Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_okonchatelnye_otvety.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.17 Кб
Скачать

12.Философияда қарастырылатын негізгі мәселелер қандай.

философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралыілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді.

Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны.

Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың ара қатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.

бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не - идея, рух па әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.

екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле ала ма әлде танып-біле алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.

Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.

Онтологиялық сұрақ - дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рух па деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология - дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды.

Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.

Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.

13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.

Біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықтың II жартысындағы ежелгі үндінің философиялық дәстүрлері мен мектептері ведикалық мәдениет түрінде қалыптасты. Ведалар (білім деген маңынада) діни-философия түрінде кездеседі. Жаңа индуизм дәуірі басында құндылықтардың қайта бағалануы, көптеген Үнді тұрғындары этностық топтарының өзге де мәдениеттер қатарын өзіне жинақтаған. Бұл синтетикалық діннің теологиялық негізі ортодоксальды (астика) және ортодоксальды емес (настика) үнді философия мектептерінде діни-философиялық жүйеде пайда болды. Қазіргі үнді тілінде «астика» және «настика», «теист» және «атеист» деген мағынаны білдіреді. Дегенмен, санскритпен жазылған философиялық әдебиеттерде «астика» сөзімен «кім Веда белсенділігіне сенеді», немесе «кім өлімнен кейін өмірге сенеді» деген мағынаны береді. Ортодоксальды мектептер тәртіпке сай жұппен көрсетілген: санкхья/йога, миманса/веданта және ньяя/вайшешика. Ортодоксальды емес мектептерге буддизм, джайнизм, чарвака (локаята) жатады.

Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер

Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді.

Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады.

Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету.

Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді.

Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.

Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.

Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді.

Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті.

Чарвака мектебі (локаята) өзінің материалистік көзқарастарында анағұрлым өз жолын ұстаушы. Бұл оқу өз бастауын көне дана Локидің ұлы, Құдайлар оқытушысы Брихаспатиден алады. «Чарвака» сөзінің өзі үнділердің бірнеше ұрпақтары үшін қарсы пікірді тудырды; чарвактарды түсінбегендік емес, оларды ешкім жақсы көрмеді. Оларды үнді жерінде басқа материалистік оқудың өкілдері Веда таныған құбылыстарды қабылдамағандары үшін «настиктер» (қарама-қарсылар) деп атады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]