Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ESEPTER_IK_2014-2015_kaz_variant.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
796 Кб
Скачать

2014-2015 Оқу жылы бойынша VI курсқа

қорытынды аттестацияға арналған

«ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР» мамандығы бойынша

алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету кафедрасының

ЕСЕПТЕРІ

ЕСЕП № 143

Ер адам 29 жаста. Шағымдары: оң жақ тізе буындағы ауру сезімі, ұйқының бұзылысы, қозғыштық. Анамнезінен: конъюнктивитпен , уретритпен, асқынған ангинамен ауырғаны белгілі. Объективті: көздің конъюнктивасы екі жақтан қызарған. Оң жақ тізе буыны дефармацияланған, қозғалысы шектелген, ауру сезімді. Жүрек және өкпе жағынан патология анықталмайды. Бауыр қабырға доғасынан 1,0см жоғары шығып тұр. Зәр шығаруда күйдіріп ауру сезімі байқалады.

Осы аталғандардың ішіндегі ең болжамды диагноз?

А) Рейтер ауруы

В) Ревматикалық қызба

С) жүйелі қызыл жегі

D) Анкилоздаушы спондилит

Е) Ювенильді ревматойдты артрит

АМСК кафедрасының отырысында талқыланып, № 6 а хаттама 30 қаңтар 2015 ж. бекітілді.

АМСК кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, м.ғ.к., доцент _____________ Карибаева Д.О.

2014-2015 Оқу жылы бойынша VI курсқа

қорытынды аттестацияға арналған

«ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР» мамандығы бойынша

алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету кафедрасының

ЕСЕПТЕРІ

ЕСЕП № 144

Ер адам 35 жаста. Шағымдары: тез шаршағыштық , жұмысқа қабілетінің төмендеуі, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, жүрек айну, метеоризм, ауыздағы ащы дәм. Анамнезінде: операция және қан құю болған. Дене температурасы 37,9° С. Бауыр +2 см.,пальпацияда ауру сезім анықталады. Б/х : жалпы билирубин , холестерин, аминотрансфераза мөлшерінің жоғарлауы. ИФА әдісінде: HCV IgM, anti-HCV core IgG, anti-HCV NS IgG оң маркерлері анықталды.ПЦР қан сары суында НСV: оң .

Қандай диагноз сәйкес келеді?

А) Созылмалы гепатит С

В) Созылмалы панкреатит

С) Жедел вирусты гепатит С

D)Бауыр Циррозы

Е) Созылмалы холецистит

АМСК кафедрасының отырысында талқыланып, № 6 а хаттама 30 қаңтар 2015 ж. бекітілді.

АМСК кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, м.ғ.к., доцент _____________ Карибаева Д.О.

2014-2015 Оқу жылы бойынша VI курсқа

қорытынды аттестацияға арналған

«ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР» мамандығы бойынша

алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету кафедрасының

ЕСЕПТЕРІ

ЕСЕП № 145

Жасөспірім 16 жаста. Шағымдары: әлсіздік , жоғары шаршағыштық, арықтау, субфебрильді температура, жоғары тершеңдік, аздаған қақырықты жөтел. Анамнезінен: туберкулезбен ауыратын туысымен қатынас болған. Объективті: терінің бозаруы мен құрғауы, шеткі лимфа түйіндері үлкейген. Манту сынамасы — 15 мм. Кеуде клеткасының екі проекциялық жалпы шолу рентгенограммасында: оң жақ өкпе түбірі көлеңкесінің ұлғаюы, құрлымының төмендеуі, өкпе түбірі суретінің күшеюі. Қақырықты микробиологиялық зерттеуде ТМБ анықталмады.

Қай диагноз сәйкес келеді?

A) Өкпе абсцесі

B) Созылмалы бронхит

C) Ошақты пневмония

D) Біріншілік туберкулезді комплекс

E) Пневмоторакс

АМСК кафедрасының отырысында талқыланып, № 6 а хаттама 30 қаңтар 2015 ж. бекітілді.

АМСК кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, м.ғ.к., доцент _____________ Карибаева Д.О.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]