Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 1.pptx
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
992.11 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №1

Тақырыбы: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені

Орындаған: Амантай Гүлманат Тексерген: Карсыбаева Қ.А.

Астана 2019

Жоспар

Кіріспе

1. ҚР АӨК. Территориалдық және жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі

2. Аграрлық өндірістің негізгі және айналым капиталы

3. Материалды-техникалық ресурстар. Лизинг

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды. Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.

АӨК құрамында үш негізгі буын бар.

АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.

бұл ауыл шаруашылығы.тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.

Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады. Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады.

Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.

1. ҚР АӨК. Территориалдық және жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі

Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өзіне керек қоректі заттардың 88%-ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.

Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7млн. Га, оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222,3млн.га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс курорттар,қорықтар тарихи және мәдени маңызы бар жерлер,орман қорының жерлері, су қорының жерлері,мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.

Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34,9млн га, барлық жердің 12,8% –і ғана.

Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-

өндірістік орталығы, 1959 ж. Қазақстан Ауыл шаруашылық министрінің облыстардағы жерге орналастыру экспедициясы мен орталық кешенді экспедициясының базасы негізінде Алматыда Жерге орналастыру жөніндегі жобалау институты болып құрылған. 1994 ж. Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы болып қайта құрылып, Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет құрамына енді (1999 жылдан Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік). Жер ресурстарын қорғау мен пайдаланудағы зерттеу жұмыстарымен айналысады. Құрамында республикамыздың барлық облыстарында орналасқан 16 еншілес кәсіпорны бар. Жерді мелиорациялау және рекультивациялау, жерге орналастыру және жерді пайдалануды жоспарлау, жер кадастры мен оның автоматтандырылған- ақпараттық жүйесі, ғылыми-әдістемелік маркетингтік қамту сияқты кешенді бөлімдерден тұрады.

Негізгі ғылыми бағыттары:

жер қатынастарын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу

жұмыстарын жүргізу,

жер мониторингі,

жерге орналастыру,

мемлекеттік жер кадастрын енгізу,

жер нарығын қалыптастыру және дамыту,

жер ресурстарын басқару үшін жер реформасын жүргізудің методологиялық және теориялық негіздерін дайындау, т.б.

Жер қатынастарын реформалау жағдайында жерге орналастыруды теориялық, методологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің жаңа проблемаларын шешу жөнінде іргелі жұмыстар жүргізілуде. Жерді ақылы пайдалануға көшу, жерді иелену және пайдалану жүйелерін қалыптастыру, жерге орналастырудың технол. процестерін жетілдіру проблемалары іздестірілуде.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану жолдары

Топырақты эрозиядан қорғау

Топырақты сортаңдандырудан (тұзданудан) қорғау

Топырақты құм басудан қорғау

Жерді батпақтанудан қорғау үшін, гидромелиоративтік жұмыстар жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру

Топырақтағы қоректі заттарды сақтау үшін мелиоративтік жұмыстар, агрономиялық жұмыстар жүргізу

Топырақты уланудан қорғау

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру

Егістік құнарлы жерлердің ауылшаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау

2.Аграрлық өндірістің негізгі және айналым капиталы

Негізгі өндірістік қорлар- бұл өндіріс процестерін қамтамасыз ететін өндірістік ғимараттар, құрал- жабдықтар, жұмыс машиналары, өлшеуші және реттеуші приборлар, лабораториялық құралдар және т.б. Олар көп өндірістік циклдарда қолданылады және өз құнын дайындалып жатқан өнімге табиғи формасын сақтай отырып, ұзақ мерзім ішінде біртіндеп ауыстырады.Негізгі қорлардың әрбір тобы өндірістік процесте нақты өзіне тиесілі функцияны орындайды. Өндірісте негізгі рольді машиналар мен құрал-жабдықтар атқарады. Тек осы топ қана формасы мен қасиеттерін өзгерте отырып, еңбек затына (астық ) әсер етіп отырады. Негізгі қорлардың бұл бөлімін белсенді деп те атау қалыптасқан. Өндіріс көлемінің өсуі, оның көрсеткіштерінің жақсаруы, еңбек өнімділігінің артуы өндірісте қолданылатын машиналар мен құрал-жабдықтар саны мен сапасы бойынша анықталады.

Негізгі өндірістік емес қорлар ( тұрғын үй, балабақша және т.б объектілер) өндірістік процеске қатыспайды, ол тек қана жұмыскерлердің мәдени- тұрмыстық қажеттіліктерін қанғаттандырады. Негізгі қорлардың әрбір топтарының ролі мен олардың салыстырмалы салмағы жалпы құны бойынша бірдей емес. Негізгі қорлардың аталып кеткен топтарының қатынасы негізгі қорлардың өндірістік құрылымының құнын құрайды. Ол кәсіпорын мен салаларының техникалық деңгейін анықтайды. Техника мен технологияның дамуы мен жаңаруына қарай өндірістік құрал-жабдықтардың салыстырмалы салмағы жалпы алғанда өсуде. Негізгі қорлардың құрылымына концентрация, специализация, кооперациялау және комбинациялау процестері әсер етеді. Саладағы кәсіпорынды ұйымдастыру формаларымен байланысты құрал-жабдықтардың салыстырмалы салмағы өседі.

Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры – бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі- айналым қоры әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.

Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғұрлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны солғұрлым үнемді, әрі оның өзіндік құны арзан болады.

Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны білдіреді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.

Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінде.

Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі – ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым капиталының (айналым қаражаттары) болуы.

Айналым капиталы – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні — ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]