Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жоба жмыс (2).docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
43.77 Кб
Скачать

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатыныстар және Әлемдік Тілдер Университеті

Жоба жұмыс

Қазақ тілі

Тақырыбы: Экология

Орындаған: Сакенов Серик

Сабитова Наргиз

Махпирова Зульфида

Шамкенова Айдана

Кадыркулов Ерболат

Нурша Асфандияр

Ахметов Сакен

Қабылдаған: Хамимульдинова Л.Ж.

Алматы 2013

Мазмұны

1. Жалпы экология

2. Ғаламдық мәселелер

3. Мәселенің шешімі. Киото хаттамасы.

4. Қазақстан және Киото хаттамасы

5. Арал теңізі

6. Мәселенің шешімі

7. Біздің елдегі экологиялық қозғалыстар.

8. Экологиялық акциялар

9. Қолданған әдебиет

1. Экология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен «экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель 1866ж. Экология термині гректің «тұрақ, мекен туралы ғылымы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.

Э.Геккелдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар енгізе отырып өзінің зерттеу аясын, мазмұны мен мақсат міндеттерін кеңейте түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазыр өзінің зерттеу облыстарын дамыта отырып адамзат-қоғам-табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналады.

Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте кұрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулермен биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады.Ал, антропогенді факторлар, экожүйелердің өзгерәсә, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастардызерттеу, бақылау және баға беру оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.

Экология – организмдердің арасында болатын қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адами-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:

- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;

- биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістерді;

- табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;

- адам-қоғам-табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу:

- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;

- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады.

Алғашқы экологиялық зерттеулерді Эмпедокл, Гипппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз.

2. Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

Ресурстар проблемасы;

Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

Энергетикалық проблема;

Демографиялық проблема;

Климаттың өзгеруі;

Экологиялық проблемалар;

«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

Қауіпті ауруларды жою;

Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

Қылмыспен және терроризммен күрес;

Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Парникті эффект (жылу эффекті)

Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.

Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.