Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 5-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
35.24 Кб
Скачать

Қорытынды

Жеке азықтарды әртүрлі қатынас пен үйлесімде қолдану толық құнды рационды жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бір азықтағы қажетті қоректік заттардың жетіспеген мөлшері басқа азықтар арқылы толықтырылып, соның нәтижесінде құрама жемнің қоректік құндылығы жоғары болады. Құрамалы рационды құрауыштарды алдын-ала дайындамай, яғни тазалау, кептіру, ұнтақтау, жылумен өңдеусіз қолдану мүмкін емес.

Сонымен, құрамажем дегеніміз ғылыми негізделген рецепт бойынша дайындалып, малдың толық құнды азықтандырылуын қамтамасыз ететін әртүрлі жем қоспасы мен микроқосымшаның тазаланған және қажетті ірілікке дейін ұнтақталған біркелкі қоспасы.

Мал, құс рационында берілген жемнің ең жоғарғы қорытылуын қамтамасыз ету үшін қажетті қоректік заттар дұрыс, үйлесімді қатынаста болуы қажет. Бұндай қоректік заттарға ақуыз, майлар, көмірсулар, витаминдер, микроэлементтер жатады. Олар тірі клетканың негізін құрайды. Клетка ақуызы үнемі азықтың ақуызды заттарымен жаңарып тұрады, ал ақуызды заттар жаңа клетка түзіп, әртүрлі ұлпа түзуге, ферменттер мен гормондарды жасауға қатынасады.

Азықтың ақуызды заттарының биологиялық құндылығы оның аминқышқылдық құрамына байланысты. Мал үшін әсіресе лизин, цистин, метионин, триптофан, тирозин, аргинин, гистидин аминқышқылдары өте қажет. Аминқышқылынсыз немесе азықтағы оның жетіспеуі организмнің өсуі мен дамуын тежейді, өнімділік төмендеп, әртүрлі ауруға ұшырайды.

Азықтың ақуызды заттарын шартты түрде шикі протеин деп атайды. Шикі протеинде ақуыздар және ақуыз емес азотты заттар- амидтер болады. Амидтер – бейорганикалық заттардан (аммиак және т.б.) ақуыздың синтезделуі кезінде өсімдікте пайда болатын аралық өнімдер.

Құрама жемнің бағалығын қоректік заттар, майлар мен көмірсулар анықтайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Есіркеп Г.Е. Өңдеу өндірісінің арнайы технологиясы: оқулық. 1-ші бөлім: оқулық/Г.Е. Есіркеп, М.И. Құтыш, С.Б. Ермекбаев. – Астана : С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 2013. – 169 б.

2. Бектурганова А.А. Технология перерабатывающих производств: учебно-справочное пособие: учебная/ А.А. Бектурганова, А.М.Омарал иева, Ж.Е. Сафуани, Н.С. Машанова.- Астана : ТОО"Дәме", 2011.- 116 c.

3. Ізтаев Ғ.И. Астықтану және диқаншылық негіздері : оқу құралы/ Ғ.И. Ізтаев, Б. Отыншиев.- Алматы, 1994.- 224 б.

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]