- •А.П.Айашова «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
- •А.П.Айашова «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
- •5В060200 - Информатика мамандығы студенттері үшін
- •Рецензенттер: Жақыпбекова г.Т. – п.Ғ.К., аға оқытушы м.Әуезов атындағы оқму. Нурмуханбетова г.К. – п.Ғ.К., доцент, хгту.
- •Мазмұны:
- •Лекция №1.
- •Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
- •«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттері
- •1. Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар
- •2. Информатика оқулықтарына талдау жасау үлгісі
- •Лекция №3. Мектептегі информатика курсының мазмұны мен құрылымы
- •Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
- •1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру
- •2. Информатика кабинетінің қызметі
- •3. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
- •4. Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру
- •5. Информатика кабинетін жарықтандыру
- •Лекция №5. Мектепте информатиканы оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру.
- •Информатиканы оқытуды жобалау
- •2. Тақырыптық жоспарлау
- •3. Сабақты жоспарлау
- •Лекция №6. Информатикадан сабақтан тыс жұмыстар
- •1. Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері
- •2. Сыныптан тыс жұмыстың функциялары
- •3. Сыныптан тыс жұмыстың принциптері
- •4. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
- •5. Сыныптан тыс жұмыстың формалары
- •6. Олимпиада және оны жүргізу әдістемесі
- •Лекция №7. Оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалауды ұйымдастыру
- •1. Информатика пәні бойынша білімді тексеру
- •2. Информатикада білімді бағалау критерийі
- •Лекция №8. «Ақпараттың берілуі мен ақпараттық үрдістер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Ақпарат ұғымын анықтау мәселелері Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Ақпарат ұғымын субъективті тұрғыдан анықтау
- •Адам білімін саралау мәселелері
- •Ақпарат ұғымын кибернетикалық тұрғыдан анықтау
- •Ақпаратты қабылдауда адамның сезім мүшелерінің рөлі
- •Ақпаратты өлшеудің мағыналық жолы Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Ақпараттың өлшем бірлігі
- •Хабардағы n тең ықтималды оқиғалардың ішінен біреуіндегі ақпарат саны
- •Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы
- •Есептерді шығару мысалдары
- •Ақпаратты сақтау процесі
- •Ақпаратты өңдеу процесі
- •Ақпаратты тасымалдау процесі
- •Ақпарат және ақпараттық процестер бағытыы бойынша оқушылардың біліміне қойылатын талаптар
- •Лекция №9. «Компьютер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Бүтін теріс (-n) санының ішкі ұсынылуын жазу үшін:
- •Қққжжжкк
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту Теориялық материалды түсіндірудің әдістемелік нұсқаулары
- •-Сурет. Эем бағдарламалық қамсыздандыру құрылымы
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту
- •Лекция №10. «Формальдау және ақпараттық модельдеу» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Ақпараттық модельдеу сызығын қарастыру әдістемесі
- •Теориялық материалды баяндаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Жүйелік талдау элементтерін қарастыру
- •Компьютерлік математикалық модельдеу
- •Ақпараттық модельдеу сызығын қарастыру әдістемесі
- •Жүйелік талдау элементтерін қарастыру
- •Компьютерлік математикалық модельдеу
- •Үздіксіз процестерді дискреттендіру әдісі
- •Компьютерлік эксперимент.
- •Үздіксіз процестерді дискреттендіру әдісі
- •Лекция №12-14. «Алгоритмдеу және программалау» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •1.Алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі
- •Шама ұғымын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
- •Шама ұғымының өзгешелігі, ұғымды ашудың әдістемелік проблемалары
- •Бағдарламалау тілін оқудың әдістемелік мәселелері
- •Онда then begin
- •Онда then begin
- •Бағдарламалау жүйесін үйрену әдістемесі
- •Лекция №15. «Ақпараттық технологиялар» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Www байланысты негізгі ұғымдар:
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Айашова Акерке Пернебаевна «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттері
Мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізудің стратегиялық мақсаты мектепке енгізілген жаңа оқу курсының алғашқы бағдарламаларында жарияланғанындай, «... жастардың есептеуіш техниканы жан-жақты және терең меңгеруі» еліміздегі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызды факторы ретінде қарастырылған [2, 32].
