Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ПЗ КГ КДС КАЗ (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.23 Кб
Скачать

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

- су нысандарының негізгі ластау көздерін;

- су нысандарын ластаушы көздердің жіктелуін;

- су нысандарын ластаушы көздерді анықтау әдістемесін;

- су нысандарының ластануының зардаптарын;

- су нысандары ластануының гигиеналық көрсеткіштерін.

Студент істей алуы тиіс:

- су нысандарының негізгі ластаушы көздерін сипаттай алуды;

- су нысандарын ластаушы көздерді анықтау әдісін жүргізуді;

- су нысандарының ластануының гигиеналық көрсеткіштерін анықтауды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Су нысандарын ластаушы негізгі көздер.

2. Су нысандарын ластаушы көздерді анықтау әдістемесі.

3.Ластаушы көздерді анықтау әдістері.

4. Су нысандарының ластануынан болатын зардаптарды гигиеналық бағалау.

5. Су нысаны ластануының гигиеналық көрсеткіштері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: TBL, тестілеу

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

негізгі:

1.Коммуналды гигиенасы. Окулық. Профессор М.С. Шабдарбаеваның редакциясында, Қарағанды, 1998.

2. Шабдарбаева М.С., Омаров С.К. Коммуналды гигиенасы пәні бойынша жағдайлық есептер жинағы, Қараганды, 2005.

қосымша:

1. Коммуналды гигиенасында санитарлық-гигиеналық зерттеу әдістері, Қарағанды, 1994.

Орыс тілінде

негізгі:

1. Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. - М, 2008 - 4.1.-304 с.; Ч. 2. - 336 с.

2. Мазаев В.Т., Ильницкий А. П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. - М.- 2008.- 250 с.

қосымша:

1 .Общая гигиена /под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.-736 с.

2.Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели / А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. - Астана.Б.- 2006. - 166с.

3.Гимадеев М.М., Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена: учебник: в 2 ч. - М. 2006. -Ч.1.-304с.;Ч.2.-336с.

4.Рустембекова С. А. Микроэлементы и факторы экологического риска. - М: Логос. 2006.- 110 с.

7. Бақылау: сұрақтар

1.Су нысандарының ластаушы көздеріне сипаттама беріңіз;

2.Су нысандарын ластаушы көздерді анықтау әдісін түсіндіріңіз;

3.Су нысандарының ластануынан болатын зардаптарға гигиеналық баға беріңіз;

4.Су нысандарының ластануының гигиеналық көрсеткіштерін сипаттаңыз.

9.

1. Тақырыбы:Тұрмыстық-шаруашылық іркінді суларды тазалау әдістері мен сызбаларын гигиеналық тұрғыдан бағалау. Механикалық тазалау қондырғысының жұмысының тиімділігін бағалау үшін іркінді судың сынамаларын алу нүктелері.

2. Мақсаты: тұрмыстық- шаруашылық іркінді суларды тазарту әдістерін және сызбаларын гигиеналық бағалауды, механикалық тазарту қондырғысының жұмысын бағалау үшін іркінді судың сынамасын алу нүктесін анықтауды үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

- тұрмыстық-шаруашылық іркінді сулардың пайда болу жағдайын;

- тұрмыстық-шаруашылық іркінді суларды тазарту сатыларын;

- іркінді суларды механикалық тазартуды;

- іркінді суларды биологиялық тазартуды;

- іркінді суларды зарарсыздандыру әдісін;

- тұрмыстық-шаруашылық іркінді суларды тазартуға дейінгі тазартуды;

- іркінді судың сынамасын алу үшін қажет аспаптарды;

- іркінді судың сынамасын алу әдістемесін;

- механикалық тазарту қондырғысының жұмысына гигиеналық баға беруді;

- механикалық тазарту қондырғысының жұмысын бағалау әдістемесін;

- іркінді суды механикалық тазартудың сызбасын.

Студент істей алуы тиіс:

- кәріз жүйелерін сипаттауды;

- санитарлық-техникалық шараларды ұйымдастыруды;

- іркінді суларды механикалық тазартуды бағалауды;

- іркінді суларды зарарсыздандыру әдістерін;

- қалалық шаруашылық-тұрмыстық іркінді суларды тазартудан кейін тазартуды;

- іркінді сулардан сынама алуды жүргізуді;

- іркінді сулардың сынамасын алу нүктелерін тандауды;

- механикалық тазарту қондырғысының жұмысына гигиеналық баға беруді;

- іркінді суларды механикалық тазарту сызбасын қолдана алуды;

- механикалық тазартуда қолданылатын қондырғылардың жұмысын бағалауды;

- зертханалық зерттеудің қорытындысына баға беруді.

4. Тақырыптық негізгі сұрақтары:

1. Тұрмыстық-шаруашылық іркінді сулардың пайда болу жағдайы.

2. Кәріз жүйелері, олардың гигиеналық сипаттамасы.

3. Тұрмыстық-шаруашылық іркінді суларды механикалық тазартуда қолданылатын қондырғылар(септик,тұндырғыш,құмды аумақ,құмұстағыш,сүзгі).

4. Тұрмыстық-шаруашылық іркінді суларды зарарсыздандыру.

5. «Кәріз. Сыртқы тораптар және қондырғылар» ҚҚжЕ.

6. Тазарту қондырғыларының топтары (үлкен, кіші және жергілікті кәріздер)

7. Механикалық тазарту қондырғыларының жұмысын бағалау үшін іркінді судың сынамасын алу әдістемесі.

8. Механикалық тазарту қондырғысының жұмысын гигиеналық бағалау.

9. Механикалық тазарту қондырғысының жұмысын бағалау әдістемесі.

10. Іркінді суларды механикалық тазарту сызбасы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: PBL, тестілеу

І топ сұрақтары:

1. Кәріздің жекелеген жүйесі туралы айтыңыз.

2. Тұрмыстық-шаруашылық іркінді суларды механикалық тазартуда пайдаланылатын қондырғыларды түсіндіріңіз.

3. Іркінді судың сынамасын алу нүктесін анықтаңыз.

ІІ топ сұрақтары:

1. Кәріздің жалпы ағызу жүйесі туралы айтыңыз.

2. Механикалық тазарту қондырғысының жұмысына гигиеналық баға беріңіз.

3. Механикалық тазарту қондырғысының жұмысын бағалау үшін іркінді сулардың сынмасын алу әдістемесін түсіндіріңіз.

ІІІ топ сұрақтары:

1. Тұрмыстық-шаруашылық іркінді суларды зарарсыздандыру туралы айтыңыз.

2. Іркінді суларды тазарту сызбасын сызыңыз.

3. Механикалық тазарту қондырғыларының жұмысына баға беріңіз.