Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ 4.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
29.35 Кб
Скачать

3. Маркетинг зерттеулерi

Зерттелетiн мәселенi анықтау сатысы маркетинг зерттеулердiң бастапқы қадамы болады. Зерттелетiн мәселенi нақты анықтау арқылы тек қажеттi ақпарат жинап, мәселенi тиянақты шешу жолдары белгiленедi. Зерттеудiң бұл сатысының сапалы орындалуы зерттелген мәселе бойынша неғұрлым аз шығынмен тез арада терең талдау жүргiзiп, ұтымды шешiм қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Екiншi реттi ақпаратты жинап, талдау сатысы, зерттеу мәселесiн онсыз шешу мүмкiндiгi болса да мiндеттi түрде жүргiзiледi. Екiншi реттi ақпарат көп түрлi көздерден алынады. Негiзiнде олар 2 түрге бөлiнедi. Iшкi және сыртқы. Iшкi ақпарат фирманың өзiнен алынады. Екiншiсi сырттан алынатын мәлiметтер.

Бастапқы ақпаратты жинаудың 3 тәсiлi бар:

  • Бақылау

  • Эксперимент

  • Сұрақ

Жиналған мәлiметтердi талдау сатысында алынған мәлiметтерге әр түрлi талдау әдiстерiн қолдана отырып талдау жүргiзiледi.

Зерттеу қорытындысын жасау маркетингтiк зерттеу процесiнiң соңғы және қорытынды сатысы болып табылады.

Қорытынды

«Маркетинг» термині ағылшынның «market» (нарық) сөзінен шыққан жəне нарық, сауда саласындағы қызмет дегенді білдіреді. Алайда, маркетингтің экономикалық қызметтің жүйесі ретіндегі мағынасы анағұрлым ауқымды.

Маркетингтегі басты мəселе — екі саланың біріккен, бірбірін толықтырушы өзара амалы. Бір жағынан, бұл нарықты, сұранысты, талғам мен қажеттіліктерді егжей-тегжейлі зерттеу, өндірістің осы талаптарға бейімделуі, екінші жағынан нарық пен сол уақыттағы сұранысқа, қажеттіліктерді, сатып алушылардың талғамына белсенді ықпал ету. Маркетингтің негізі, оның нарықты кешенді зерттеу, тауарлық ассортиментті жоспарлау, сол уақыттағы қажеттіліктерді толық қанағаттандыру үшін ісшараларды дайындау, қанағаттандырылмаған сұранысты, тұрақты қажеттіліктерді анықтау, тауар өткізуді жоспарлау жəне жүзеге асыру, өндірісті ұйымдастыру мен басқару кіретін басты элементтерінің немесе функцияларының мазмұны осымен анықталады. Бұл элементтердің əрқайсысы өздігінше маңызды. Алайда, оларды біріктіріп, кешенді пайдалану маркетингтің мəнін ашады.

Талдау, жоспарлау, жоспарды жүзеге асыру және бақылау

мәселелерiн орындау үшiн маркетинг менеджерлерiне нарық ортасындағы өзгерiстер туралы мәлiметтер қажет. Маркетингтiк ақпарат жүйесiнiң ролi маркетингтiк басқару үшiн ақпарат қажеттiлiгiн анықтаумен, оны жинап алумен және дер кезiнде менеджерлерге пайдалануға берумен анықталады. Қажеттi мәлiметтер фирманың iшкi есеп жүргiзуден, маркетингтiк бақылаудан, ақпаратты зерттеу арқылы және оны талдау арқылы жиналады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы: Оқу құралы.— Алматы: «Нұр-пресс», 2009.— 372 б.

  2. Нысанбаев С.Н. Садыханова Г.А.“Маркетинг негіздері”. 

8

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]