- •А.П.Айашова «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
- •А.П.Айашова «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
- •5В060200 - Информатика мамандығы студенттері үшін
- •Рецензенттер: Жақыпбекова г.Т. – п.Ғ.К., аға оқытушы м.Әуезов атындағы оқму. Нурмуханбетова г.К. – п.Ғ.К., доцент, хгту.
- •Мазмұны:
- •Лекция №1.
- •Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
- •«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттері
- •1. Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар
- •2. Информатика оқулықтарына талдау жасау үлгісі
- •Лекция №3. Мектептегі информатика курсының мазмұны мен құрылымы
- •Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
- •1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру
- •2. Информатика кабинетінің қызметі
- •3. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
- •4. Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру
- •5. Информатика кабинетін жарықтандыру
- •Лекция №5. Мектепте информатиканы оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру.
- •Информатиканы оқытуды жобалау
- •2. Тақырыптық жоспарлау
- •3. Сабақты жоспарлау
- •Лекция №6. Информатикадан сабақтан тыс жұмыстар
- •1. Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері
- •2. Сыныптан тыс жұмыстың функциялары
- •3. Сыныптан тыс жұмыстың принциптері
- •4. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
- •5. Сыныптан тыс жұмыстың формалары
- •6. Олимпиада және оны жүргізу әдістемесі
- •Лекция №7. Оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалауды ұйымдастыру
- •1. Информатика пәні бойынша білімді тексеру
- •2. Информатикада білімді бағалау критерийі
- •Лекция №8. «Ақпараттың берілуі мен ақпараттық үрдістер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Ақпарат ұғымын анықтау мәселелері Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Ақпарат ұғымын субъективті тұрғыдан анықтау
- •Адам білімін саралау мәселелері
- •Ақпарат ұғымын кибернетикалық тұрғыдан анықтау
- •Ақпаратты қабылдауда адамның сезім мүшелерінің рөлі
- •Ақпаратты өлшеудің мағыналық жолы Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Ақпараттың өлшем бірлігі
- •Хабардағы n тең ықтималды оқиғалардың ішінен біреуіндегі ақпарат саны
- •Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы
- •Есептерді шығару мысалдары
- •Ақпаратты сақтау процесі
- •Ақпаратты өңдеу процесі
- •Ақпаратты тасымалдау процесі
- •Ақпарат және ақпараттық процестер бағытыы бойынша оқушылардың біліміне қойылатын талаптар
- •Лекция №9. «Компьютер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Бүтін теріс (-n) санының ішкі ұсынылуын жазу үшін:
- •Қққжжжкк
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту Теориялық материалды түсіндірудің әдістемелік нұсқаулары
- •-Сурет. Эем бағдарламалық қамсыздандыру құрылымы
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту
- •Лекция №10. «Формальдау және ақпараттық модельдеу» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Ақпараттық модельдеу сызығын қарастыру әдістемесі
- •Теориялық материалды баяндаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Жүйелік талдау элементтерін қарастыру
- •Компьютерлік математикалық модельдеу
- •Ақпараттық модельдеу сызығын қарастыру әдістемесі
- •Жүйелік талдау элементтерін қарастыру
- •Компьютерлік математикалық модельдеу
- •Үздіксіз процестерді дискреттендіру әдісі
- •Компьютерлік эксперимент.
- •Үздіксіз процестерді дискреттендіру әдісі
- •Лекция №12-14. «Алгоритмдеу және программалау» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •1.Алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі
- •Шама ұғымын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
- •Шама ұғымының өзгешелігі, ұғымды ашудың әдістемелік проблемалары
- •Бағдарламалау тілін оқудың әдістемелік мәселелері
- •Онда then begin
- •Онда then begin
- •Бағдарламалау жүйесін үйрену әдістемесі
- •Лекция №15. «Ақпараттық технологиялар» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Www байланысты негізгі ұғымдар:
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Айашова Акерке Пернебаевна «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
1. Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар
Жалпы білім берудегі оның ішінде информатиканы оқытуға қажетті нормативті құжаттарға мыналар жатады:
- ҚР «Білім туралы» Заңы – бұл білім берудегі ең басты нормативті құжат;
Мемлекеттік білім стандартында – жалпы білім берудіңнегізгі бағдарламасының мазмұнынының міндетті минимумын анықтайтын мөлшер мен талаптар, білім алушының оқу жүктемесінің максимальды көлемі, білім беретін мекемелерді бітірушілердің дайындық деңгейі, сондай-ақ, білім беру процесін қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар (оның ішінде оның материалдық-техникалық, оқу-зертханалық, ақпараттық-әдістемелік, кадрлық жабдықтау) айқындалады.
Жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты төмендегі қызметтер түрлерін:
- барлық азаматтардың бірдей мүмкіндікте сапалы білім алуын;
- Қазақстан Республикасында білім кеңістігінің бірдейлігін;
- білім алушының шамадан көп жүктемеден, олардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауын қорғауды;
- білім беру бағдарламаларының жалпы білім берудің әр сатысындағы сабақтастығын, кәсіптік білім алу мүмкіндігін;
- білім алушының әлеуметтік қорғалуын;
- педагогтардың әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекет білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік стандартпен айқындалып берілетін жалпы білімнің қолжетімділігіне және ақысыздығына кепілдік береді.
Жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты:
- базистік оқу жоспарын дайындаудың, бастапқы, жалпы негізгі және жалпы ортбілім берудің оқу бағдарламаларын, білім беру мекемелерінің оқу жоспарларын, оқу пәндерінің бағдарламаларын жасаудың;
- білім беретін мекемелерді бітірушілердің дайындық деңгейін объективті бағалаудың;
- білім беретін мекемелердің қызметін объективті бағалаудың;
- ҚР аумағында жалпы білім беру туралы құжаттың эквиваленттілігін (нострификация) орнатудың;
- білім беретін мекемелерде оқу процесін айқындайтын, оқу бөлмелерін жабдықтауға қойылатын талаптарды орнатудың негізі болып табылады.
Базистік оқу жоспары (БОЖ) – негізгі мемлекеттік нормативті құжат ретінде,мемлекеттік стандарттың құрама бөлігі болып, сондай-ақ нақты білім беретін мекемелердің оқу жоспарының негізі және оның финанстық жабдықталуының басты құжаты болып табылады;
Білім беретін мекемелердің оқу жоспары – БОЖ негізінде дайындалады.
Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша білім, біліктілік және дағды мазмұнын, негізгі дүниетанымдық ілімді оқыту логикасын ашатын, оларды оқытуға жұмсалынатын уақыт мөлшері, тақырыптар реті мен сұрақтар көрсетілген нормативті құжат.
Бұйрықтар, жарлықтар, әдістемелік хаттар т.б. – білім беру басқармалары шығаратын құжаттар.
Сонымен, ҚР «Білім туралы» Заңының талаптарына сай стандартта мыналар болуы керек:
– әрбір мектептің оқушыға беретін білім мазмұнының ең аз (базалық) көрсеткіші;
– оқушының білім деңгейіне қойылатын талаптар;
–жалпыға бірдей білім стандартының талаптарына сәйкес, оқушылардың жетістіктерінбағалайтын тәсілдер.
Мектептегі білім сапасын жақсарту мақсатында оқушыларға берілетін білім мазмұны білім мен білімділікке қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжат – пән стандартты болып табылады.
Базистік оқу жоспарына сәйкес информатикаға бөлінген сағат санының қысқалығына байланысты білімге қойылатын талаптар да қайта қаралып нақтыланады.
Стандарт құрылымы талапқа сәйкес төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- қолданылу аймағы;
- нормативті сілтемелер; анықтамалар мен қысқартылған сөздер;
- жалпы ережелер, информатика пәнінің жалпы сипаттамасы;
- оқу бағытының түрлері мен мазмұны;
- информатикадан оқу жүктемесінің көлемі;
- информатикадан білім берудің базалық мазмұны;
- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
- оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру шарттарына
қойылатын талаптар.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде информатика курсын үздіксіз оқытудың төмендегідей құрылымы ұсынылады: пропедевтикалық, базалық (негізгі) жәнебағдарлы кезеңдер.
Бірақ, бұл ұсынысты барлық мектептер толық меңгермейді, мектептің спецификасына байланысты біреулері – толық, ал біреулері толық емес.
Информатика курсы бойынша мектептегі білімнің негізгі өзегі – информатиканың базалық курсы, өйткені информатика бойынша білім беру стандартының жобасына сәйкес базалық курс «оқушының информатика бойынша дайындығының міндетті жалпы білімдік минимумы » болып табылады.
Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны информатиканың базалыкурсы, себебі информатикадан білім беру жобасының стандарты бойынша базалық курс информатикадан оқушылардың дайындықтарының міндетті жалпы білімдік минимумын қамтамасыз етеді.
Информатиканың базалық курсының құрылымын мына мазмұндық сызықтар (бағыттар) құрайды:
1) ақпарат және ақпараттық процесстер сызығы;
2) ақпаратты ұсыну сызығы;
3) компьютер бағыты сызығы;
4) формализациялау және модельдеу сызығы;
5) алгоритмдеу және бағдарламалау сызығы;
6) ақпараттық технологиялар сызығы.
Базалық курс міндетті білім берудің элементі ретінде ол қолжетімді болуы тиіс Қолжетімділік екі аспект бойынша түсіндіріледі: біріншіден, курстың теориялыматериалы пәнді оқитын оқушының білімі мен дамуы деңгейіне сәйкес болуы,екіншіден, жалпы білім беретін мектептер үшін оқытуды қамтамасыз ететін қажетті компоненттердің бәрі болуы керек.
Информатиканы оқыту деңгейі, басқа пәндермен салыстырғанда оның қамтамасыз етілу деңгейіне байланысты. Ең басты мәселе пәннің техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілуі.
Информатиканың базалық курсын оқыту әдістемесінің мәселелерін талдай отырып, біз ҚР Білім министрлігі ұсынған, баспадан шығарылып жалпы білім беретін орта мектептерге арналған республикалық оқулықтар жиынына енгізілген оқулықтар мен оқу құралдарына сүйенеміз.
