Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дрістер тезистері информатика мубарак дурысы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Сегіздік, он алтылық санау жүйелеріндегі сандармен орындалатын арифметикалық амалдар алдыңғы екілік жүйедегі тәрізді, мысалы:

Жауабы: 141,5 + 59,75 = 311,28 = C9,416 Тексеру: Қосындыны ондық жүйеге аударамыз:

  • 311,28 = 3 . 82 + 1. 81 + 1 . 80 + 2 . 8-1 = 201,25 C9,416 = 12 . 161 + 9 . 160 + 4 . 16-1 = 201,25

  • Сегіздік с/ж: 215,48 + 73,68 Он алтылық с/ж: 8D,816 + 3B,C

  • Жауабы: 141,5 + 59,75 = 311,28 = C9,416 Тексеру: Қосындыны ондық жүйеге аударамыз:

  • 311,28 = 3 . 82 + 1. 81 + 1 . 80 + 2 . 8-1 = 201,25 C9,416 = 12 . 161 + 9 . 160 + 4 . 16-1 = 201,25

№3 дәріс.

Тақырыбы: Программалық жабдықтау. MS-DOS операциялық жүйесі

MS-DOS операциялық жүйесі 1981 жылы IBM дербес компьютерлерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.

Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде Windows есептеледі, бірақ MS DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.

Операциялық жүйелердің ортақ ұғымдары мен белгілеулері.

Дербес компьютерлерде программалар мен мәліметтерді сақтаушы рөлін магниттік дискідегі жинақтауыштар (МДЖ) атқарады, сондықтан компьютер жұмысының пәрменділігі оларды дұрыс қолдана білуге бйланысты. Дискілер латын алфавитінің алғашқы бас әріптерімен А:, В:, С:, D: және т.с.с. болып белгіленеді.

Компьютерлердің көбісінде бұрын екіден иілгіш магниттік дискідегі мәлімет жинақтауыштар болған, олар А: және В: болып, ал қатты дискідегі жинақтауыштар бір немесе бірнеше бола береді де С:, В:, Е:, және т.с.с. түрінде белгіленеді. Бұрынғы компьютерлерде мәліметтерді бірінен біріне көшіру үшін екі дискет салатын ұя қолданылған еді, кейін компьютер жедел жадының көлемі улкеиген соң тек бір ғана ұя қалдырылды. Қазіргі кезде В: дискісі қолданылмайды.

Дербес компьютер іске қосылғанда ОЖ құрамы көбінесе С: қатты дискісінен немесе А: иілгіш дискісінен оқылып, жедел жадқа жүктеледі де, экранға Windows ортасында жұмыс үстелі шығады, ал MS DOS жүиесінде-оның қызмет атқаруға дайындығын білдіретін төмендегідей стандартты түрдегі жұмысқа шақыру белгісі шығады.

А:\.>-бұл А: дискісінің жұмыс істеуге дайыдығын көрсететін шақыру белгісі,егер компьютер іске қосылғанда А: дискі жетегі ұясына дискет салынбаса онда компьютер автоматты түрде С: дискісінен ОЖ-ті оқуға тырысады;

С:\>-С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын көрсететін шақыру белгісі.

Сонымен, ОЖ магниттік дискіде (қатты) немесе дискетте (иілгіш) сақталады. Дискілердің негізгі бөлігі болып мәліметтерді немесе программаларды сақтауға арналған. Оның шамалы бөлігінде ғана ОЖ пен әрбір адамның программаларының мазмұны (каталогта не бумада) сақталады.

Файлдық жүйе. Мәтіндер мен программаларды тұрақты сақтауға арналған дискідегі мәліметтер жиыны файл деп аталады. Файл (file-бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информатциялар жиыны. ОЖ жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әр түрлі типтегі файлдар атқарады. Файл программадан немесе оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін. Дискіде аттары әр түрлі көптеген файлдар болады. Файлдың толық атауы екі бөліктен қүралады: аты және типі. Файлдың аты - MS DOS жүйесінде 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен латын әріптері жиыны (Windows-те ол 255-ке дейін ұзартылған және орыс, қазақ әріптері де қолданыста), ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі типі болып саналады, типті файл атының кеңейтңлуі деп те аталады. Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы да мүмкін. Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді.

