Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ 7.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
132.29 Кб
Скачать
  1. Тауарды орау

Тауар таңбасы дегенiмiз басқа тауарлардан оны айыру үшiн, қабылданған тәртiпке сәйкес тiркелген тауарға берiлген белгi. Ол сурет, рәмiз, бiрiккен әрiптер, цифрлар сипатында болуы мүмкiн.

Таңбалық ат дегенiмiз атаулы тауардың таңбасының бөлiмi.

Таңбалы белгi деп суреттеп белгiленген тауар таңбасының бөлiмiн айтады.

Тауар белгiсi дегенiмiз заңға сүйенген, қорғаумен қамтамасыз етiлген тауар таңбасының бiр бөлiмi.

Таңбасы бар тауарлар таңбасы жоқ тауарларға қарағанда 15-25 %-ға артық бағаланады.

Тауар белгiлеглерiнiң тiркелуi бәсекелестермен бәсекеге түсу, жарнама жасау, тұтынушылардың және олардың коммерциялық құрылымымен танысу үшiн ғана қажет емес, ол басты түрде тауар белгiлерiне лицензия сату мүмкiншiлiгi үшiн қолданылады.

Таңбалық белгiнiң төрт түрi болады:

1. Фирманың аты. Ол мiндеттi түрде айтылатын әрiп, сөз, немесе әрiптер және сөздер тобы.

2. Фирма белгiсi- көрiнетiн символ, сурет, болмаса айырмашылығы бар түстер;

3. Саудалық бейнесi- жекелеген сауда таңбасы;

4. Сауда белгiсi- фирма аты, фирма белгiсi, сауда бейнесi

Тауарды орау жоғары сападағы тауар деген ұғымды қалыптастырады. Тауардың оралуы- оны салатын ыдысқа, қорапқа немес орайтын затқа байланысты. Тауардың iшкi және сыртқы оралуы болады.

• Iшкi оралуы дегенiмiз тауардың салынған тiкелей ыдысы, мысалы, әтiрдiң шишасы;

• Сыртқы оралуы- тауарды қорғау үшiн орайтын және тауарды тiкелей қолдануға дайындау кезiнде алынып тасталатын материал.

Тауардың оралуы мынадай қызметтердi атқарады:

1. тауардың бұзылуы мен бүлiнуiнен сақтайды;

2. тауарларды көлiкпен тасымалдауды, тиеудi және түсiрудi жеңiлдету үшiн ұтымды бөлшектейдi;

3. тауарды сату үшiн салмағы мен көлемiн оңтайландыруды қамтамасыз етедi:

4. жарнама жасау үшiн қолданылады;

5. қоймаға тауарды жинап қоюды жеңiлдетедi. Тауардың оралуына қойылатын талаптар:

• тауардың өзiндiк түп нұсқасын және патентiн қорғау;

• оралған ыдыстың өзiн басқа мұқтажға қолдану мүмкiндiгi;

• сатып алушыға эстетикалық әсер етуi;

• орауға кеткен шығындардың неғұрлым төмен болуы;

• тауардың сапасын сақтау алаптарын орындау. Ораудың сыртқы бейнесiне әсер ететiн факторлар:

а) тауардың қасиеттерi мен ерекшелiктерiне байланысты оны орау түрлерi;

б) тасымалдау, қоймалау құралдарын оңтайлы қолдану үшiн тауардың салмағы мен көлемiнiң өзгешелiгi;

в) автоматтандыру, тасымалдау, қоймалау құралдарына тауар орлуының бейiмделу қажеттiлiгi;

тасымалдау, қоймаға жию және сақтау процесiнiң тауарға тигiзетiн әсерiне қарай тауарды орау.

Тауарды орау жөнiнде келесi ережелер белгiленген:

• ораудың текстi мен сурет сипаты тауардың маңызына сәйкес, нақты және бiр мағыналы болуы қажет;

• оралған тауардың салмағы, немесе көлемi және саны туралы мәлiметтер ораудың көрнекi жерiнде жазылуы тиiс;

• оралған тауардың салмағы мен бiрлiктерiнiң саны бүтiн сан болуы тиiс;

• тауар бағасы көрнекi болуы тиiс;

• тауарлардың ескiруi мен жарамдылығының мерзiм шегi арнайы нұсқаулар негiзiнде көрсетiлуi тиiс;

• орауға кететiн шығындар көлемi мен тауар сапасына қойылатын мемлекеттiк талаптар.

Қорытынды

Бекітілген тәртіпке сай тіркелген, тауарға немесе оның сыртына соғылатын және тауар өндірушіні ерекшелеу үшін пайдаланылатын таңба тауар белгісі (тауар маркасы) деп аталады.

Тауар белгісін белгілеудің 4 түрі бар:

1) фирма атауы (әріп, сөз немесе әріптер мен сөздер тобы);

2) сауда бейнесі (персоналды сауда маркасы);

3) фирмалық белгі (символ, сурет, түс);

4) сауда белгісі (фирма атауы, фирма белгісі).

Тауар белгісін пайдалану келесі мүмкіндіктерді береді: тауарды тануға, қайта сатып алу кезінде сапа кепілдігі, кәсіпорынның тауарға жауапкершілігін арттыру, бағаның белгілі-бір аралығына бағдарлану, тауардың атын шығару.

Брэнд- кез-келген тауар маркасы емес, көпшілікке танымал тауар маркасы.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Жүнісов. Б ,, Нарықтың экономикалық негіздері,, Алматы 1994

  2. Жатқанбаев. Е.,, Аралас экономика негіздері,, Алматы 1996

  3. Дорнбуш, Рудигер, Фишер, Стенюц ,, Макроэкономика,, Алматы 1997.

11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]