Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ПЗ КГ КДС КАЗ (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.23 Кб
Скачать

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

«Гигиена-2» кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Пәні: «Коммуналды гигиенасы»

Пән коды - KG 4211

Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының (кредиттің) көлемі - 360 сағат/ 8 кредит

Курсы мен оқу семестр: ІV- курс 7- 8 - семестр

2015 жыл

Әдістемелік өңдеулер кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.

Хаттама № ____ ________ 2015ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________С.У. Ескерова

7-семестр

1 .

1. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жүйесі, оның кұрылымы және функциялары. Коммуналды гигиена бөлімінің құжаттары. Құжаттардың түрлері, оларды жүргізу тәртібі.

2. Мақсаты: ҚР. мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жүйесімен, оның кұрылымымен және функцияларымен, коммуналды гигиена бөлімінің құжаттарымен, құжаттардың түрлерімен және оларды жүргізу тәртібімен студенттерді таныстыру.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиоло-гиялық қызметінің жүйесін;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиоло-гиялық қызметінің кұрылымын және функцияларын;

- коммуналды гигиена бөлімінің құжаттарын;

- ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдерін, міндеттерін, мақсатын;

- іс-қағаз жүргізу жүйесі туралы түсінікті;

- құжаттарды құрастыруға және толтыруға қойылатын талаптарды.

Студент істей алуы тиіс:

- Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жүйесінің функцияларын және кұрылымын сипаттап беруді;

- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық бақуаттылығы аймағында Қазақстан Республикасының заңдарын қолдануды;

- ескертпелі санитарлық қадағалау кезеңдерін іске асыруды;

- тіркеуге алу - есеп беру және ұйымдастырушылық-өкімдік, нормативтік-техникалық құжаттар түрлерін қолдана алуды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиоло-гиялық қызметінің жүйесі.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиоло-гиялық қызметінің функциялары және кұрылымы.

3. Ескертпелі санитарлық қадағалау, мақсаты, міндеттері, кезеңдері.

4. Ағымды санитарлық қадағалау, мақсаты, міндеттері.

5. Мемлекеттік жүйеде іс-қағаздарды жүргізу туралы түсінік.

6. Тіркеуге алу - есеп беру, ұйымдастырушылық-өкімдік, нормативтік-техни-калық құжаттар түрлері.

7. Коммуналды гигиена бөлімінің құжаттарын құрастыруға және толтыруға қойылатын талаптары.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

негізгі:

1.Коммуналды гигиенасы. Окулық. Профессор М.С. Шабдарбаеваның редакциясында, Қарағанды, 1998.

2. Шабдарбаева М.С., Омаров С.К. Коммуналды гигиенасы пәні бойынша жағдайлық есептер жинағы, Қараганды, 2005.

қосымша:

  1. Коммуналды гигиенасында санитарлық-гигиеналық зерттеу әдістері,

Қарағанды, 1994.

Орыс тілінде

негізгі:

1. Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. - М, 2008 -4.1. -304 с.; Ч. 2. - 336 с.

2. Мазаев В.Т., Ильницкий А. П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. - М.- 2008.- 250 с.

қосымша:

1. Общая гигиена/под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.-736 с.

2. Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели/А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. - Астана.Б.- 2006. - 166с.

  1. Гимадеев М.М., Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена: учебник: в 2 ч. - М. 2006. -Ч.1.-304с.;Ч.2.-336с.

  2. Рустембекова С. А. Микроэлементы и факторы экологического риска. - М: Логос. 2006.- 110 с.