Файлдың толық аты латынның бас немесе кіші әріптерімен беріледі (цифрлар да кіреді). Мысалы:

COMMAND. COM NORTON . EXE TАNIA5. DOC

START CAME.BAS AIGUL TXT MARAT. DOC TEXTI

Файлды дискіге жазғанда немесе өзгерткенде, оның көлемі, жазылған үақыты, мерзімі де тіркеледі. Файлдың аты, типі, байтпен берілген көлемі, операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылғанда, өзгертңлгенде нгемесе көрсетілгенде тіркеліп отырады.

Файлдарды топтап белгілеу. Кейбір командаларды орындау барысынды файлдардың аты толық көрсетпеуге болады, бұл жағдайда ОЖ файлдар тобын іздейді.

Кейде файлдың біреуін ғана емес, қатар орналасқан бірнешеуін топтауға тура келеді. Мұны файлдың атына шаблондарды немесе нұсқаларды, яғни ’’*’’ және ’’?’’ белгілерін қою арқылы істеуге болады.

*-файлдың атындағы кез келген сөз тіркестерін білдіреді;

?-файлдың атындағы болуы мүмкін кез келген таңбаны немесе оның болмауын да көрсетеді.

Файлдар каталогы. Дискіде сақталатын файлдар өте көп болып,олар бірнеше мыңдаған сандарға жетуі мүмкін. Мұндай инфрмациялармен жұмыс ісейтін адам қандай мәлімет қай жерде орналасқаны және ол файлдардың атарын сақтауы тиіс. Файлдарды дискілерде сақтауды белгілі бір жүйеге келтіру үшін оларды каталогтарға біріктіреді. Каталог немесе бума (папка, folder) - белгілі бір орта қасиеттеріне қарай бір магниттік дискіде орналастырылған файлдар тобына қойылған атау, яғни бума аты. Каталогты компьютердің сыртқы жадының бір бөлігі немесе тарауы деп қарауға болады. Windows жүйесінде каталог бума деп аталады, бұл атау оның мән мағанасын толығырақ ашады. Әрбір каталогтың өзіндік белгілі бір аты бар. Бір каталог басқа каталогқа кіруі мүмкін, онда ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады Осы тәрізді тармақталған бұтақ тәріздес файлдар жүйесі құрыла береді. Каталог файл тәрізді өз иесін қойған атпен аталады. Әр адам каталогтарды қалай деп атап, қалай құратынын өзі шешеді.

Дискіде міндетті түрде түпкі немесе 1-деңгейдегі каталог болуы тиіс. Оған файлдар және 2-деңгейдегі каталогтар енеді, ал оның ішіне 3-деңгей каталогы, т.с.с. енуі мүмкін.

Бағынышты каталогтар тізбегі бір-бірінен «\» таңбасымен бөлініп жазылады,мысалы,

C:\DEMO>-DEMO C: дискісіндегі 1-деңгейлі каталог

C:\DEMO\SYSTEM>-SYSTEM C: дискісіндегі 2-деңгейдегі каталог ;

Әрбір мезетте бір каталог жұмыс атқарады да, ол екпінді немесе активті (ағымдағы) деп аталады. Компьютер іске қосылғанда мұндай каталог рөлін түпкі каталог атқарады немесе компьютер өшірілер кездегі екпінді болған каталог атқарады, пайдаланушы өз қалауынша командалар көмегімен басқа каталогты екпінді ете алады.

Файлдар маршруты. Файлдар бұтақ тәрізді күрделі түрде құрылса, онда оның тек өз атын ғана емес, сонымен қатар тұрған каталогын, оның басты каталогпен байланысын, дискісін көрсету қажет. Мұндай файлдың нақты тұрағын (адресін) көрсететін каталогтар тізбегін – маршрут немесе жол деп те атайды. Сонымен, файл толық түрде мынадай элементтермен беріледі:

  1. дискінің аты, ол бірақ кейде көрсетілмей де кетеді;

  2. бірінің ішіне бірі кіретін каталогтар тізбегінің аттарынантұратын маршрут (ол да кейде көрсетілмей кетеді);

  3. тізбекті аяқтайтын файлдың өз аты (файл тізімдегі ең соңғы каталогта орналасады).

