- •Дәрістер тезистері
- •1.2. Ақпаратқа түсініктеме.
- •Адам информацияны қалай қабылдай алады?
- •Кез келген позициялық жүйе өз негізі арқылы ерекшеленеді, олар екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелері. Әр санау жүйесінде негізі q сандардың жазылуын келесі өрнек арқылы көрсетуге болады:
- •Кесте 1. Санау жүйелерінің арасындағы сәйкестілік кестесі
- •Ондық жүйедегі сандарды басқа жүйеге аудару.
- •Сандарды ондық санау жүйесіне аудару
- •Екілік санау жүйесіндегі сандармен орындалатын арифметикалық амалдар:
- •Сегіздік, он алтылық санау жүйелеріндегі сандармен орындалатын арифметикалық амалдар алдыңғы екілік жүйедегі тәрізді, мысалы:
- •Стандартты программалар
- •Wordpad мәтіндік редакторы
- •Wordpad программасын іске қосу
- •Жіберу –Программалар – Стандартты – WordPad
- •Калькулятор
- •Paint графикалық редакторы
- •Графикалық сипаттау (блок-схемалар)
- •1.Жүйелік блок
- •2.Монитор
- •3.Перне тақтасы
- •Бейнекарта
- •Сандарды енгізу
- •Кестелер арасындағы байланыс түрлері
- •Байланыстарды орнату
- •Деректерді сұрыптау және фильтрациялау
- •15 Дәріс. Желілер. Жергілікті және ауқымды желілер
Paint графикалық редакторы
Графикалық бейнелерді құруда және оны түзетуде компьютер өте күшті және ыңғайлы құрал болып табылады. Компьютердегі графикалық редакторлар баспа өнімдерін, хат, жарнама т.б. көркемдеу үшін қажет. Ең қарапайым графикалық редакторлар әртүрлі қалыңдықтағы түрлі-түсті қылқаламды пайдаланып, бейнелерді неше түрлі түске бояп, сурет салуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Ал күрделі графикалық редакторлар арнайы эффектілер: көлемділік, көлеңке түсіру, созылымды ету, суреттің кей бөліктерін үлкейту, образды қайта жасау және түстерді өзгерту, бір бейненің екінші жаққа жылжуы және т.б. мүмкіндіктер береді.
Графикалық редакторлар әртүрлі форматтағы бейнелермен жұмыс істей алады. Редакторларда стандартты бейнелер мен алдын-ала даярланған бейнелердің үлкен кітапханасы бар, оларды пайдаланып, сурет салу өнері жоқ адамның өзі тез арада керекті суретті даярлай алады.
Paint программасы графикалық бейнелерді құруға және оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программа көмегімен қарапайым сурет секілді өнер туындылары болып табылатын суреттерді де салуға болады.
Paint программасында Windows-тің басқа қосымшаларындағы дайын суреттерді немесе сканер көмегімен алынған салуға қиын бейнелерді көшіріп алып, оны қою арқылы да сурет салуға болады.
Paint программасын іске қосу
Paint графикалық редакторын іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Жіберу
Программалар
Стандартты
Графикалық редактор Paint
Paint графикалық редакторының терезесі стандартты түрде болады.
Құрал-саймандардың ішінде тұйық облыстың ішін бояу мүмкіндігін беретін Құйғыш батырмасы бар. Егер боялатын облыс тұйық болмаған жағдайда Құйғыш батырмасын пайдаланатын болсақ, онда бояу экранның толық бетіне жайылып кетеді.
Шашыратқыш құралы шашыраған бояу эффектісін алу үшін пайдаланылады.
Сонымен қатар геометриялық фигураларды салуға, белгілеп, көшіруге арналған арнайы құралдар: қылқалам, өшіргіш, алдын-ала көру т.б. құралдар бар.
5-дәріс. Тақырыбы: Алгоритм ұғымы. Оның қасиеттері, түрлері. Блок-схемалар.
Алгоритм ұғымы
Алгоритмнің түрлері
Алгоритмнің қасиеттері
Блок схемалар
Алгоритмдерді жазу тәсілдері
Компьютерде есеп шығару кезеңдері
Алгоритм математика мен информатиканың кең тараған негізгі ұғымдарының бірі. Көп жағдайда алгоритм ұғымы электронды есептеу машиналарына байланысты пайда болады деген пікір дұрыс емес. Алгоритм ұғымы электронды есептеу машиналарынан бірнеше ғасыр бұрын пайда болып өмірде қолданылып келеді.
