- •Заң факультеті Философия және саясаттану кафедрасы
- •Заң факультеті Философия және саясаттану кафедрасы
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Тақырып 9. Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері
- •Тақырып 13. Қазіргі заман мәдениетінің басты сипаттары. Техногендік өркениет.
- •Осөж сабақтарының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
- •Осөж сабақтарының әдістемелік ұсыныстары
- •1. Кіріспе. Мәдениет-мәдениеттанудың объектісі және пәні ретінде. Мәдениеттің теориясы
- •2. Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті. Номадалардың ежелгі мәдениеті
- •3.Шумер-Вавилон өркениеті
- •5. Мәдениеттің Үнді-буддизм типі
- •6. Конфуцийшілдік-даосистік діни-философиялық ілім- Қытай өркениетіне тән ерекше ілім ретінде.
- •7. Ежелгі Грекия мәдениеті
- •8.Ежелгі Рим мәдениеті
- •1.Ертеримдік мәдениеттің бастау алған қайнар көзі
- •9. Ортағасырлық Батыс Еуропа дәуірінің мәдениеті
- •10. Қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті
- •11. Жаңа Заман және Реформация кезеңі.
- •12. Хх ғасырдағы негізгі мәдениеттанушылық мектептер және адамзаттың жаһандық проблемалары.
- •13. Қазақ мәдениетінің бастаулары.
- •14. Қазақстанның ортағасырлардағы мәдениеті.
- •Сөж сабақтарының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
- •Эссе тақырыптары
- •Сөж тапсырмалары Мақсаттары мен әдістемелік кеңестер
- •Мәдениет теориясы
- •1.Мәдениет туралы ұғым, оның қызметі мен дамуының негізгі заңдылықтары
- •2.Мәдениет және өркениет. Мәдениеттанулық тұжырымдар және теориялар
- •3.Мәдениеттің рухани құрылымы: өнер, дін, мораль, құқық, саясат, ғылым, білім, тіл, қарым-қатынас т.Б.
- •4.Мәдени-тарихи типология
- •16.Хүііі ғ. Орта тұсы – хх ғ. Қазақ мәдениеті
- •17.Ұлттық мәдениет
- •Мәдениеттану пәнінен бақылау сұрақтары
- •1. Тақырып Кіріспе. Мәдениет-мәдениеттанудың объектісі және пәні ретінде. Мәдениеттің теориясы
- •2.Тақырып. Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті. Номадалардың ежелгі мәдениеті
- •3. Тақырып. Ежелгі Мысыр, Шумер-Вавилон өркениеттері
- •4. Тақырып. Мәдениеттің Үнді-буддизм типі
- •5. Тақырып. Мәдениеттің конфуцийлық-даосистік типі
- •6.Тақырып. Антика дүниесінің мәдениеті
- •7.Тақырып. Ислам әлемінің мәдениеті
- •8.Тақырып. Орта ғасырлық қазақ мәдениеті
- •9.Тақырып. Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері
- •10.Тақырып. Қайта жаңғыру мәдениеті. Жаңа замандағы мәдени өзгерістер
- •11.Тақырып. Орыс мәдениеті – мәдениеттің православиелік типі
- •12.Тақырып. Хүііі ғ.Мен хх ғ. Аяғындағы қазақ мәдениеті
- •13.Тақырып. Қазіргі заман мәдениеті. Басты проблемалары мен даму бағыттары
- •14.Тақырып. Қазіргі заман мәдениетінің басты сипаттары. Техногендік өркениет
- •15.Тақырып. Әлемдік өркениеттік үрдістер аясындағы қазақ мәдениеті
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ |
Ф.4.09-26 |
|
27.05.2015ж. |
Заң факультеті Философия және саясаттану кафедрасы
БЕКІТЕМІН
ҰЖӘжС сұрақтар бойынша проректор
____________ М.Ж. Мальтекбасов
«_____» ______________2015 ж.
Мәдениеттану пәнінің
ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: барлық мамандықтар үшін
Оқу формасы: күндізгі
Талдықорған 2015 ж.
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС
негізінде университеттің барлық мамандықтарына филос.ғ.к., доцент К.Н. Аликенова кұрастырған.
__________________________
(оқытушының қолы)
Философия және саясаттану кафедрасының отырысында қарастырылды.
