- •Дәрістер тезистері
- •1.2. Ақпаратқа түсініктеме.
- •Адам информацияны қалай қабылдай алады?
- •Кез келген позициялық жүйе өз негізі арқылы ерекшеленеді, олар екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелері. Әр санау жүйесінде негізі q сандардың жазылуын келесі өрнек арқылы көрсетуге болады:
- •Кесте 1. Санау жүйелерінің арасындағы сәйкестілік кестесі
- •Ондық жүйедегі сандарды басқа жүйеге аудару.
- •Сандарды ондық санау жүйесіне аудару
- •Екілік санау жүйесіндегі сандармен орындалатын арифметикалық амалдар:
- •Сегіздік, он алтылық санау жүйелеріндегі сандармен орындалатын арифметикалық амалдар алдыңғы екілік жүйедегі тәрізді, мысалы:
- •Стандартты программалар
- •Wordpad мәтіндік редакторы
- •Wordpad программасын іске қосу
- •Жіберу –Программалар – Стандартты – WordPad
- •Калькулятор
- •Paint графикалық редакторы
- •Графикалық сипаттау (блок-схемалар)
- •1.Жүйелік блок
- •2.Монитор
- •3.Перне тақтасы
- •Бейнекарта
- •Сандарды енгізу
- •Кестелер арасындағы байланыс түрлері
- •Байланыстарды орнату
- •Деректерді сұрыптау және фильтрациялау
- •15 Дәріс. Желілер. Жергілікті және ауқымды желілер
Адам информацияны қалай қабылдай алады?
Адам информацияны үздіксіз қабылдап отырады. Информация, адамға ауа, су, жылу қандай қажет болса, сондай қажет. Айталық, сіз дыбыс, сәуле жоқ бітеу кеңістіктің ішінде қамалып қалдыңыз екен делік. Бірнеше күннен кейін еш нәрсе сезбейтін,ешқандай әрекет істей алмайтын болып, орыныңыздан қозғала алмайсыз. Себебі: сырттан информация берілмеді.
Адам өмір сүру үшін әрқашанда сырттан иіс, сезім және басқа да информация қабылдап отыруы қажет, онысыз тіршілік болмайды.
Адамның ең басты сезім мүшесі- көру және есту. Кітаптан, теледидардан және басқа да ақпарат көздерінен сол мүшелер арқылы информация қабылдап отырмыз. Сырттан қабылдайтын информацияның 90% - і сол мүшелер арқылы қабылданады.Адам қабылдайтын информациялар таңба және образды түрде болуы мүмкін.
Образды информация деп дәм, иіс, сезім сияқты табиғи информация көздерінен алынатын информацияларды айтады.
Таңба түріндегі информацияларға сөз жазу және т.б. информациялар жатады. Жазба мәтін әр түрлі белгілерден (а, в, «.», «- » ...) тұрады. Сөздер дыбыстық белгілерден – фонемалардан тұрады. Фонемадан сөз және сөйлемдер құрастырылады. Олар әріптердің сөз буындарының комбинациялардан құрастырылады.
Таңба түрінде қатысуды қатынасу тілі дейді. Қатынасу тілдері табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи тілге кәдімгі ұлттардың жазба және сөйлесу тілдері жатады. Мысалы: оларға қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдер жатады.
Жасанды тілдерге формальды, математика, физика, музыка, компьютер тілдері жатады.
Әр тілдің өзіне сәйкес алфавиттері, сөз құрастыратын белгілері болады. Мысалы: қазақ тілінің 43 символы, орыс тілінің 33 символы, ағылшын тілінің 28 символы бар, ал морзе тілі екі-ақ бнлгіден: «.» , «-» тұрады.
Сандарды құрастыратын алфавиттер көп. Мысалы: екілік, сегіздік, ондық және он алтылық. Жүйенің негізі қанша болса, ол жүйеге сонша символ енеді. Мысалы: екілік жүйеге тек екі символ: 0 және 1 енеді.
2 дәріс
Тақырыбы: Санау жүйесі. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру
Санау жүйесі – сандарды жазуға арналған ережелер мен арифметикалық операцияларды орындау мүмкіндігін беретін арнайы сандар жиыны. Санау жүйесі - санды атау және жазу әдістерінің жиынтығы. Санау жүйесі позициялық және позициялық емес болып, екіге бөлінеді.
Позициялық емес жүйеде сандардың мәні (салмағы) оның тұрған орнына (позициясына) байланысты болмайды, мысал ретінде латын алфавитін пайдаланып жазылатын рим сандарын айтуға болады: ССLХVII (100+100+50+10+7), қай жерде тұрса да С – жүз, L – елу, т.с.с.
Позициялық санау жүйесінде әр санның мәні оның тұрған орнына сәйкес, мысалы 777,7 санындағы алғашқы 7 саны – 7 жүздікті, екіншісі – 7 ондықты, үшіншісі – 7 бірлікті, соңғысы – бірдің 7/10 бөлігін көрсетеді.
Кез келген позициялық жүйе өз негізі арқылы ерекшеленеді, олар екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелері. Әр санау жүйесінде негізі q сандардың жазылуын келесі өрнек арқылы көрсетуге болады:
мұндағы
– санау жүйесіндегі сандар, п
мен т
санның
бүтін және бөлшек бөліктері. Мысалы,
125,4 санын
түрінде
жазуға болады. Жалпы полином ретінде
келесі формуланы пайдалану қажет:
,
(1)
мұндағы A – сан, p – санау жүйесінің негізі, n – жоғарғы разряд нөмірі, m –төменгі разряд нөмірі, k – ағымдағы разряд нөмірі. ЭЕМ-мен жұмыс істеген кезде екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелері қолданылатыны белгілі.
Кез келген ондық сан белгілі бір ереже арқылы екілік санға айналады және екілік санды қайтадан ондық санға айналдыру қиын емес. Ал әріптер мен символдарға келетін болсақ, олар ретті түрде жазылып, әрқайсысы тұрған нөміріне сәйкес екілік кодқа ие болады. Екілік сандарды ондық сандар тәрізді қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.
Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру ережесі қиын емес, ол үшін мына жолдарды қарастырайық.
Ондық сан: 010 110 210 310 410 510 610 ... 1010 1110
Екілік сан: 02 12 102 112 1002 1012 1102 ... 10102 10112
Мұнда жоғарғы жолда 1-ден 11-ге дейінгі ондық сандар, ал төменгі жолда соларға сәйкес екілік сандар жазылған. Санау жүйелерінің арасындағы сәйкестілік 1-кестеде көрсетілген.