Уақыттың әрбір мезетінде бір дискіжетек ағымдағы екпіді күйде болады, оның айғағы ОЖ шақыруы, яғни жұмыс істеп тұрған дискіжетек пен файлдар маршруты атының көрсетілуі.

Мысалы:

A: > немесе C:\>

C:\ DEMO\VICTOR> немесе C:\SYS\AZAT\ALMA>

Сонымен файлдың маршрутын немесе адресін толық көрсету үшін дискінің атын, каталог аттарының тізбегін, ең соңында файлдың атын және типін толық көрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлың толық аты төмендегідей болады. [дискінің аты:\][маршрут\] файлдың аты [.типі]

Тік (квадрат) жақшаның ішідегі сөздер көрсетілмеуі де мүмкін. Компьютер іске қосылып ОЖ жұмысқа кіріскен соң, экранға жұмысқа шақыру (немесе дайындық) белгісі шығарылып отырады. Ол жұмыс істеп отырған ағымдағы диск аты мен ағымдағы каталог аты тізбегінен тұрады, мысалы,

C:\DOS\>-C: дискісінің DOS каталогы жұмыс істеп тұр;

C:\>-C: дискісінің түпкі, ең жоғарғы деңгейдегі каталогы іске қосылып, жұмыс істеуге дайын тұр;

D:\BAS\TUDENT\>-D: дискісінің BAS каталогындағы бағынышты STUDENT каталогы ағымдағы күйде жұмысқа дайын тұр;

A:\>-A: дискісінің түкі каталогы жұмысқа дайын, т.с.с.

Файлдың аттарының стандартты типтері. Файлдың аты немесе типі (Windows-те суреті, белгішесі) онда сақталынатын информацияның тегіне, мазмұнына, типіне қарап беріледі. Файлдардың толық аттары бойынша айырып тануға мүмкіндік беретін мына төмендегідей стандартты типтері бар:

.ASM -aсссемблер тіліндегі программа;

.BAS-BASIC -тіліндегі программа;

.COM-тікелей атқарылуға арналған командалық файл;

.DAT-мәліметтер файлы;

.DOC-программасында дайындалған құжаттық файл;

.EXE-басқаруымен атқарылатын файл;

.PAS-Паскаль тілінде жазылған программалық файл;

.TXT-Блокнот программасында дайындалған мәтіндік файл.

ОЖ-нің негізгі командалары:

Dir (Directory) [дискінің аты] [файлдың аты] [/P][/W] – дискінің мазмұнын көруге мүмкіндік беретін команда, /P-дискінің мазмұнын экранға парақтап шығару, /W-мазмұнды қысқаша шығару; (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді; (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді; (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді; (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді; (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді; (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді; (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді; (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді; (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді; (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді;(Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді;(Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді;(Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді;(Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді;

MD [каталог аты] – жаңа каталог құру командасы;

RD [каталог аты] –каталогты өшіру командасы;

СD [каталог аты] –каталогты өзгерту командасы;

COPY [қайдан] [қайда] – файлды бір орыннан екінші орынға көшіру командасы;

REN [файлдың ескі аты] [файлдың жаңа аты] – файлдың атын өзгерту командасы;

DEL [файл аты] – файлды өшіру командасы;

TYPE [файл аты] – мәтіндік файлды экранға шығару командасы;

CLS – экранды тазалау командасы;

DATE – ағымдағы күн-ай мерзімін көрсету командасы;

TIME – ағымдағы уақытты көрсету командасы;

FORMAT A: - жаңа дискетаны форматтау командасы.

Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екіншігі бір бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің немесе системаның (ОС) алатын орны ерекше болып есептеледі.

