Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дрістер тезистері информатика мубарак дурысы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Стандартты программалар

WINDOWS операциялық жүйесі құрамына компьютерде күшті программалық орталар орнатқанға дейін күнделікті қарапайым жұмыстарды атқаруға арналған шектеулі қолданбалы программалар енеді. WINDOWS операциялық жүйесімен қоса қамтамасыз етілетін мұндай программаларды стандартты программалар деп атайды. Бұл программаларды қарапайымдылығына байланысты оқу құралдары ретінде пайдаланған тиімді. Стандартты қосымшалармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру арнайы программалық орталарды пайдалану мүмкіндіктерін үйренуді жеңілдетеді.

Wordpad мәтіндік редакторы

Құжаттар мен мәтіндерді дайындау – дербес компьютерлерді пайдаланудың кең таралған жолының бірі. Бұл салада компьютерлер тек баспа машинасының ролін ғана атқарып қоймай, құжаттарды дайындағанда, көптеген қосымша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және ұшан теңіз жұмыстарды шығармашылық еңбекке айналдырады.

Біріншіден – компьютерге жазылған мәтіндерді қалауымызша өзгертуге, әртүрлі құжаттарды “жалғап” біріктіруге, мәтіннің шекараларын туралауға, сақтауға және бірнеше рет қағазға басып шығаруға болады.

Екіншіден – әртүрлі харіптерді, әр түрлі тілдердің алфавиттерін, сонымен қатар графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден – мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді әр түрлі формада (қисық түрінде, көлемдік пішінде және т.б.) қисайтып немесе созып орналастыруға болады.

Төртіншіден – дайын хаттарды, кітаптағы мәтіндерді сканер және таным программасының көмегімен мәтіндік форматқа келтіруге болады.

Бесіншіден – стандартты құжаттарды дайындағанда даяр үлгілерді пайдалануға болады.

WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды құру мүмкіндігін береді. WordPad құжатында мәтін мен абзацты форматтауға, шекараларын жылжытуға, шегіністерді орнатуға, әр түрлі харіптерді пайдалануға, графикалық бейнелерді, дыбыстық үзінділерді және видеоклип қоюға болады.

Wordpad программасын іске қосу

WordPad редакторын іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Жіберу –Программалар – Стандартты – WordPad

(Пуск – Программы – Стандартные - WordPad)

Редакторды іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактор WordPad терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: бастама жолы, мәзір жолы, құрал-саймандар тақтасы, форматтау тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің жұмыс бөлігі үлкен орын алады да, онда мәтін теріледі.

Терезенің бастама жолында құжат аты және WordPad программасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары орналасқан. Әрбір батырманың міндетін білу үшін тышқанның көрсеткішін сол батырма үстіне орналастырсақ, аз уақыттан соң кішкене төртбұрыш ішінде оның аты жазылады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін бейнелейді.

Терезеде орналасқан екінші тақта – форматтау тақтасы. Бұл тақтада мәтінді форматтау командаларына тез қатынасу батырмалары орналасқан.

Калькулятор

Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс атқару мүмкіндігін Windows’98-дің көмекші программасы “Калькулятор” арқылы көруге болады. Бұл кәдімгі электрондық калькулятор жұмысын модельдейтін қолданбалы программа.

Бұл программаны қолдану есептеулерді оперативті түрде жүргізуге және нәтижесін Windows’98 жүйесінің басқа пограммаларында пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Калькулятор қосымшасы компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс (Мысалы, санды бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыру, логикалық арифметика принциптері, есептеу дәлдігін анықтау және т.б.) істеу принципін тереңірек тусінуге көмектеседі.

Жүйеде калькуляторды екі түрі бар: Қарапайым және Инженерлік.

КАЛЬКУЛЯТОРДЫ ІСКЕ ҚОСУ

Пуск – Программалар – Стандартты – Калькулятор

(– Программы – Стандартные – Калькулятор)

Қарапайым арифметикалық амалдардан басқа саны шектеулі амалдарды және бірнеше функцияларды орындай алады.

Калькулятордың бір түрінен екіншісіне көшу үшін Түр (Вид) мәзірінен оның типін (түрін) таңдау керек.

MS – индикатордағы санды жадқа жазады;

M+ – жадтағы санға индикатордағы санды қосады;

MR – жадта сақталған санды индикаторға шығарады;

MC – жадты тазалайды