« » 2015 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к. А.Н.Калханова
«_____»__________ ___2015 жыл. №______ хаттама
Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы __________________ А.Б. Жүніспаева
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Силлабус |
Ф.4.09-26 |
|
27.05.2015ж. |
Заң факультеті Философия және саясаттану кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Мәдениеттану пәні бойынша
Барлық мамандықтар үшін
Оқыту түрі: күндізгі
Курс: 1
Семестр: 1, 2
Кредит саны: 2
Барлық сағат саны: 90
Соның ішінде дәрісханалық сағат саны: 75
Дәрістер: 15
Практикалық сабақтар: 15
СӨЖ: 45
Аралық бақылаулар: 2
Емтихан: 1, 2 семестр
Талдықорған 2015 ж
Пәні: Мәдениеттану
Оқытушының аты-жөні:
Аликенова Кульпан Нургазиевна философия ғылымдарының кандидаты, философия және саясаттану кафедрасының доценті, электрондық поштасы: k-alikenova@mail.ru, үй телефоны 21-90-70, ұялы тел. 8701 789 26 25
Сабақ беру уақыты кесте бойынша
Консультациялар уақыты сәрсенбі, 11-15, № 202 ауд, корп.1.
Мәдениеттану пәннің пререквизиті: Қазақстан тарихы.
Мәдениеттану пәннің постреквизиттері: әлеуметтану, саясаттану, психология, дінтану, философия.
Пәннің қысқаша сипаттамасы
Білімгерлерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.
Адамзат тарихында қоғам уақыт өткен сайын түбегейлі өзгерістерге ұшырап, өз құндылықтарын ой елегінен қайта өткізіп, рухани жаңғыруға даңғыл жол ашуда. Сондықтан бүгінгі таңда өркендеп келе жатқан мәдениеттану пәнінің өзекті мәселелерін, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Сындарлы кезеңдердің талқысынан өтіп қана қоймай, осы бір тарихи дәуірлердің рухын жинақтап, мейлінше бай тәжірибе-тағылымды өз бойына сіңіре білген, өзінің сан-сапалық қасиеттерімен ерекшеленетін “мәдениет” атты ұлы күштің бағзы замандардан-ақ адамзат баласының зерттеу және оқып-білу объектісіне айналғандығы ақиқат.
Қазіргі таңдағы жедел даму үстіндегі ғылыми-техникалық прогресс пен технологиялар талабынан өз кәсіби мамандықтарын жете меңгерген, нарықтық замандағы өмір шындығына икемделген, қоғамдағы өз орнын түсіне білетін, ХХ1 ғасырдың көш басшылары жас инженер мамандарды даярлау қажеттілігі туындап отыр.
Жас мамандарды бір тұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында “Мәдениеттану” пәнінің алатын орны ерекше.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты студенттерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.
Міндеттері:
адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеруді, тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;
әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;
мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтау;
түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау;
қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру;
отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу.
Негізгі біліктіліктер:
- Мәдениеттануды пән ретінде, мақсаты мен міндеттерін, мәдениеттану пәнінің негізгі шеңберін, дүниетанымның мәдениет контекстіндегі ерекшеліктері және оның адам өмірлік таңдауының стратегиясына әсерін меңгеруін үйренеді;
- кәсіби жағынан алғанда мәдениеттанулық зерттеулердің мәселелері бойынша білім алу маңызды болып табылады. Бұл пәнді оқып-үйренгенде оның жай-күйі және ең перспективті бағыттары туралы білім алады.
Пән оқытылып болғаннан кейін студенттердің алатын білімі:
гуманитарлық пәндер жүйесіндегі мәдениеттанудың орнын, оның объектісі мен спецификасын, неғұрлым өзекті проблемаларды айқындау;
мәдениет феноменін, оның адамның өмірлік іс-әрекетіндегі рөлін түсіндіре білу;
мәдениеттің базистік құндылықтарын қабылдау, сақтау, болашақ ұрпаққа бере білу жолдарын игеру:
мәдениет формалары мен типтерін, дамуы заңдылықтарын, негізгі мәдени-тарихи региондарды білу, отандық мәдениет тарихын, оның әлемдік мәдениет пен өркениет жүйесіндегі орнын білу;
әртүрлі мәдениеттердің көптүрлілігі және өзіндік құндылықтығы туралы түсінік алу;
қазіргі қоғамның мәдени ортасында бағдар ала білу;
ұлттық және мәдени мұраның сақталуы және артуы жөнінде қамқор бола білу.
тұлғаның қалыптасу жағдайлары, оның бостандығы және тұлғаның өмірді сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуы;
қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білу;
интелектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке, үздіксіз білімін көтеру қажеттілігіне қызығушылық тудыру.
Бұл үшін көптеген теоретикалық, практикалық, методологиялық мәселелерді шешумен қатар сабақ үстінде дискуссия ұйымдастыру, интеллектуалды ойындар, мәдениеттанушылық «Көңілді тапқыштар клубының ұйымдастыру арқылы, рефераттар қорғау, конференцияларда баяндамалар жасап, жарыссөздерге шығып білім аясын кеңейтеді.
