Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иоа лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.22 Mб
Скачать

1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру

Бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ) информатиканы оқыту құралдары жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, олардың минималды топтамасы информатика кабинетінің құрамдас бөлігі болуы тиіс (5.2-кесте).

Информатиканы оқытудың бағдарламалық қамсыздандырылуы мынаған бағытталуға тиіс:

- курсты оқытуға (теориялық сұрақтарды оқыту, ЭЕМ-мен тілдесу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру) қолдау көрсетуге;

- оқу үрдісін басқаруды қамтамасыз етуге, оқу әрекетін бақылау үрдісін автоматтандыруға;

- оқу әрекетінің мәдениетін арттыратын және оқушылардың жалпы дамуына ықпал ететін (мәтіндік редактормен, ақпараттық-іздеу жүйесімен, электронды оқыту кестесімен, алуан түрлі графикалық және әуенді редакторлармен жұмыс істей білу) арнаулы ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға.

Педагогикалық бағдарламалық құралдар (ПБҚ) – бағдарламалық қамсыздандырудың ішінде ерекше орын алады. Олар білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып, мына мүмкіндіктерді береді:

  • оқыту үрдісін саралауға, дербестеуге;

  • оқушының қателіктерін анықтай отырып, интерактивті бақылауға;

  • оқу әрекетінде өзін-өзі бақылауды және өзін-өзі түзетуді қамтамасыз етуге;

  • компьютермен жұмыс істеу уақытын қысқартуға;

  • оқу ақпаратын визуалды көрсетуге;

  • үрдістер мен құбылыстарды модельдеуге және имитациялауға;

  • визуалды шындық жағдайында зертханалық жұмыстар, эксперименттер мен тәжірибелер өткізуге;

  • оңтайлы шешімдер қабылдау дағдысын қалыптастыруға;

  • ойын элементтерін пайдаланып, оқу үрдісіне деген қызығушылықты арттыруға;

  • таным мәдениетіне үйретуге және ақпараттық мәдениет дағдысын қалыптастыруға.

1-кесте. Информатика кабинетін бағдарламалармен қамсыздандыру жіктемесі

2. Информатика кабинетінің қызметі

Информатика кабинеті – бұл оқыту есептегіш техника кешенімен (ОЕТК), интерактивті тақтамен, оқу-көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен, жиһазбен, ұйымдастырушылық техникамен, сонымен қатар, информатика курсы бойынша теориялық, практикалық және сыныптан тыс факультативтік сабақтарды, басқа да білім беру пәндерін ақпараттық технологиялардың көмегімен өткізуге жабдықталған заманауи білім беру мекемесінің оқу-тәрбиелік бөлімшесі.

Информатика кабинеті мына міндеттерді орындауға арналған:

- оқушылардың заманауи есептегіш техниканың құрылысы, қызметі және пайдалану саласы туралы білімдерін қалыптастыру;

- ЭЕМ-нің көмегімен есептерді шешу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, заманауи ЭЕМ-ді бағдарламалық қамсыздандыруды және ақпараттық ресурстармен жұмыс жасауға пайдалану;

- оқушыларды есептегіш техниканың өндірісте, жобалау-құрастыру ұйымдарында, ғылыми мекемелерде, оқу үрдісінде және басқаруда қолданылуымен таныстыру;

- оқу мекемесіндегі оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру және оқыту әдістерін жетілдіру [17, 28].

Информатика кабинетінде мына шараларды:

- информатика сабағын және жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын (ЖАТҚ) пайдалану арқылы оқу пәндерін өткізуге;

- оқушылардың мұғалімдер немесе мектеп басшылығының тапсырмасы бойынша мектептің және кәсіпорындар қорының мұқтаждығын қанағаттандыратын қолданбалы бағдарламалар құрастыруына;

- ЖАҚ құралдарын пайдалану арқылы сыныптан тыс және факультативтік сабақтарды өткізуге болады.

Информатика кабинетінде өтетін сабақ табысты болуы үшін оқу-тәрбиелік үрдістің арнайы шарттарын құру қажет, олардың құрамына өзара байланысқан құрамдас компоненттер кіреді, атап айтқанда: материалдық (сабақ өтетін орын; мұғалім мен оқушының жұмыс орны; оқу-көрнекі құралдар және оқу жабдықтары; оқытудың техникалық құралдары);

а) гигиеналық (санитариялық шарттар; температуралық, жарықтық және ауа режімі);

б) эстетикалық (кабинеттің безендірілуі);

в) эргономикалық;

г) қауіпсіздік техникасы.

Информатика кабинетінде сыныптан және мектептен тыс жұмыс жасау. Кабинетте жұмысты ұйымдастыру кезінде ДЭЕМ-ді тиімді әрі қарқынды пайдаланған дұрыс. Информатика курсының бағдарламасы бойынша өтетін міндетті сабақтардан қалған бос уақытты кәсіптік оқыту және оқушылармен үйірмелі жұмыс жасау үшін пайдаланған абзал.

Сабақтан тыс уақытта кабинетте мына шараларды:

- оқушыларға әртүрлі салалар бойынша, әсіресе АКТ (ақпарат іздеу, жұмысты рәсімдеу және т.б.) пайдаланумен байланысты жобалау әрекетін ұйымдастыру және кеңес беру;

- АКТ құралдарына, басқа ресурстарға қолжетімділік

және жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларына және қызметкерлеріне оны пайдалануда көмек беру (оқушылардың танымдық және дамытушылық әрекеті, сабақ әдістемелерін әзірлеу, әдістемелік материалдарды, ғылыми әзірлемелерді, есептік және диагностикалық құжаттаманы, оқытушылық және қоғамдық іш-шараларға арналған материалдарды және т.б. дайындау);

- АКТ-нің көмегімен консультативтік және сабақтан тыс көмек көрсету (үйірмелер, пәндік зертханалар, байқаулар мен олимпиадалар ұйымдастыру, тәрбиелік жұмыстың және жасөспірімдердің жеке тұлғасын әлеуметтендіру бойынша әрекеттің басқа формалары және т.б.);

- АКТ-ні пайдаланып, мектепішілік бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын (Интернеттегі жаңартылып отыратын мектеп беті, газеттер, журналдар, бейнематериалдар, кабинеттерді безендіру);

- мектептегі компьютерлік клубтарда балалардың бос уақытын (мысалы, программистер клубы, Интернет-клуб, бастауыш сынып оқушыларына арналған компьютер, компьютерлік тұсаукесер клубы, компьютерлік шахмат клубы және басқалар) ұйымдастыруға болады.

Информатика кабинетінде қашықтықтан оқыту ұйымдас-тырылады, сондай-ақ телекоммуникациялық жобаларға қатысуға мүмкіндік бар (оқушыларға да, мұғалімдерге де) және мұғалімдер мен оқушылардың сабақтан тыс қызметінің басқа да формалары. Жалпы айтқанда, кабинет психологиялық, гигиеналық және эргономикалық жайлы орта болуы шарт, мұғалім мен оқушылардың денсаулығын сақтау және еңбек қауіпсіздігі талаптары толықтай қамтамасыз етіліп, нәтижелі сабақ беруге, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және ақыл-ойын дамытуға, информатика пәні және ғылым негіздері бойынша берік білім, ептіліктер мен дағдыларды игеруге ыңғайлы болуы тиіс.