ОС дербес компьютердің аппаратурасының жалғасы сияқты, ол атқаратын істерді мынадай үш топқа жіктеуге де болады:

1) мәліметтерді енгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;

2) ЭЕМ-ді сыртқы ортамен байланыстыру;

3) мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.

Компьютерлердің әртүрлі модельдерінде қолданылатын ОС-тердің мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған ОС түрлеріне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNІX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер – Wіndows программалары жатады.

MS-DOS жүйесі 1981 жылы ІBM PC компьютер­лері­мен бірге шығып, ол әрбір компьютерге орналастырылған болатын. Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде Wіndows есептеледі, бірақ MS DOS жүйесінің негізгі түсініктері операциялық жүйелердің бәрінде де толық пайдаланылады.

Дербес компьютерлерде программалар мен мәліметтерді сақтаушы рөлін магниттік дискідегі жинақтауыштар атқарады, сондықтан оларды дұрыс қолдана білу ЭЕМ-ді тиімді пайдалану негізі екені талас тудырмаса керек. Дискілер латын афавитінің алғашқы бас әріптерімен А: , В: , С: , D: т.с.с. болып белгіленеді.

ДЭЕМ іске қосылғанда ОС көбінесе С: қатты дискісінен немесе А: иілгіш дискісінен оқылып жедел жадқа жүктеледі де, экранға ОС-тың қызмет атқаруға дайын екендігін көрсететін төменде көрсетілгендей стандартты түрдегі жұмысқа шақыру белгісі шығады.

A:\> – бұл А: дискісінің жұмыс істеп дайын тұрғанын көрсететін шақыру белгісі, егер компьютер іске қосылғанда А: дискіжетегі ұясына дискет салынбаса, онда ЭЕМ автоматты түрде С: дискісінен ОС мәліметтерін алуға тырысады;

C:\> – С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын көрсететін шақыру белгісі.

ОС ЭЕМ жедел жадына дұрыс жүктелген соң, экранға A:\> немесе C:\> тәрізді команда енгізу қатарына шығады.

Мәтіндер мен программалардан тұратын мәліметтер тұрақты күйде дискі­дегі файлдарда сақталады. Файл (fіle - бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны. ОС жұмысы үшін керекті алғашқы деректер және нәтижелік соңғы мәліметтер рөлін де әртүрлі типтегі файлдар атқарады. Файл программадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін. әрбір файлдың файлдар каталогында – мазмұнында тіркелген өзіндік аты болуы керек.

Файлды дискіге жазғанда не өзгерткенде, оның көлемі, құрылған уақыты, мерзімі де тіркеледі. Файлдың аты, типі, символмен берілген (байт) көлемі, операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазыл­ғанда, өзгертілгенде немесе көшірілгенде тіркеліп отырады.

Файлдарды дискілерде сақтауды оңайлатып, белгілі бір жүйеге келтіру мақсатында оларды каталогтарға (директорияларға) біріктіріп қояды. Каталог немесе директорий – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған бір топ файлдар тізіміне қойылған атау. Бұл тізімді ЭЕМ-нің сыртқы жадының бір бөлігі не тарауы деп қарауға болады. Wіndows жүйесінде каталогтар атқаратын қызметін толығырақ ашатын бума (папка) термині қолданылып жүр. Әрбір каталогтың өзіндік белгілі бір аты болады. Бірнеше каталогтардың аты басқа тізімге тіркелуі де мүмкін, онда ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады. Осы тәрізді тармақталған бұтақ тәріздес файлдар жүйесі құрыла береді.

Бір каталаг екінші бір каталогтың ішінде орналаса береді, мұндайда ол бағынышты атанып, сатылы түрде бұл каталогқа да басқа бір каталог бағынышты болып орналасуы мүмкін. Осындай түрде бір-бірінің ішінде орналасқан каталогтар бұтақ тәрізді көп сатылы (иерархиялы) файлдар жүйесін құрады.

Файлдар бұтақ тәрізді күрделі түрде құрылса, онда оның тек өз атын ғана емес, сонымен қатар тұрағын, басты каталогын, оның деңгейлерін көрсету қажет. Мұндай файлдың нақты тұрағын (адресін) көрсететін тізбектелген файлдар атауы - маршрут не жол деп те аталады.

