Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иоа лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.22 Mб
Скачать

Ф.7.03-03

А.П.Айашова «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы

Шымкент, 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

А.П.Айашова «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы

5В060200 - Информатика мамандығы студенттері үшін

Шымкент, 2015

«ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ: ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.- ШЫМКЕНТ: М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ, 2015. – 120б.

Әдістемелік нұсқауда «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнінің оқу бағдарламасындағы теориялық материалдардың мазмұнына сәйкес дәрістер жинағы келтірілген.

Әдістемелік нұсқау жоғары оқу орындарының 5В060200 - Информатика мамандықтары бойынша күндізгі оқу және қашықтан оқыту бөлімдерінің студенттеріне арналған.

Рецензенттер: Жақыпбекова г.Т. – п.Ғ.К., аға оқытушы м.Әуезов атындағы оқму. Нурмуханбетова г.К. – п.Ғ.К., доцент, хгту.

«Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылған

№ хаттама, « » 2015 ж.

Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің әдістемелік комиссиясының мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылған

№ хаттама, « » 2015 ж.

Әдістемелік нұсқауды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесі баспаға ұсынған.

хаттама, « » 2015 ж.

© Айашова А.П.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2015

Мазмұны:

Кіріспе....................................................................................................................................

6

  1. Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым саласы ретінде. Мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері..................................

7

  1. Информатиканы оқытуды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар. Мектептегі информатика курсының оқу бағдарламалары мен оқулықтарын талдау...

11

  1. Мектептегі информатика курсының мазмұны мен құрылымы................................

14

  1. Информатика курсын программалық қамтамасыз ету.

Информатика кабинетіндегі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.............................

15

  1. Мектепте информатиканы оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру.......................

21

  1. Информатикадан сабақтан тыс жұмыстар..................................................................

25

  1. Оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалауды ұйымдастыру.......................................

33

  1. «Ақпараттың берілуі мен ақпараттық үрдістер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі...............................................................................................................................

36

  1. «Компьютер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі................................................

47

  1. «Формальдау және ақпараттық модельдеу» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі...............................................................................................................................

63

  1. Электрондық кестені ақпараттық модельдеуде пайдалану.....................................

70

  1. «Алгоритмдеу және программалау» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі..........

72

  1. Негізгі алгоритмдік құрылымдарды оқыту әдістемесі. көмекші алгоритм, алгоритм-функция, рекурсия, рекурция............................................................................

72

  1. Алгоритмді атқарушы және оның командалар жүйесі. Оқушылардың

әр түрлі атқарушыларды пайдалануға дағдыландыру......................................................

72

  1. «Ақпараттық технологиялар» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі.....................

87

Әдебиеттер тізімі..................................................................................................................

117

Кіріспе

Педагогикалық жоғары оқу орнында информатика мұғалімдерін кәсіби даярлау қоғамның әлеуметтік сұранысын бейнелейтін мұғалімді кәсіби даярлау моделінің негізінде құрылатын кәсіби даярлау жүйесі элементтерінің бірі болып табылады. Маманды кәсіби даярлау моделі жоғары педагогикалық білім беруде оқытылатын пәндер кешенін, оның ішінде, информатиканы оқыту әдістемесі пәнін оқыту барысында қалыптасады.

Бұл курс «Психология», «Педагогика», «Информатика», «Программалау» тәрізді пәндерді оқу үрдісінде меңгерген студенттердің білімі, іскерлігі мен дағдыларына негізделеді.

Курста мектептегі информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі, оның қазіргі жағдайы мен даму болашағы, информатика ғылымының мектептегі оқу пәні ретінде оқытылуы туралы мәселелер қарастырылады. Бағдарламада білім беру стандартының мақсаты мен қызметі, информатиканы оқытуды ұйымдастыру мен жоспарлауда олардың пайдаланылуы ашылып көрсетілген.

Пәнді оқытудың негізгі мақсаты:

Болашақ информатика мұғалімдерінің әдістемелік даярлау, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесіне үйрету, оқытудың ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалана білу дағдысын меңгеру, оқушылардың қабілетін ашу және дамыту.

Пән мектепте жалпы білім берудің әртүрлі сатысында информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласы бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби (теориялық және практикалық) даярлығын қалыптастыруға бағытталған.

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

Студенттерде информатиканы оқыту әдістемесінің негізгі қалыптасу кезеңдері, құрылымы, негізгі категориялары, ұғымдары мен әдістері, информатика мұғалімдерін кәсіби даярлаудағы информатиканы оқыту әдістемесінің орны мен рөлі туралы біртұтас болжамды қалыптастыру; бастауыш мектептегі пропедевтикалық, негізгі мектептегі базалық курсты және жоғары буындағы кәсіби курстарды тиімді оқытуға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру.