық қасиеттері:

Иісі (балл) – 3

Дәмі (балл) – 2

Түстілігі (балл) – 10

Лайлығы - 2,5

Тапсырма:

1. Елді мекендегі су құбыры суының сапасын бағалаңыз және суды тұтыну мен бүйрек ауруының өсуінің арасындағы байланысты анықтаңыз.

2. Сапасы осындай суды ұзақ уақыт пайдаланудың денсаулыққа тигізетін әсерінің қандай болуы мүмкін?

3. Жағдайды жақсарту үшін не істеу керек?

4 есеп

Жазық жердегі ауданда егіс науқаны кезінде жергілікті жердегі тұрғындардың және іс – сапарымен келген самосвал көліктері жүргізушілері арасында тұмаудың белгілері бар ауру ошағы шықты: ауру кенеттен басталады, қалтырау, дене қызуы 390 С дейін, жалпы әлсіздік, нашарлау, қалтырау, 6-7 күнге созылған, тұрақты түрде және бас аурумен жүреді (әсіресе, балтыр бұлшықеттерінің ауруымен). Жағдайы ауыр науқастардың бауыры ұлғайған, көзінің сарғаюы байқалды.

Совхоз териториясында күн ысып, тұрғындар өзенге шомылуға барған, өзен ауылдан 1км қашықта. Егіс алқабы өзенге өте жақын орналасқан. Егіс науқаны кезінде жабайы кемірушілер саны артқан. Тұрғындар өзенді тек шомылуға және демалуға пайдаланады.

Судың сапасы МСЭҚБ – ң мәліметі бойынша төмендегідей:

Иісі, балл-2

Құрғақ қалдық, мг/л – 1000

Сульфаттар, мг/л – 220

Хлоридтер, мг/л -180

Кермектілік, мг/экв/л – 6

Улы заттардың, пестицидтер мен минералдық заттардың өлшемі ШРЕМ артпайды.

Ауылды сумен қамтамасыз ету суды өткізбейтін 4 қабаттан алынатын артезиян бұрғысымен іске асырылады. Су көзінің дебиті 15м³/сағ. Бас қондырғының айналасында радиусы 50м-ге дейін қатаң санитарлық тәртіп аймағы бар. Саудың сапасы МСЭҚБ – ң берген мәліметі бойынша келесідей:

Иісі,дәмі, балл – 1

Темір, мг/л – 1

Түстілігі, градус – 20

Фтор мг/л – 1

РН - 6,7

Коли-индекс – 10

Су көзінің суы бас қондырғыда өңделіп, СанЕжҚ талаптарына сай келетін түрде таратушы тарапқа түседі.

Тапсырма:

  1. Өзенді ауыз су көзі ретінде пайдалану мәселесін шешіңіз.

  2. Суды кондиционерлеу кезінде суды дайындаудың қандай әдістерін қолдану керек?

  3. Сапасы осындай суды, дәстүрлі суды тазарту стансасында өңдегеннен кейін, тұтынудан тұрғындар денсаулығына тигізетін зардабы қандай болады?

5 есеп

Н. поселкасының тұрғындарыны муниципалды сотқа арыз шағым жасады. Поселка түрғындарының ойы бойынша балалар арасында флюороз ауруының артуы, ауыз суы ретінде пайдаланатын өзен суының фторидтермен ластануынан болып отыр. Фторидтер алюминий зауытында электролиз әдісімен алюминий алу барысында түзілетін іркінді сулардың құрамында және атмосфералық ауа шығарыстарында кездеседі.

Ықшам аудан тұрғындары, әсіресе зақымданған балалардың негізгі бөлігі жекеменшік үйлерде тұрады, үйлерде көкөністер, жемістер егіледі. Жеміс ағаштары солғын, әлсіреген. Үйлерде орталықтандырылған су құбыры және шахталық құдықтары бар. Тұрғындардың барлығы ауыз қуысын күту гигиенасын сақтайды. Екі жыл бұрын жүргізілген суды тексеру нәтижесі суда фторидтердің 2,1 мг/л мөлшерде екендігін көрсетті. Бір жыл бұрын зауыт тазарту қондырғысын жөндетті, қазіргі кезде судағы фторидтердің мөлшері гигиеналық нормадан аспайды, соған қарамастан балалардың тістерінің жағдайы жақсармай отыр әрі жаңа ауру оқиғалары кездесуде.