Сонымен файлдың маршрутын немесе адресін толық көрсету үшін дискінің атын, тізбектеле орналасқан каталог аттарын, ең соңында файлдың атын және түрін толық көрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың толық аты төмендегідей болады.

[дискінің аты:\] [маршрут\] файлдың аты[.түрі]

Тік (квадрат) жақшаның ішіндегі сөздер көрсетілмеуі де мүмкін. ЭЕМ іске қосылып ОС жұмысқа кіріскен соң экранға жұмысқа шақыру (немесе дайындық) белгісі шығарылып отырады. Ол жұмыс істеп отырған екпінді диск аты мен ағымдағы каталог аты тізбегінен тұрады, мысалы,

C:\DOS\> - С: дискісінің DOS каталогы жұмыс істеп тұр.

ОС жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс құралы - команда. Ол компьютерге белгілі бір әрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру үшін қолданы­лады.

Команда формат деп аталатын, арнаулы құрылымнан (структурадан) тұрады. Формат команданың атынан және параметрінен құралады.

MS-DOS барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қызмет ететін COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар - тез орындалатын жиі қолданылатын қарапайым командалар. Бұл топқа: DІR, MD, CD, RD, TІME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.

Транзитті (сыртқы, шақырылып іске қосылатын) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRІB, TREE, MODE, DІSKCOPY және т.б.

  1. Магнитті дискілер қалай белгіленеді? В: дискісі неге қолданылмайды?

  2. Файл дегеніміз не? Ол нені көрсетеді? Windows-те неге файл типі сирек қолданылады?

  3. Файл атрибуттары деген не? Оларды атап шығыңыздар ?

  4. Файлды топтап белгілеу үшін қандай символдар қолданылады?

4 дәріс.

Тақырыбы: Windows операциялық жүйесі жа йлы жалпы мағлұматтар. Windows жүйесінің стандартты программалары. Файлдар және бумалармен тиімді жұмыс істеу

Ескерту. Операциялық жүйесіз компьютер жұмыс істемейді.

Алдымен MS DOS операциялық жүйесі құрылды, онда командалар қолмен теріледі. Қолдануға ыңғайлы болу үшін командаларды термей-ақ пернелерді басу арқылы орындайтын арнайы программалар құрылды. Операциялық жүйелермен жұмысты жеңілдету үшін құрылған арнайы программаларды операциялық қабыршықтар деп атайды. MS DOS операциялық жүйесі үшін кең тараған операциялық қабыршық ретінде Norton Commander программаларын атауға болады.

WINDOWS операциялық жүйесі ыңғайлы, графикалық түрде құрылған, онда меню, команда, терезе, объект ұғымдары қолданылады.. Бір мезгілде бірнеше программалармен жұмыс істеуге болады және сыртқы құрылғылармен байланысу қызметін де операциялық жүйе өзі атқарады. WINDOWS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін көптеген программалар жазылады, ескі программалар ыңғайланып қайта құрылды. WINDOWS-та қазіргі кезде кең тараған барлық қолданбалы программалар жұмыс істейді десек артық болмайды.

WINDOWS программалары ортақ принципте құрылған оларда меню, команда, терезе ұғымдарымен қатар объект ұғымы және белгілеу кеңінен қолданылады.

Терезе – Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы «терезелер» екні осыны білдіреді.

Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады.

Терезе шекаралары – бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аумағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан – терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әртүрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б. Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симайтын информацияның бейнеленіп тұрғанын көрсетеді. Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;

қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;

шарт белгі түрінде, яғни терезе кішірейтіліп шарт белгіге айналып кеткен.

Жұмыс столы

Жұмыс столы – екінші негізгі ұғым. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әртүрлі күйде орналаса алады. Жұмыс столы бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр. Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан. Өзіңіздің жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты экранда да қажетті құжаттарды, құрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай артық зат ұстамай жұмыс істеуге көңіл бөледі.

Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар

Шартбелгі - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. әр шартбелгі белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынандай шартбелгілер кездеседі:

қосымша программалар шартбелгісі;

белгілі бір топтар шартбелгісі;

функциялар шартбелгісі.

Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады. Бума – экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы орналасқан контейнер болып табылады. Каталог – файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер.

Тышқан тәрізді графикалық сілтеме

Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені немесе олардың комбинацияларын қолдану өте тиімді. Стол бетімен тышқанды жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің яғни курсорының жылжуымен сай келеді. Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы, ал анда-санда оң жақтағы батырмасы қолданылады. Тышқан тетігінің ортаңғы батырмасы Windows ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуде қолданылады. Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен курсордың қозғалуы болып табылады.

Келесі операция – шерту. Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғанан кейін ғана орындалады. Мысалы, сілтемені графиктік элементтің шартбелгісіне жеткізіп, шерту операциясын орындауға болады. Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ батырмасын жылдам түрде екі рет шерту әрекеті жатады. Егер ол аралықта көп уақыт өтіп кетсе, онда Windows жүйесі бұл әрекетті жекеленген екі бөлек шерту деп түсінеді.

Келесі операция – тасымалдау. Ол терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға тасымалдайды және терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады. Объектілердің тасымалдау амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын элеменке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап отырып, сілтемені қалаған жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз.

Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері

Көрсету және шерту принципі – бұл принцип бойынша көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады:

программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту, және бұрынғы қалпына келтіру;

көлденең орналасқан меню пункттерін таңдау;

экранға шығатын меню командаларын таңдау;

аспаптар тақтасы командаларын таңдау;

мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;

командалық батырманы басу, таңдау;

ауыстырып қосқыштың мәнін өзгерту;

мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын өзгерту;

мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және т.с.с

Ерекшелеу немесе белгілеу принциптері – бұл операция мынадай іс-әрекеттерден тұрады:

- фрагментті көшіру, тасымалдау, жою, олардың шрифтерін және мөлшерін өзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп қараңғылау т.с.с. мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады: ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек, ал сонан соң нақты команданы орындау. Мысалы, мәтін бөлігін тышқанның көмегімен немесе арнайы перне <SHIFT> және бағыттауыш сызықтар арқылы белгілеп алуға болады. Графиктік түрдегі фрагменттерді белгілеуде, әдетте «қайшымен қиюды» қолданады.

Тасымалдау және барған орнында қалдыру принципі – бұл әдіспен өңделіп жатқан құжаттың белгіленген үзігін, шартбелгіні, терезені басқа орынға ауыстыруға немесе олардың көшірмесін алуға болады. Мысалы, егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға ауыстыруға болады. Батырманы босатқан кезде сурет қиығы жаңа орынға бекітіледі. Егер оны ауыстыру барысында <Ctrl> пернесін басып тұрған болсақ, онда жаңа орынға сол сурет фрагменттінің көшірмесі орналасады. Осындай жолмен үнемі көшіру мен орын ауыстыру амалдарын қатар қолдануға тура келеді.

Windows жүйесінде тасымалдау және барған орнында қалдыру әдісімен келесі операцияларды орындау жиі жүргізіледі:

- үлкейтілмеген терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстыру. Көп жағдайларда, тышқанның сол жақ батырмасымен бірге <Ctrl> пернесін бассақ, онда программалық элементтерді бір топтан екінші топқа көшіруге болады;

- графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагментін жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін алу. Әдетте, мұндай фрагмент рөлін көбіне басқа графиктік файлдан мәтіндік құжатқа қойылуға тиіс бейне суреттер атқарады;

- Word редакторында мәтіндік информацияның белгіленген фрагментін басқа жерге ауыстыру немесе оның көшірмесін алу;

- суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру және көшірмелерін алу;

- мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ, сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және төменгі кішкене үшбұрыштарын тасымалдау арқылы тағайындау;

- дайын шартбелгілер жиынына әрбір адам өзі қолданатын құрал-саймандар тақтасын құрастыру.

