- •А.П.Айашова «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
- •А.П.Айашова «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
- •5В060200 - Информатика мамандығы студенттері үшін
- •Рецензенттер: Жақыпбекова г.Т. – п.Ғ.К., аға оқытушы м.Әуезов атындағы оқму. Нурмуханбетова г.К. – п.Ғ.К., доцент, хгту.
- •Мазмұны:
- •Лекция №1.
- •Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
- •«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттері
- •1. Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар
- •2. Информатика оқулықтарына талдау жасау үлгісі
- •Лекция №3. Мектептегі информатика курсының мазмұны мен құрылымы
- •Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
- •1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру
- •2. Информатика кабинетінің қызметі
- •3. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
- •4. Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру
- •5. Информатика кабинетін жарықтандыру
- •Лекция №5. Мектепте информатиканы оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру.
- •Информатиканы оқытуды жобалау
- •2. Тақырыптық жоспарлау
- •3. Сабақты жоспарлау
- •Лекция №6. Информатикадан сабақтан тыс жұмыстар
- •1. Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері
- •2. Сыныптан тыс жұмыстың функциялары
- •3. Сыныптан тыс жұмыстың принциптері
- •4. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
- •5. Сыныптан тыс жұмыстың формалары
- •6. Олимпиада және оны жүргізу әдістемесі
- •Лекция №7. Оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалауды ұйымдастыру
- •1. Информатика пәні бойынша білімді тексеру
- •2. Информатикада білімді бағалау критерийі
- •Лекция №8. «Ақпараттың берілуі мен ақпараттық үрдістер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Ақпарат ұғымын анықтау мәселелері Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Ақпарат ұғымын субъективті тұрғыдан анықтау
- •Адам білімін саралау мәселелері
- •Ақпарат ұғымын кибернетикалық тұрғыдан анықтау
- •Ақпаратты қабылдауда адамның сезім мүшелерінің рөлі
- •Ақпаратты өлшеудің мағыналық жолы Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Ақпараттың өлшем бірлігі
- •Хабардағы n тең ықтималды оқиғалардың ішінен біреуіндегі ақпарат саны
- •Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы
- •Есептерді шығару мысалдары
- •Ақпаратты сақтау процесі
- •Ақпаратты өңдеу процесі
- •Ақпаратты тасымалдау процесі
- •Ақпарат және ақпараттық процестер бағытыы бойынша оқушылардың біліміне қойылатын талаптар
- •Лекция №9. «Компьютер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Бүтін теріс (-n) санының ішкі ұсынылуын жазу үшін:
- •Қққжжжкк
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту Теориялық материалды түсіндірудің әдістемелік нұсқаулары
- •-Сурет. Эем бағдарламалық қамсыздандыру құрылымы
- •Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
- •Эем архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі
- •Эем бағдарламалық қамсыздандыру жөнінде оқушылардың ұғымын кеңейту
- •Лекция №10. «Формальдау және ақпараттық модельдеу» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Ақпараттық модельдеу сызығын қарастыру әдістемесі
- •Теориялық материалды баяндаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Жүйелік талдау элементтерін қарастыру
- •Компьютерлік математикалық модельдеу
- •Ақпараттық модельдеу сызығын қарастыру әдістемесі
- •Жүйелік талдау элементтерін қарастыру
- •Компьютерлік математикалық модельдеу
- •Үздіксіз процестерді дискреттендіру әдісі
- •Компьютерлік эксперимент.
- •Үздіксіз процестерді дискреттендіру әдісі
- •Лекция №12-14. «Алгоритмдеу және программалау» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •1.Алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі
- •Шама ұғымын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
- •Шама ұғымының өзгешелігі, ұғымды ашудың әдістемелік проблемалары
- •Бағдарламалау тілін оқудың әдістемелік мәселелері
- •Онда then begin
- •Онда then begin
- •Бағдарламалау жүйесін үйрену әдістемесі
- •Лекция №15. «Ақпараттық технологиялар» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Www байланысты негізгі ұғымдар:
- •Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
- •Желілілік ақпараттық технологиялар
- •Айашова Акерке Пернебаевна «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы
Адам білімін саралау мәселелері
Сонымен, сөз адамның білімін саралау мәселесіне ауысты. Білімді саралау - өте күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселемен
«Жасанды интелект» ғылымы айналысады. Оның басты мақсаты – адамның білімін саралау және модельдеу болып табылады.
