Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жоба жмыс (2).docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
43.77 Кб
Скачать

7. Біздің елдегі экологиялық қозғалыстар.

Жасыл Ел

Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007-2009 жылдарға қоршаған ортаны қорғау бағытында негізгі мақсаттарының бірі ретінде республикада экологиялық тұрақтылық пен экологиялық жағдайларды жақсартуды қойып отыр. Осыған байланысты орман шаруашылығын жүргізу және елді мекендерді жасылдандыру бойынша арнайы бағдарлама құрылған.Онда ағаш отырғызу жұмыстарының ауқымын кеңейтудің, елді мекендерді жасылдандырудың, сондай-ақ осы істерге жастарды жұмылдыру арқылы орманды аумақтарды ұлғайтудың негізгі мақсаттары мен міндеттері анықталады.

Бағдарламаның мақсаты: Ормандардың сақталуын қамтамасыз ету, аумақтардың ормандылығын біртіндеп ұлғайту, өрттен сақтауды жақсарту, оларды зиянды жәндіктер мен аурулардан сақтау, сапалық және санитарлық жағдайын реттеу, елді мекендерді жасыл желектендіру аумақтарын ұлғайту, елді мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, жылына 12 мың жастарды осы істерге тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты 2-3%-ға төмендету. 3 жылда жалпы аумағы 145,18 мың га орманды, оның ішінде 2008 жылы -37,49 мың га , 2009 жылы – 47,63 мың га және 2010 жылы -60,06 мың га қалпына келтіру. Астана қаласының жасыл аймағы жылына 5 мың гектардан 15,0 мың га ұлғайту. Үш жыл ішінде қалалар мен елді мекендерде -13,00 миллион түп ағаш отырғызу.

8. Экологиялық акциялар.

Қазақстан әлемнің 180 мемлекеті қатысатын «Ғаламшарды қозғайық» («Moving planet») акциясына қатысты. 24 қыркүйек күні елдің 14 облысындағы 24 қалада өткен экологиялық шараға отыз мыңға жуық адам өз үлестерін қосты.

Акцияның мақсаты – қазбалы отынды пайдаланудан бас тарту және қаланың көгалдануына пайда тигізу. Сонымен қатар, осы күні бүкіл әлемде 300 миллионға жуық адам веложорықтарға, марафондарға шығады, қалалар мен ауылдар қоқыстан тазарады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұрын-соңды мұндай көлемдегі экологиялық акция өтіп көрмеген екен.

«Бұл күні бастамашылар мен еріктілер ниет білдіріп қоршаған ортаны қоқыстан тазартуға шығады. Бұл кәдімгі сенбіліктерден өзгешелеу болады, себебі, тазарту барысында қоқыстарды бөлектеп, сұрыптап оларды қайта өңдеу зауыттарына жібереміз», – деді «Тазалықты мұра етейік» ұлттық желісінің жетекшісі Дәурен Қайсаров.

Астанада экологиялық акция барысында 5 мыңнан астам ағаш егілді

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан даму банкінің қолдауымен «Ағашқа инвестиция саламыз» экологиялық акциясын өткізді.

Ағаш отырғызу Бүкіләлемдік сұлулық күні Астананың көрікті жері «Хан шатыр” сауда ойын-сауық орталығынының қарсысындағы Ғашықтар саябағында болды.

Бүгін мұнда бес мыңнан астам әртүрлі ағаш – қайың, терек, шаған, бадам, жөке егілді. ҚДБ топ-менеджерлері, ҚХА өкілдері бұл жасыл «коллекцияға» көктерек, үйеңкі шыбықтарын қосты.

«Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мұндай бастамаларды қызу қолдайды. Қазақстанның қалаларында жүздеген мемлекеттік және жеке ұйымдар жұмыс істейді. Егер әрбір мекеме ағаш отырғызып, гүлзарларды абаттандыратын немесе сенбілік өткізетін болса, оның тиімділігі өте елеулі болмақ. Әзірше қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар ғана осындай белсенділік көрсетіп отыр», – деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық саясат және орнықты даму департаментінің директоры Ғалия Кәрібжанова.

«Қазақстанның даму банкі жобаларды іріктеуде экология мәселесіне көкіл бөледі. Қалаларды көгалдандыру да фабрикалар мен зауыттар салу сияқты өзін аяқтайды. Мұндай инвестициялар елге және адамдарға нақты пайда келтіреді» – деді «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы диреткоры Айжан Имашева.

Бұл акция Астанадағы басқа да экологиялық шаралардың жалғасы болды. Қаланы көгалдандыруға кәсіпкерлер қауымдастығы, журналистер, депутаттар, қоғам және мәдениет қайраткерлері белсене атсалысты.

9. Әдебиет тезімі

«Экология и устойчивое развитие» газета, 10.2005;

«Егемен Қазақстан» газеті, 14 қаңтар 2004;

«Промышленность Казахстана» журнал, 08.2004;

Ақбасова А.Ж., Саинова Т.Ә., «Экология», Алматы,

«Экология пәні бойынша» СПОӘК, ҚазҰТУ, Алматы,2005.