- •Философия
- •Жауаптары
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.
- •2.Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз.
- •3.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Конфуцийдің әлеуметтік - адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.
- •5.Орта ғасырлық христиан философиясының "болмыс" ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз (а. Аврелий, Фома Аквинский).
- •6.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •7.Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз.
- •8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының "антропоцентризм" және "пантеизм" ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз (л. Д. Винчи, н. Кузанский, г. Галилей т.Б.).
- •9.Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндірініз (Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар).
- •10.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
- •11.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.
- •12.Философияда қарастырылатын негізгі мәселелер қандай.
- •13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.
- •14.Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз.
- •17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.
- •18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін саластырма түрінде беріңіз.
- •20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.
- •21.Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •22.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).
- •23.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •24.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
- •25.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
- •26.Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •27.Жаңа Заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •28.Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •29.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •30.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •31.Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •32.Қазақ зиялыларының (а. Байтұрсынов, м. Дулатов, с. Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы ролін атаңыз.
- •33.Шәкәрімнін философиялық – діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.
- •34.Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •35.Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
- •36.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •37.В.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •38.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •39.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Конт, э. Мах, к. Поппер).
- •40.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (ч. Пирс, у. Джемс, Леви-Стросс).
- •41.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м. Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камю, г.Г. Гадамер).
- •42.Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы " өркениет" ұғымына анықтама беріңіз (н.Данилевский, о.Шпенглер, а.Тойнби).
- •43.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз.
- •44.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •45.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сиппатама берініз.
- •46.Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып берініз.
- •47.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы,оның рухани- адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •48.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
- •49.Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талдаңыз.
- •50.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
29.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
Декарт Рене (1596-1650 жж.) философияның, физиканың, математиканың және физиологияның дамуына үлкен әсер етті. Ол – дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік - рационалистік таным әдісінің негізін қалады. Геом-лық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, рефлекс идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және дамуы), физика және физиологияда Декарт – материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму заңдылықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол– идеалист: «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» - деген қағидаға сүйенеді.Декарт болмыс проблемасын зерттеу барысында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға тырысады, оны субстанция деп атайды. Субстанция–ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс формалары біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Ең жоғарғы субстанция – Құдай, ал жаратылған субстанциялар оның туындысы, яғни екіншілер және оған тәуелді. Материалдық (заттар) субстанциясының қасиеттері:Негізгі қасиеті - ұзындығы. Ол материалдық субстанцияларға тән жалпы белгі, кеңістікке көсілуі (ені, биіктігі, тереңдігі, т.б) және шексіз бөлінуі.Модустар (лат modus-өлшем, тәсіл)–түпнегізден, субстанциядан туындайтын қасиет. Кеңістікте - форма, қозғалыс, тұратын орын. Декарттың көзқарасы бойынша, фил-ның «негізгі мәселесінің» шешілуіне байланысты не бірінші - материя ма, сана ма деген пікір таласының жөні жоқ. Олар әр уақытта бірге өмір сүреді және біртұтас болмыстың әртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік ілім.Декарт ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық ойлаумен заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп тануға болады дейді. «Туа біткен идея» түсінігінде Құдай, сан мен фигура, дене құрылым, ұзындық және ырық идеясы жатады. Бұл теорияның мәні: көптеген білімге дедукция арқылы жетеміз және білімнің ерекше түрі бар, ол қандай да болсын дәлелдеуді керек етпейді. Берілген білім бастан-ақ ақиқат, ең айқын және анық болады.
Бенедикт (Барух) (1632-1677жж.) Спиноза ауқатты еврей отбасында, Амстердам қаласында дүниеге келді. Декарттың шәкірті ретінде, рационалистік бағытты ұстанды. Ол өзінің философиясында одан көптеген ұғымды, әсіресе, екі бастаманы - ойлау мен ұзындық ілімін алды. Декарттан Спинозаныңерекшелігі─ заттардың табиғатында екі субстанцияның жоқтығын көрсетуі. Спиноза фил-ның түп негізгі - субстанция, оны Құдай, жиі-жиі Табиғат деп атайды. Субстанция, Құдай, Табиғат ─ өзара ауысып отыратын түсінік. Субстанцияда екі атрибут бар: ойлау және ұзындық. Ал оның қасиеттері: 1) тіршілік етеді, 2) дербес, тәуелді емес, 3) уақыт пен кеңістікте шексіз, 4) мәңгі. Спинозаның философиясында этика ілімі орталық мәселеболып есептеледі. Оның «Бостандық - танылған қажеттілік» деген формуласы кейін марксизмнің бостандық түсінігінің негізі болды. Бірақ, Спинозаның бостандық туралы ілімнің жағымсыз жағы, оның айтарлықтай фаталистік болуы. Адам өмірі тағдырға байланысты, оны адам мойындауы керек және оған күрессіз көнуі тиіс. Адам еркін, бірақ өлім туралы көп ойламайды, оның даналығы да өлім туралы емес, өмір туралы ой толғануы. Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!»