Алгоритм деген сөздің өзі ІХ ғасырда өмір сүрген орта азиялық белгілі математик Мұхамедтің арабша атынан (әл-Хорезм) латынша (algorіthmі) жазылуынан таралған.Ол өзінің «Арифметикалық трактат» деген еңбегінде арифметикалық амалдарды орындау тәртібін ұсынған.
Мұхамед Әл-Хорезми әдісін жақтаушылар алгоритмиктер деп, белгілі бір қасиеттері бар ережелер жүйесі алгоритм деп аталып кетті.
Қазіргі кездегі түсінігіміз бойынша алгоритм ұғымын кез келген процесті орындау үшін берілетін нұсқаулардың жиынымен байланыстыруға болады. “Мұнда есептің алгоритмі берілген” деген сөйлемді “Мұнда белгілі бір есепті шешуге қажетті амалдар беріліп, олардың орындалу реті көрсетілген” деп түсінуге болады. Күнделікті өмірде біз алгоритмнің көптеген түрлерімен кездесіп отырамыз. Мысалы, шай қайнату, торт пісіру, дәрі-дәрмек жасау, көше тәртібін сақтау, таныс адаммен сөйлесу, лифтімен көтерілу т.б.с.
Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл нұсқаулары алгоритм деп аталады. Алгоритмнің басқаша тағыда бір анықтамасы:
Алгоритм дегеніміз – анықталған мақсатқа жету үшін орындаушыға арналған, орындалу тәртібі ұйымдастырылған, түсінікті, ықшамды, шектелген нұсқаулар тізбегі. Алгоритм мынадай қасиеттерге ие: дискреттілік, анықтылық, жалпылық, нәтижелілік.
Алгоритм айқын, аяқталған әрекеттер болып табылатын жеке қадамдарға бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін. Алгортимнің жеке қадамдардан құрыла алатын қасиеті дискреттілігі деп аталады.
Алгоритмнің әрбір нұсқауы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуы тиіс, яғни олар бір мағынада түсініліп, қайталанатын алғашқы деректер бойынша бірыңғай нәтижелерге әкелуі қажет. Алгоритмнің бұл қасиеті анықталғандығы деп аталады.
Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл бір типті мәселелерді шеше алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, квадрат теңдеуді шешетін алгоритм оның түбірін кез келген коэффициент мәндерінде табуға мүмкіндік береді, ал жол жүру ережелері баршаға ортақ. Алгоритмнің бұл қасиеті жалпылығы деп аталады.
Айқын белгіленген әрекеттер тізімінің әрқайсысы нәтижеге жеткізе бермейді. Мысалы шахматта 10120 жүрістен тұратын ұтылыссыз ойын стратегиясы бар, бірақ оны түгел орындауға адам баласының ғұмыры жетпейді. Сондықтан да кез келген алгоритмді орындағанда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу керек алгоритмнің бұл қасиеті нәтижелілігі деп аталады.
Алгоритмдердің жасалуының үш негізгі түрі бар: сызықтық, тармақталған, циклдік.
Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықтық деп аталады.
Орындаушының әрекеттері қандай да бір шартты нұсқауларға тәуелді орындалатын болса, ол алгоритм тармақталған болып саналады.
Жеке командалар немесе команда топтары бірнеше рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп аталады.
Алгоритмдерді жазу тәсілдері
Алгоритмдегі жарлықтардың, нұсқаулардың берілу түріне қарай алгоритмді жазу әдістерін ажыратуға болады. Орындаушының өзіне тән біліміне байланысты арнайы таңбалар, сөздер, іс қимылдар, схемалар арқылы алгоритмдерді жазудың тәсілдерін ұйымдастыруға болады.
Мысалы, цирктегі құстар мен жануарларға алгоритмдер арнайы дауыстар, іс қимылдар арқылы, автокөлікті жүргізу алгоритмі, теледидар, магнитофонды жұмыс істету алгоритмі арнайы пернелерді басу, бұрау арқылы жүзеге асырылады.
Алгоритмнің сипаттамасы әрқашан орындаушыға, оның командалар жүйесіне бағытталған. Алгоритмді сипаттаудың әр түрлі тәсілдері бар:сөзбен сипаттау; графикалық; формальды тілдер (математикалық формулалар, бағдарламалау тілдері); кестелік.
Алгоритмді сөзбен сипаттағанда алгоритмнің командаларының тізбегі сөзбен жазылады. Командалар нөмірленеді, ол нөмір сол командаларға өтуге мүмкіндік береді.
