- •А.П.Айашова «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
- •А.П.Айашова «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
- •5В060200 - Информатика мамандығы студенттері үшін
- •Рецензенттер: Жақыпбекова г.Т. – п.Ғ.К., аға оқытушы м.Әуезов атындағы оқму. Нурмуханбетова г.К. – п.Ғ.К., доцент, хгту.
- •Мазмұны:
- •Лекция №1.
- •Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
- •«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттері
- •1. Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар
- •2. Информатика оқулықтарына талдау жасау үлгісі
- •Лекция №3. Мектептегі информатика курсының мазмұны мен құрылымы
- •Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
- •1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру
- •2. Информатика кабинетінің қызметі
- •3. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
- •4. Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру
- •5. Информатика кабинетін жарықтандыру
- •Лекция №5. Мектепте информатиканы оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру.
- •Информатиканы оқытуды жобалау
- •2. Тақырыптық жоспарлау
- •3. Сабақты жоспарлау
- •Лекция №6. Информатикадан сабақтан тыс жұмыстар
- •1. Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері
- •2. Сыныптан тыс жұмыстың функциялары
- •3. Сыныптан тыс жұмыстың принциптері
- •4. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
- •5. Сыныптан тыс жұмыстың формалары
- •6. Олимпиада және оны жүргізу әдістемесі
- •Лекция №7. Оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалауды ұйымдастыру
- •1. Информатика пәні бойынша білімді тексеру
- •2. Информатикада білімді бағалау критерийі
- •Лекция №8. «Ақпараттың берілуі мен ақпараттық үрдістер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Ақпарат ұғымын анықтау мәселелері Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Ақпарат ұғымын субъективті тұрғыдан анықтау
- •Адам білімін саралау мәселелері
- •Ақпарат ұғымын кибернетикалық тұрғыдан анықтау
- •Ақпаратты қабылдауда адамның сезім мүшелерінің рөлі
- •Ақпаратты өлшеудің мағыналық жолы Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Ақпараттың өлшем бірлігі
- •Хабардағы n тең ықтималды оқиғалардың ішінен біреуіндегі ақпарат саны
- •Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы
- •Есептерді шығару мысалдары
- •Ақпаратты сақтау процесі
- •Ақпаратты өңдеу процесі
- •Ақпаратты тасымалдау процесі
- •Ақпарат және ақпараттық процестер бағытыы бойынша оқушылардың біліміне қойылатын талаптар
- •Лекция №9. «Компьютер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Бүтін теріс (-n) санының ішкі ұсынылуын жазу үшін:
- •Қққжжжкк
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту Теориялық материалды түсіндірудің әдістемелік нұсқаулары
- •-Сурет. Эем бағдарламалық қамсыздандыру құрылымы
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту
- •Лекция №10. «Формальдау және ақпараттық модельдеу» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Ақпараттық модельдеу сызығын қарастыру әдістемесі
- •Теориялық материалды баяндаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Жүйелік талдау элементтерін қарастыру
- •Компьютерлік математикалық модельдеу
- •Ақпараттық модельдеу сызығын қарастыру әдістемесі
- •Жүйелік талдау элементтерін қарастыру
- •Компьютерлік математикалық модельдеу
- •Үздіксіз процестерді дискреттендіру әдісі
- •Компьютерлік эксперимент.
- •Үздіксіз процестерді дискреттендіру әдісі
- •Лекция №12-14. «Алгоритмдеу және программалау» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •1.Алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі
- •Шама ұғымын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
- •Шама ұғымының өзгешелігі, ұғымды ашудың әдістемелік проблемалары
- •Бағдарламалау тілін оқудың әдістемелік мәселелері
- •Онда then begin
- •Онда then begin
- •Бағдарламалау жүйесін үйрену әдістемесі
- •Лекция №15. «Ақпараттық технологиялар» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Www байланысты негізгі ұғымдар:
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Айашова Акерке Пернебаевна «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
Жүйелік талдау элементтерін қарастыру
Қарастырылатын сұрақтар:
жүйе ұғымы;
жүйелік талдаудың мәні;
жүйе құрылымы; құрылымды көрсету үшін графтарды пай- далану;
оқушылардың жүйелі ойлауын дамыту.
Екінші толықтырылған қосымша деңгей – модельдеу сызығының мазмұнын құрайтын – жүйе құрылым, граф, ағаш желілер ұғымдарымен байланысты. Аталған ұғымдар, «жүйелер теориясы» (орысш. – систематология) деп аталатын ғылыми аймағына жатады. Бұл ұғымдарды жекелеп оқыту базалық курстың білім стандартында ескерілмеген, соның салдарынан бірде-бір оқулықта жеке баяндалған материал жоқ.
Ғылыми пәндерде болсын, күнделікті өмірде болсын «жүйе» ұғымы жиі қолданылады. Оған мысалдар жеткілікті. Мысалы, күн жүйесі, педагогикалық жүйе, химиялық элементтер жүйесі, өсімдіктер және жануарлар жүйесі, білім жүйесі, файлдық жүйе, операциялық жүйе және көптеген т.б. Көптеген жағдайларда жүйе ұғымы интуитивті түсінікті сияқты. Әйтсе де, информатика үшін ол іргелі ұғымдардың бірі болғандықтан, түсіндіруді талап етеді.
Көптеген өзара іліктескен бөліктерден құралған және біртұтас кез келген объектіні жүйе деуге болады.
Информатикада «жүйе» ұғымы айтарлықтай жиі қолданылады.
Деректер жүйесі – компьютерде өңдеуге арналған, өзара іліктескен деректер жиынтығы.
Бағдарламалық жүйелер – қызметі анықталған өзара іліктескен бағдарламалар (ОЖ, бағдарламалау жүйелері, қолданбалы бағдарламалар пакеті және т.б.) жиынтығы.
Ақпараттық жүйелер – компьютерлік технологиялардың ең маңызды қосымшаларының бірі.
Ақпараттық модельдеудің негізгі әдістемелік принципі – жүйелеу, сондықтан кез келген модельдеу объектісі жүйе ретінде қарастырылады. Модельдеу үшін, элементтердің қасиеттері мен байланыстарының барлық жиынтығынан тек маңыздылары ғана ерекшеленеді. Міне жүйелік талдаудың мәні осында. Зерттеуші жүргізетін жүйелік талдаудың мақсаты – келешекте ақпараттық модельде көрсету үшін, зерттелетін объект туралы өзінің түсініктерін реттеу1.
Ақпараттық модельдің өзі қандайда бір параметрлер жүйесі мен олардың арасынағы қатынастардан тұрады. Бұл параметрлер және қатынастар әртүрлі пішінде ұсынылуы мүмкін: графикалық, математикалық, кестелік және т.б.
Сонымен, нақты объектіден ақпараттық модельге өтудің мына тәртібін келтіруге болады:
Кез
келген
жүйенің
негізгі
сипаттамасы,
оның
құрылымы.
Құрылым
–
жүйені
құрайтын
элементтерді
бірлестірудің
айқын
тәртібі.
Әдебиеттерде
кезігетін
басқа
нұсқасы:
Құрылым – жүйе элементтерінің арасындағы байланыстар жиынтығы.
Жүйелердің құрылымын ұсынудың ең ыңғайлы және көрнекі тәсілі
графтар. Граф қырлармен немесе доғалармен байланыстырылған төбелерден тұрады. Ақпараттық жүйенің құрамы және құрылымы туралы граф түрінде көрсеткенде жүйенің компоненттері төбелері, ал олардың арасындағы байланыс сызықтармен (доғалармен немесе қырлармен) бейнелінеді. Графтар адамдардың көптеген практикалық және ғылыми қызмет аймақтарында қолданылады.
Графтардың маңызды түрі – ағаш. Ағаш – жүйенің иерархиялық құрылымын графикалық түрде ұсыну.
Ағаш – объектілер арасындағы қабаттылық, бағыныштылық, мұрагерлік сияқты байланыстарды бейнелеуге арналған граф.
Әдетте, оқушыларға граф түрінде ұсынылған схемеларды түсіну қиынға соқпайды. Мысалы, дискідегі иерархиялық файлдық құрылымның графикалық бейнесі немесе шежіренің – ағаш түріндегі схемалары оларға таныс.
Формализациялау және модельдеу мазмұндық сызығы, оқушылардың жүйелі ойлауын дамытуға бағытталған, маңызды педагогикалық міндетті орындайды.
