Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_okonchatelnye_otvety.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.17 Кб
Скачать

16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз.

Философия тарихында объективтік идеализмнің негізін қалаған ұлы Платон болды. Оның ойынша, тек рухани болмыс – шынайы болмыс, ал сезімдік дүние оның бұлдыр, жетілмеген, өтпелі көлеңкесі ғана. Бұл ойын Платон былайша дәлелдейді. Дүние жөнінде адамдардың әр-түрлі пікірі бар, оларды тек қана білім арқылы тексеруге болады. Білім ақиқатқа әкеледі, соңғының көрінісі - ұғымда жатыр. Егер сезімдік таным үне бойы өзгерістегі сезімдік-заттық дүниені бейнелесе, ұғым өзінің тұрақтылығымен сипатталады. Ал олай болса оған сәйкес өзгермейтін, жетілген, кемеліне келген эйдос әлемі бар. Ұғым арқылы біз заттың терең мәнін ашамыз. Олай болса, ұғым мен сезімдік танымды бір-бірімен салыстырсақ - олар болмыс пен елес секілді.Оның ойынша, адам - қайшылықты пәнде. Оның денесімен қатар жан-дүниесі бар. Дене – сезімдік әлемге жатса, жанның Отаны – идеялар әлемі, сондықтан, ол –мәңгілік.Платонның философия саласында жасаған төңкерісі – оның идея әлемін ашқаны. Платонның көзқарасы бойынша, заттардың әсемдігі - әсемдік идеясында жатыр. Оның қайнар көзі – “Идеялар әлемінде². Сонымен, сезімдік әлемнен басқа тұрақты, мәңгілік қозғалмайтын, кемеліне келген басқа әлем – идеялар әлемі бар екен. Егер бұл әлемдегі заттар сезім арқылы танылса, онда ақыл-оймен танылатын ұғымдарға идея әлемі сәйкес келуі керек. Олай болса, идеялар – ой емес, ойдың зерттейтін пәні, ол – шынайы болмыс. Идея заттардың терең мәнін құрайды, оның бітімін қалыптастырады, сол себептен оны Дүниеге әкеледі, оның “парадигмасын² құрайды Ал идеялар әлемі бар болса, ол қай жерде екен деген сұрақ заңды түрде пайда болады. Оның орнын Платон “Гиперуранияда – ол аспаннан да жоғары орналасқан², - дейді. Олай болса, ол материалдық әлемнен басқа, оны тек ақыл-оймен ғана түсінуге болады.

17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.

Аристотель қоғам туралы маңызды идеялар  айтқан болатын. Ол,  қоғамды  әлеуметтік инстинктерді қанағаттандыру мақсатында бірлестікте болатын жеке индивидтердің  жиынтығы деп білді. Адам туралы ілімінде оның  рухани мен өнегелік қасиеттерін атап көрсетіп, қоғамды болмыстын әлеуметтік және саяси түп негізі деп таныды.  Аристотель адамды - қоғами жануар деген болатын. Ол да адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені, ол басқа адамдармен бірігіп қана өзінің сан-алуан қажеттіктерін өтей алады, яғни, қоғамның шеңберінде ғана өмір сүре алады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы жазалаудың ең қатаң түрі – адамды остракизмдеу, яғни рудың шеңберінен шығарып тастау болатын-ды. Жалғыз қалған адам әрі қарай өмір сүре алмай жыртқыштарға жем болады. Аристотельдің айтуынша, әділеттілік бір жағынан адамдарды теңеу арқылы, ал екінші жағынан игіліктерді әр адамның, қоғамдағы алатын орны арқылы бөлу керектігінен шығарады.Әділеттік мәселесі бізді мемлекетке тікелей жеткізеді. Аристотель адамды “zoon polіtіcon² – саяси жануар ретінде анықтайды, өйткені, адам жануарлар сияқты жалғыздан жалғыз өмір сүре алмайды. Мемлекет, сондықтан, адамдардың бірігіп өмір сүруінің жолында пайда болған қажетті құбылыс. Аристотель мемлекет мәселесін жеке меншікпен және еріктілікпен ұштастырады, құлдар – мемлекеттің азаматы бола алмайды.Егер Платон жеке меншік жойылу керек,- деген болса, Аристотель, керісінше, оның қажеттігін көрсетеді. Жеке меншіктің көп пайдалығын айтпағанның өзінде-ақ, дейді ойшыл, бір нәрсенің иесі болу адамға түсінбейтін ләззат сезімін әкеледі. Сонымен қатар, байлықтың иесі мырза болып қарапайым халыққа, кем-тарларға көмектесіп, оларды қолдап отыруы қажет, басқа жағдайда қоғам тұрақтылығынан айырылып қалып, мемлекетке қауып төнуі мүмкін. Соңғы мәселеге көп көңіл бөліп, ойшыл ел тұрақты болуы үшін оның негізгі халқы орта дәрежеде өмір сүруі керектігін айтады. ХХ ғасырда әлеуметтік философияда бұл “орта таптың теориясына² айналды. Аристотельше ойласақ, бүгінгі таңдағы біздің қоғамның құрылымындағы орта топтың әлсіздігі, кедейлер мен байлардың айырмашылығының шеттен шығуы қоғамның тұрақтылығына теріс әсерін тигізіп жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]