Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 1.pptx
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
992.11 Кб
Скачать

3.Материалды-техникалық ресурстар. Лизинг

Кәсіпорындардың құрамына мынадай ресурстар кіреді:

Техникалық ресурстар (өндірістік жабдықтар, керек-жарақтар, қосымша материалдар және тағы да басқа.).

Технологиялық ресурстар (технологиялық әдістердің қозғалыста болатындығы, бәсекеге қабілетті идеялардың болуы және т.б.);

Кадрлар ресурстары (жұмыскерлердің біліктілік, демографиялық құрамы және т.б.);

Алқаптық ресурстар (пространственные) (өндірістік жайлардың, кәсіпорындар аумағының, коммуникациясының, кеңейту мүмкіндігінің сипаты және т.б.);

Ақпараттық ресурстар (кәсіпорынның өзі туралы және сыртқы ортасы туралы қолда бар ақпараттардың сипаты, олардың анықтығын, дәлдігін арттырудың мүмкіндігі);

Қаржы ресурстары (активтердің жағдайы, өтімділігі, несиелік жолдардың болуы және т.б.).

Материалдық-техникалық камтамасыз ету материалдық

өндіріс аясы мен бейөндірістік қызмет аясында пайдалану үшін кәсіпорындардың (фирмалардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, кәсіпкерлердің, т. б.) қажеттерін еңбек күралдарымен және заттарымен қамтамасыз ету үдерісі. Материалдық ресурстарды қажетсіну өнімшығару (жұмыстарды орындау, кызметтерді көрсету) көлемін, шикізат пен материалдар (отын, энергия, сатып алынатьш дүмбілзаттар, дайьш бұйымдар, т. б.), босалқы қорлар шығынының нормаларын басшылыққа ала отырып айқындалады. Жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылық байланыстар өнімді өндіруді, тасымалдауды, тұтынуды ескере отырып ұйымдастырылады

Отандық кəсіпорындарда бар материалды ресурстарды басқару жүйесін шикізатты сатып алудан өнімді соңғы тұтынушыға дейін қызмет етуді логистикалық операциялар бақылайды: кəсіпорынға шикізат жеткізу, сатуды болжау, өндірістік жоспарлау, шикізатты сатып алу жəне іздеу, шикізат қорларын басқару немесе аяқталмаған өндіріс. Яғни толығымен дамымаған нарықтық механизм, ол бірінші кезекте жетілмеген жəне ықылассыз бəсекелестікте білінеді, материалды-техникалық жабдықтау жүйесіне керісінше əсер етеді. Материалдық-техникалық жабдықтаудың тəжірибесінің талдауы көрсеткендей, жабдықтаудың негізгі мəселесі материалды ресурстарды жабдықтаудың көлемінде (транзиттік жəне қойма арқылы), қойманың бар болуы жəне қажеттілігі, қажетті инвестициялардың көлемінде тұрады. Бұл жерде ешқандай назарсыз келесі мəселелер қалады:

материалды-техникалық ресурстарды əркелкі жабдықтаған кездегі көшкін түрдегі жоғалтулардың шығындарын төмендету;

өндіріс, қоймаландыру жəне тасымалдау көлемінің арасында оңтайлы пропорция жүйесін құру;

бірдей салалы кəсіпорындар үшін өндіріс, сақтау жəне тасымалдау жүйесінде мақсатқа сай кооперация деңгейін бекіту.

Кепілдеме беріліп отырған деңгейде маркетинг, сату, өндіріс жəне қаржы операцияларымен логистиканың жоспарлау жəне бақылау операцияларының үдерістері біріктіріледі. Біріктіру компанияның əр түрлі бөлімдерінің бір-біріне қарама-қайшы келетін мақсаттарын біріктіруге көмектеседі.

Лизинг

Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. Машиналарды, құрал- жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімге жалдаған жалға алушы мүліктерді пайдалану шамасы бойынша борыштарын бірте-бірте өтеуі; лизингтік келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша: жалға алушы қалдық құны бойынша құрал-жабдықтарды сатып алуы, мерзімін ұзартуы, материалдық құндылықтарды қайтаруы мүмкін

Лизингтің негізгі түрлері

1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. Жедел лизингке мынандай белгілер тән:

лизинг келісімшарт уақыты мүліктің қызмет көрсету уақытынан аз болмағандықтан лизинг беруші мүліктің құнын бір келісімшарттың түсуі есебінен орнын толықтыруды есептемейді;

лизинг мүлкі бірнеше рет жалға беріледі;

лизинг арнайы лизинг алушының мүлікке өтініш жазуы бойынша емес, ал лизингтік компаниямен жалға беріледі;

лизингтік мәміленің екі жақты сипаты болады – лизинг алушы және лизинг беруші;

техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтандыру бойынша міндеттемелер лизингтік компанияға жүктеледі;

лизинг алушы егер бұрын қарастырылмаған жағдайлар мен пайдалануға жарамаған жағдайда келісімшартты бұзуы мүмкін;

мүліктің келісімшарты уақыты біткеннен кейін, лизинг берушіге қайтарылады;

қосымша лизинг – лизинг алушы (қосымша лизинг беруші) үшінші тұлғаға (қосымша лизинг алушыға) төлемақыға кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша пайдалануға және иелікке береді, лизинг берушіден бұрын алған келісімшарт бойынша лизингті және лизинг затын құраушыны келісімшартқа сәйкес өз уақытында береді.

2.Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар: 1.Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады. 2.Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Қорытынды

Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.

Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси- әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.

Назарларыңызға рахмет!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]