Информатиканың базалық курсы шеңберінде білімді – декларативті (баламасы – мәлімдемелік) және процедуралық (баламасы – орындау тәртібі) деп бөлуімен шектелсе жеткілікті.
Декларативті білімнің сипаттамасын мынадай сөздерден бастауға болады: «Мен не екенін білемен» (орысш. – «Я знаю, что...»). Ал, процедуралық білімнің сипаттамасын мынадай сөздерден бастауға болады: «Мен қалай орындауды білемін» (орысш. – «Я знаю, как...»). Мұнда, осы сипаттама негізінде, оқушылар білімнің екі түріне де мысалдарды сенімді келтіре білуін талап ету қажет.
Келешекте оқушыларды компьютердің жұмысымен және құрылғыларымен таныстыру үшін білімді осылай бөлінуін алдын ала (проподевтикалық) талдап алу өте қажет екенін мұғалім жақсы түсінуге тиіс.
Компьютерде адамға ұқсас ішкі – жедел және сыртқы – ұзақ уақытты жады болады. Компьютердегі ақпарат туралы сөз қозғалғанда оқушылар ондағы барлық ақпаратты – деректер және бағдарламалар деп екіге бөлінетінін білетін болады. Яғни, деректер – декларативті, ал бағдарламалар – процедуралық ақпаратқа жатқызылады.
Компьютермен адамның ақпараттық қызметі арасындағы ұқсастықты, дидактикалық тәсілмен салыстыру, оқушыларға ЭЕТ- ның жұмысы мен мағынасы тиімдірек жеткізіледі.
Ақпарат ұғымын кибернетикалық тұрғыдан анықтау
Информатика және кибернетика бір-бірімен тығыз байланысты. Кибернетиканың негізін 1940-жылдардың аяғында америка ғалымы Норберт Винер қалады. Қазіргі информатика пәнінің пайда болуында кибернетиканың рөлі орасан зор болғанымен, бүгінгі күні кибернетика информатиканың бір саласы ретінде қарастырылады.
Кибернетика күрделі машиналар, тірі ағзалар, қоғамдық жүйелермен жұмыс істеуге қолайлы. Бірақ ол олардың ішкі механизмін түсінуге ұмтылмайды. Оның қарастыратыны – жүйелер немесе олардың компоненттері арасынағы арақатынастар болып табылады. Сондықтан кибернетиканы – тірі және жансыз жүйелерде басқару процестерінің жалпы қасиеттерін зерттейтін ғылым деп анықтайды.
Күрделі жүйелерді сипаттауда кибернетикада «қара жәшік» моделі қолданылады. «Қара жәшік» және «кибернетикалық жүйе» терминдерін синонимдер ретінде қарастыруға болады. «Қара жәшіктің» басты сипаттамасы – кіретін және шығатын ақпарат.
Осындай екі қара жәшікті алып қарастыратын болсақ, олардың арасындағы арақатынас ақпаратты алмастыру арқылы жүзеге асады. Кибернетикалық жүйелер арасындағы ақпарат кейбір тізбекті сигналдар түрінде тасылады.
Ақпараттық алмасу барлық жерде, жан-жақта – адамдар, жануарлар, бірлесіп жұмыс жасайтын техникалық құрылғылар, адамдар мен техникалық құрылғылар, т.с.с. арасында жүріп жатады. Осы жағдайлардың бәрінде ақпараттың табиғаты әртүрлі : акустикалық, жарықтық, графикалық, электрлік, т.б. сигналдар тізбектерімен жіберіледі.
Сонымен, кибернетикалық тұрғыдан қарастырғанда: ақпарат кейбір алфавиттің символдарынан (сигналдардан) тұратын тізбек. Ақпарат үғымын дәл осы тұрғыдан қарастыру ақпаратты компьютерде өңдеуге мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық процестердің үш формаларының бәрі (сақтау, тасымалдау, өңдеу) символдармен жұмыс жасауға әкеледі екен.