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің негізгі мақсаты:
- есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері мен әдістерін және есеп шығару үшін компьютерді қолданудың қарапайым шеберлігін қалыптастыру;
- оқушыларды ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі рөлімен және есептеуіш техниканың даму болашығымен таныстыру.
Орта оқу орындарында информатиканы оқытудың нақты мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бірінші бағдарламасында оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген.
Компьютерлік сауаттылық түсінігі, компонеттері. Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізумен бірге қалыптасып, бірден мектеп дидактикасының жаңа ұғымдарының қатарына қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын қалыптастыру әрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-ақ жасалынды [2,32]. Жүйеленген мазмұндамаларда компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін оқытудың алғашқы әдістемелік басшылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында жазылды [15,16]. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей топтарға бөлінген:
• ЭЕМ-ге арналған алгоритмдерді сипаттаудың түрі ретінде
бағдарлама, алгоритм ұғымы, оның құрылымы, алгоритмді жазу
әдістері мен тәсілдері, бағдарламалау тілдерінің бірінде
бағдарламалау негіздері;
• ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары;
• ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі әлементтерінің жұмыс істеу принциптері;
• өндірісте және адамзат іс-әрекетінің басқа салаларындағы компьютердің рөлі және қолданылуы.
Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық (КС) ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мәдениеті (АлгМ) ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі сияқты «машиналық» компоненттерді қосу арқылы кеңею нәтижесінде пайда болатындығын көрсетеді Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мәдениет ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі «сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын аяқтау және жүйелеу» [32,5-б] және ИЕТН курсының алғашқы әдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауларда «оқушылардың алгоритмдік мәдениетінің компоненттерін қалыптастыру компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды» [16,3-б].Осы эволюциялық ауысуды көрнекілік үшін формуламен белгілейміз
Компьютерлік сауаттылықтың компоненттері:
1. Компъютермен «сұхбаттасу» икемділігі. Компьютермен «пайдаланушы деңгейінде» қарым-қатынас жасау – бұл компьютерді жұмысқа дайындау, оны іске қосу және сөндіру шеберлігі, дисплеймен жұмыс істеу шеберлігі, яғни пернетақтамен жұмысты меңгеру, сандар мен айнымалыларды енгізу, алу, енгізілген мәліметтерді түзету, бағдарламаны енгізу, іске қосу және түзету болып табылады. Бұған оқушылардың мәтіндік және графикалық редакторлармен, электрондық кестелермен, әртүрлі ойын бағдарламалары сияқты қарапайым сервистік бағдарламалармен жұмыс істеу, сонымен қатар, компьютермен сұхбаттық режімде жұмыс істеу сияқты дағдылары мен икемділіктері жатуы мүмкін. Бұл бағытта білім, біліктілік және дағды – өз ерекшеліктеріне байланысты төменгі сыныптарға, мектепке дейінгі жастағы балаларға да пайдалы болуы мүмкін.
2. Компьютер үшін қарапайым бағдарламалар кұру. Жалпы орта білім беретін мектептердің мақсаты бағдарламалаушылар дайындау болып табылмайды, сондықтан ЭЕМ үшін бағдарламалаудың негізгі принциптерін түсіну жалпы білім беру жүйесіне кіруі тиіс. Бұл процестің жүзеге асырылуы бірте-бірте және ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Дербес бағдарламалар жазудың, әсіресе тармақталу мен циклдерді ұйымдастыруға енетін окушылардың алғашқы икемділіктері, бағдарламалауға дейінгі қарапайым және көрнекілік құралдардан тұратын алгоритмдік мәдениеттің компоненттеріне негізделеді. Білім берудің жоғары сатыларында пәнді тереңдетіп оқыту мақсатында бірнеше бағдарламалау тілдерімен таныстыруға болады. Бұл деңгейде, дегенмен, бағдарлама жазылатын тілді таңдаудың қажеттілігіне қарағанда бағдарламалаудың негізіне жататын алгоритмдерді құра білу үшін қажетті білім, біліктілік және дағдылардың қажеттілігі басым болып келеді.
3. ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік. Компьютерлік сауаттылықтың бұл компоненті екі негізгі құраушы бөліктен тұрады:
а) компьютердің құрылысы және оның негізгі құрылғыларының атқаратын қызметі;
ә) компьютердің негізгі әлементтерінің физикалық негіздері және жұмыс істеу принциптері.
Бұл компоненттің оқушылардың меңгеруіне қиын болса да, маңызды дүниетанымдық мағынасы бар. Алғашында бұл туралы мәліметтер информатика курсында қолданбалы сипатта болуы, ең алдымен қолданушының қажетіне жарауы, оған жеке машинаның мүмкіндіктерін бағалауға немесе әртүрлі компьютерлі салыстыруға кемектесуі тиіс деп есептелінген.
4. ЭЕМ-нің мүмкіндігін және қолдану ауқымын, компьютерлен-дірудің әлеуметтік әсерін елестету.
Компьютерлік сауаттылықтың бұл компонентін қалыптастыру информатика курсының негізгі міндеті болып табылмайды, себебі ол оның шегінен шығып кетеді. Оқушыларға бірқатар оқу пәндерінен әртүрлі мәселелерді шешуде компьютерді практикалық қолдану процесінде, еңбектің ұтымдылығын арттырудағы ЭЕМ-нің қолданылу ауқымы мен рөлі туралы ашып айту мақсатқа сай келеді. Мектеп компьютерін оқушылар математика, физика, химия пәндерінде есептеу жұмыстары, оқу эксперименті мәліметтерін талдауда және зертханалық жұмыстарды жүргізудегі заңдылықтарды іздеуде, алгебра курсында функцияны зерттеуде, математикалық модельдерді, физикалық, химиялық, биологиялық және басқа құбылыстар мен процестерді құру мен талдауда қолдануы мүмкін. Оқушылар арнайы ЭЕМ-ді география, тарих және басқа да гуманитарлық пәндерде ақпараттық жүйе, мәліметтер қоры, автоматты анықтама ретінде қолдануларына болады [2].
Пәнді мектепке енгізудің алғашқы кезеңінде пайда болған компьютерлік сауаттылық түсінігі бұл күнде де әдістемелік әдебиеттерде белсенділігін жойған жоқ. Жоғарыда айтылған қысқартылған төрт компоненттен тұратын компьютерлік сауаттылықтың құрылымы белгілі төрт, яғни қарым-қатынас, багдарламалау, құрылғы, қолдану сөздердің жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін. Компьютерлік сауаттылықтың барлық компоненттері сақталғанның өзінде олардың біріне аса көп көңіл аудару информатика пәнін оқытудың мақсатын елеулі өзгеріске ұшыратады. Мәселен, егер қарым-қатынаста болу компоненті үстем бола бастаса, онда курс айрықша қолданбалы болады да, компьютерлік технологияларды меңгеруге бағытталады. Бағдарламалау компоненті үстем болғанда курстың мақсаты бағдарламалаушылар дайындауға алып келеді және т.с.с.
Бақылау сұрақтары:
Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде
Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
Информатика пәнін орта мектепке енгізу кезеңдері
Информатиканы оқыту әдістемелік жүйесі
Әдебиеттер:
Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева А.Е. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне кіріспе: Оқу құралы. – Алматы, 2008. – 280 бет.
Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики: Учеб. пособие для студ. пед. вузов / М.П.Лапчик, И.Г.Семакин, Е.К.Хеннер; Под общей ред. М.П. Лапчика. – М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 624 с.
Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. І-бөлім. - Павлодар: ПМПИ, 2013. - 195 бет.
Лекция № 2. Информатиканы оқытуды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар. Мектептегі информатика курсының оқу бағдарламалары мен оқулықтарын талдау
Информатиканы оқытуды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар.
Мектептегі информатика курсының оқу бағдарламалары мен оқулықтарын талдау