Windows жүйесін іске қосу

Windows операциялық жүйесі компьютер токқа қосылысымен жедел жадқа жүктеледі де экранда жарлықтары мен шартбелгілері бар қалыптағы көрініс пайда болады.

Windows жүйесімен жұмысты аяқтау.

Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет:

жұмыс істеп тұрған программаларды жабу;

Windows жүйесінен шығып жұмысты аяқтау ісін орындау.

Тек осыдан кейін компьютер өшіріледі. Неге бұлай?

Windows жүйесі компьютер құрылғыларын толық пайдаланып, оларды толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows жүйесі уақытша пайдаланатын файлдарды жасап алады. Windows жүйесі жұмысын дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-өзінен жойылады. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискіде сақталып қалып, біраз орын алып тұрады.

Сондықтан Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс:

1. Тышқан курсорын іске қосу батырмасына алып барып, оны бір рет шерту керек те, меню командаларының ішінен «Windows-бен жұмысты аяқтау» командасын таңдау қажет. Мұнан кейін «Windows-бен жұмысты аяқтау» атты сұхбат терезесі экранға шығады. Бұл терезені <Alt + F4> пернелері арқылы да шығаруға болады. <Alt + F4> пернелері кез келген терезені жабу ісін атқарады.

2. Экрандағы сұқбат терезесінде көрініп тұрған ауыстыру тобындағы «компьютерді өшіру» жолын таңдап алып, «иә» басқару батырмасын басу керек.

3. Windows жүйесі жұмысын аяқтап, терезені жапқанша күте тұрып, соңынан компьютерді сөндіру қажет.

Анықтамамен жұмыс істеу

Windows жүйесінің анықтамалығы ашылып тұрған қосымша программа немесе бума терезесі ішінде-ақ көмек бере алады. Бірақ бұл көмек тек терезе объектілерін ғана қамтиды. Ағымдағы терезе объектілері туралы анықтамалық мағлұматты былай да алуға болады:

тышқан курсорын керекті объектіге жеткізіліп, оң жақ батырманы шерту;

сұрақ белгісі бар меню пунктін басу арқылы;

F1 пернесі арқылы.

Керекті көмекті алып болған соң, негізгі программаға қайту үшін анықтамалық терезені жабу қажет.

Терезелермен орындалатын негізгі операциялар

Windows жүйесіндегі кез келген программа терезе ішінде орындалады, сол себепті тереземен атқарылатын амалдарды (көлемін өзгерту, экран бетінде жылжыту, терезені үлкейту және кішірейту) орындай білу қажет. Енді біз Windows жүйесінде терезе арқылы орындалатын негізгі іс-әрекеттерді қарастырамыз.

Терезенің аумағын өзгерту.

Терезенің аумағын өзгерту үшін тышқан курсорын терезенің төрт жақтауының кез келгеніне, мысалы, сол жақ шекарасына апарыңыз. Тышқан курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты көлденең сызыққа () айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не оңға жылжыту керек.

Ал терезенің ұзындығы мен енін қатар өзгерту үшін, тышқан курсорын терезенің төрт бұрышының біріне, яғни қабырға сызықтары қиылысқан жеріне апару керек. Бұл сәтте курсор екі жақты көлбеу сызық (↨) түріне келеді де, ол өз кезегінде терезе аумағын алдыңғы айтылған тәсілмен бірден екі бағытта өзгерту мүмкіндігін береді.

Терезенің орнын аустыру.

Терезенің экран бетімен орнын ауыстыру үшін курсорды тақырып жолына алып барамыз. Мұндайда курсордың сыртқы пішіні өзгермеуі тиіс, бірақ бағыттауыш сызық ұшы көк тіктөртбұрышқа түскенде ғана операцияны орындауға болады. Ол үшін тышқан батырмасын басып тұрып, оны сол басулы күйінде жібермей ұстап курсорды жаңа орынға жылжытамыз. Курсорды жіберген сәтте терезе жылжып барған жаңа орында бекітіліп сақталып қалады.

Windows жүйесінің стандартты программалары.